127
5. Қосанов Б.М., Сағымбекова П. Тлеубаева Э.Ы.,
Математика курсындағы
шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. -Тараз
2014. -271 бет.
6. Сағымбекова П., Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы.
Бастауыш мектепте
математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы: практикалық және зертханалық
сабақтар.-Тараз, 2010.- 230 бет.
7. Сағымбекова П., Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы. Бастауыш сынып оқушыларын есеп
шығаруға даярлау әдістемесі. -Тараз, 2016. -85 бет
8. Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы., Тортаева А.С. Бастауыш сыныптардың
математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың әдістемесі. Жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдеріне арналған. - Тараз, 2013. -329 бет
9. Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы., Тортаева А.С. Бастауыш мектепте математиканы
оқыту әдістемесі. –Тараз, 2016.-234 бет
Аннотация
Жеке тұлғаны үйлесімді дамытуда, олардың шығармашылық, белсенділік қабілеттері мен
ізденістерін жетілдіруде қызықты математика сабағының маңызы аса зор.
Аннотация
Уроки занимательной математики являются наиболее значимыми в развитии личности
учащихся и в совершенствовании их
творчества, активности, способностей и поиска.
Annotation
Lessons of interesting mathematics are the most significant moments in development of pupils‘
personality and in improvement of their creativity, activity, abilities and searching.
ӘОЖ:371.3
БОЛАШАҚ МҦҒАЛІМДЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ҦТЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сарыбекова Қ.Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі таңда білім беруші педагог оқу үрдісінде оқытудың дәстүрлі әдістерінен,
мультимедиялық құрылғыларды пайдаланатын, жаңа интерактивті әдістерге кӛшуге тиіс. Ол
үшін әр педагог ӛз біліктіліктерін кӛтеруге міндетті. Заманымызға сай қазіргі қоғамды
ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны
қолдану саласы бойынша кӛтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйеснің басты міндеттерінің бірі –
білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп кӛрсетілген[1,5 б.].
Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ақпараттық технологиялардың әдістерінтиімді қолданудың
жолдары Елбасының «Жаңа әлемдегі–жаңа Қазақстан» жолдауында онлайн тәсілінде оқыту
тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп айтылған болатын[ 2,2 б.].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
кӛптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. Инновациялық-ақпараттық технологиялар
мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға ӛз үлесін қосады.
Мектепте оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы
пәндерді оқыту. Екіншісі - ӛмірді оқыту, ӛмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым.
Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда
нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің
құрамды бӛлігі, қайнар кӛзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын,
128
руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар
толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық
технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік
беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін кӛздейді.
Осы екі үрдістің ӛзара сапалы нәтижесінде оқушының ӛз ісіне сенімділігін, жауапкершілік
сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай
туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады [3,79б].
Инновациялық-ақпараттық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға
ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін
қалыптастыру және дамыту; баланың ӛз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың
танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр студентті оның қабілеті мен
мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы
негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай,
білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да ӛзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық
оқу орындарында оқытудың инновациялық-ақпараттық технологиялары қолданыла бастады.
Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынның
оқушыларының белсенділігін арттыру, ӛзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-
шығармашылық
қабілетін
дамыту
олардың
белсенділік-сенімділік
сапаларын
диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта ӛз ойын еркін
жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты кӛзқарастарының
болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, кӛрсеткіштерін анықтауға кӛмегін
тигізеді.
Кӛптеген ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, «болашақ мұғалімнің оқытудың
қазіргі ақпараттық технологияларын қолдануға даярлығы» ұғымын біз «мұғалімнің
ақпараттық технологияны ӛз іс-әрекетінде қолдана алуын қамтамасыз ететін педагогикалық
жеке тұлғалық қасиеті», - деп тұжырымдадық. Осыдан келіп, мұғалімдердің оқытудың
ақпараттық технологияларын қолдануға даярлығын қалыптастыру ынталық-қызығушылық,
мазмұндық, процессуалдық жєне бағалау компоненттерін біріктіретін тұтас интегративті
(кіріктірілген) қызмет болып табылады деген пікірге келдік.
Ынталық – қызығушылықкомпоненті мұғалімдердің қарастырып отырған мәселеге
эмоционалдық қатынасын, құндылық бағалау кӛзқарасын, ынта-ықыласын, талап - тілегі мен
сұранысын кӛрсетеді;
Мазмұндықкомпонент мұғалімдердің оқытудың ақпараттық технологиясы,оныңмән-
мазмұны, ерекшеліктері, қолданудың әдіс-тәсілдері, амалдары туралы теориялық білімінің
тереңдігі, тұрақтылығымен және педагогикалық талдау жолдарын теориялық жағынан
меңгеру деңгейімен сипатталады.
Процессуалдықкомпонент мұғалімнің ӛзі білетін ақпараттық технологияларын меңгеру
әрекеттерінің тиімділігі және бағыттылығы, оны жүзеге асыру білігі мен дағдысы және осы
мәселеде ӛзінің және ӛзгелердің дайындық дәрежесін бағалауымен анықталады;
Технологиялық мәдениетті қалыптастыру түрлі деңгейден және оны анықтайтын
кезеңнен тұрады. Біздің ойымызша, оқытудың қазіргі технологияларын қолдануға
дайындауды бағалау ӛлшемдері ынталық, мазмұндық және қарым-қатынас, іс-әрекет
қағидаларына негізделуі тиіс. Бұдан, болашақ мұғалімдердің оқытудың қазіргі
технологияларын қолдануға дайындығын бағалаудың тӛмендегі ӛлшемдері айқындалады:
а) жаңа процеске тұтас эмоционалдық қатынасы (оқытудың қазіргі технологиялары
туралы
білімінің тереңдігі, тұрақтылығы);
ә) педагогикалық процестің мәнісін түсініп, оқытудың қазіргі ақпараттық
технологияларының мазмұнын білуі;
б) оқытудың
қазіргі
технологияларын
меңгеру
әрекеттерінің
тиімділігін бағалап, педагогикалық талдау жолдарын меңгеру деңгейі (педагогикалық
технология элементтерін - жетекші идеясын,
тұжырымдамасын, нақты әдіс-тәсілдерін білу);