6
1918 жылы М. Дулатов «Абай» журналында: «Жаяулатып, күйсіз Қытай жеріне
жеткенде қар жауды, қыс түсті. Онда жан ашитын адам таба алмай, қарабасты. Аштан ӛліп
бара жатқан соң, қалмақ пен қытай қазақтардың әйелдерін қатындап кетті. Баланