109
Егеменді дамудың алғашқы ширегінде күллі қазақстандықтарды, ел болашағының
іргетасы ретінде қаланған басты құндылықтарды санамалап кӛрсеткен Елбасымыз
Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі.
Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары,
рухы. Бұл - бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып
жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы.
Бұл оқыған, білімді, жан-жақты дамыған, ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастырған
ұлт ұрпағының қолында» деп, соған байланысты басты мәселені де баса атап ӛтті.
Елбасы ӛзінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың
ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты
экономикалық ӛсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы
қамтитын және үздіксіз ӛсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз,
ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны
мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей ӛту – ортақ парыз, абыройлы міндет! »деп,
ӛзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарды.
Осы орайда
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында
Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы-
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті
Жолдауындағы ұлттық идея "Мәңгілік Ел" стратегиясын насихаттау және де Елбасының
Жолдауына үн қосу мақсатында "Мәңгілік Ел" пәнінің оқу-әдістемесі дайындалды. Аталған
пән 2016-2017 оқу жылында оқу процесіне енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағы білім мен тәрбиені тең ұстаған, ұлтын шексіз
сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін жалынды жастарында десек, сол жас буынды
адамзат қоғамының игілігіне бағытталған рухани құндылықтардың қалыбында тәрбиелеудің
жаңашыл бағыт бағдарлары мен негізін жүйелеу міндеті заманауи үрдістермен тығыз
сабақтастықта болуы заңды. Біз жастардың санасына білімділіктің мәдениетке бастайтын
сара жол екенін, ғылым мен білімнің нәтижелері, нанатехнология - бәрі адамзаттың игілігі
мен байырқалы ӛмір сүруі үшін жасалатын құндылықтар екендігін жете ұғындыруымыз
қажет. Бәріміздің обьектіміз біреу-ақ, ол елін сүйетін, оның болашағының жарқын болуы
үшін еңбек ететін ұлтжанды ұрпақ, яғни ұлттық тұлға қалыптастыру. Бұл келелі мәселені
аксиологиялық тұрғыдан жан жақты сипатта қамту елеулі нәтижеге қол жеткізбек.
Жалпы белгілі бір қалыптар мен құндылықтар әрбір халықтың мәдени ӛріс шеңберінде
ӛзіндік
сипатымен
айқындалатын
болғандықтан,
бүкіл
адамзатқа
бірдей
тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Осыған орай қоғамдық
ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін
ортақ мақсаттардың болуы аса қажет. Осыған орай жастарды мүмкіндігінше жан-жақты
дамуға, спортпен, ӛнермен айналысуға, шет тілдерін молынан меңгеруге, отандық және
әлемдік рухани қазыналардың, әдебиеттің терең мұраларын жете танып-білуге, ұлтымыздың
рухани құндылықтарын барынша игеруге, имандылыққа, ӛнертапқыштыққа, жаңашылдыққа,
шығармашылыққа, салауатты ӛмір салтына бейімделуге баулу міндеттері алдымызда тұр.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің болашақта қандай
болатыны балаларымыздың бойына ӛзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей
байланысты. Ең алдымен біз қыздарымыздың тәрбиесіне кӛп кӛңіл бӛлуіміз керек. Олар -
болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары» -деп, отбасындағы қыздар тәрбиесіне
баса назар аударған болатын.
2013 жылы елімізде тұңғыш рет Елбасының Жарлығымен қыркүйектің 8-інде Отбасы
күні аталып ӛтілді. Бұдан кейін тұрақты түрде әр жылы қыркүйектің екінші жексенбісі
Отбасы күніне арналады. Ұлттық білім беру жүйесін отбасының білім беру үрдісіне
қатысуынсыз модернизациялау мүмкін емес. Бүгінгі таңда отбасының жас буынды
тәрбиелеуде әлеуметтік міндеті артып отыр. Себебі отбасы жеке тұлғаның қоғаммен
ӛзара әрекетттестігінің негізгі құралы болып табылады.
110
Ӛмірдегі бар ізгілік ана махаббатынан нәр алып, ананың аппақ ниетімен кӛктейтіні
белгілі. Ұрпақ тәрбиелеу арқылы ұлт тәрбиесіне айналған әйел-ананың, елдің кӛркі — ару
қыз-келіншектердің қоғамда алатын орны биік, мәртебесі асқақ екендігін қайталап айтсақ та
артық болмас. Қазақ – қай заманда да қыздарына айрықша құрмет кӛрсетіп, аналарын
ардақтай білген халық. Оларға тең дәрежеде қараған, кейбір елдердегідей әйел құқығына
шектеу қоймаған. Осылайша ғасырлар бойы мамыражай бейбіт күндермен қатар алмағайып
замандарда, небір қиын кездерде де ерлермен бірге ел жүгін кӛтеріскен қыз-келіншектердің
бүгінгі күні де атқарар істері аз емес. Қазақ қыздарының табиғатынан ержүрек, ӛжет келетіні
жӛнінде ӛзге елдің ӛкілдері де жақсы лебіздерін білдіріп отырған.
VIII ғасырдың басында қазақ даласында болған француз саяхатшысы Ф.де Рокка
«Женщина всегда играла большую роль у казахов» деген еңбегінде: «Все делает по дому, у
нее на все есть силы, отсюда независимость и закрытость ее характера. Она никогда не
закрывает лицо, как таджикские женщины. Мужья нежно назывют своих жен «карлыгаш,
Сарыкыз, Жибек», -деп жазса, француз зерттеушісі Ф.Анжинер қазақ әйелдері, олардың
қоғамдағы орны жӛнінде былай дейді: «Это очень активные люди, среди которых
чувствуешь себя в полный безопасности, женщины не закрывают лицо и не стесняются в
мужской среде, даже среди иностранцев ». Ал, шетел зиялысы Э.С. Вульфон: «Қыз –
жігіттернің ойын-сауықтарында емін-еркін араласуы жӛнінен қазақтар басқа мұсылман
халықтарынан ӛзгеше: әйелдері жүздерін жасырмайды, ерлерден тығылмайды.... қазақ
әйелдері еркектермен бірге атқа шауып, ән салып, кӛңіл кӛтеріп жүре береді және ӛз
адамдарын да, жат жерліктерді де жатырқамайды», - деп ӛз уақытында шынайы бағасын да
берген. Ежелден-ақ қазақ әйелдерінің ізеттілігі мен ақылдылығы, ӛжеттілігі мен
тапқырлығы, ерлігі еуропалық ғалымдардың ӛзін бей-жай қалдырмағаны байқалады.
Тарихшы, этнограф ғалым Лев Гумилев: «Кӛне түріктер» деген еңбегінде: «Түріктер
әйелдерді сал-серідей қатты құрметтейді. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім
еткен. Содан барып әкесіне сәлем берген», -деген сӛзі дала қазақтарының қыздары мен
анасын ардақтап, әйелді сыйлай білетін халық екендігін ескертсе, орыс ғалымы Г.Потанин
қазақ қыздарының саусақтарынан ӛнері тамған шетінен шебер, іскер, еңбекқор екендігі
жӛнінде сүйсіне жазады. Осынау тарихи құжаттардың бәрі әлем жұртшылығының қазақ
қыздарына, әсіресе, олардың еркіндігі мен ерлігіне, ӛжеттілігіне қайран қалатындарын куә
етеді. Айталық, кӛне түркі құндылықтар бұғауға сыймайтын, ертеден еркіндікте ӛскен ӛжет
ұлттың ұлы ұстанымы. Ұлтын сүйген халық қана ұлы істер атқаратына мән берсек, ірі жеңіс
те жан пидадан шығатынына кӛз жеткіземіз. Түркі жұртын татулыққа, бірлікке, теңдікке,
тәуелсіздікке талпындырған еркіндік территориялық тұтасуға от болып ұйысуына ұйытқы
болғаны белгілі.
Ӛйткені, тарихпен ұлт тәрбиеленеді. Түзу тарихпен тәрбиелеген тұлға бойында ӛзін де,
ӛзгелерді де қадірлей білетін тектіліктің деңгейі қалыптасады. Айталық, Қазақстанда 1937-38
жылдары жүргізілген жаппай репрессиялау саясаты кезінде Алаш қозғалысының
басшыларын жазалау шаралары барысында қазақ зиялыларының дені жауапқа тартылып,
олардың басым бӛлігі құрбан болды. Осы жылдары қуғын-сүргін кӛрген халқымыздың аяулы
қыздары да болды. Ақмола қаласының қасында орналасқан сол кездегі ресми түрде ГУЛАГ-
тың 26-шы нүктесі деп аталған АЛЖИР-де бас бостандығынан айырылған әзиз аналар
тағдырдың тауқіметін тартты. Олар С.Қожановтың жары Күләнда Қожанова, Т.Жүргеновтың
зайыбы Дәмеш Жүргенова, С.Сейфуллинің ӛмірлік жолдасы Гүлбахрам, Қ.Сармолдаевтың
әйелі Майнұр Сармолдаева, Б.Майлинның әйелі Күнжамал Майлина, Т.Рысқұловтың жары
Әзиза Рысқұлова, Шахзада Шоманова т.б. қуғын-сүргіннің қасіретін бірге тартты. Сондай-ақ,
кӛне дәуірден жалғасқан осынау ұлы ерліктің дәстүрі Ұлы Отан соғысында да қатты
байқалып, қазақ қыздары керемет қайсарлықтың үлгісін кӛрсеткені белгілі. Осы соғыста
Орта Азия елдерінің ішінен Кеңес Одағының Батыры атағын алған да қазақ қыздары Әлия
Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болатын. Олардың есімдері тек Қазақстан ғана емес,
кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |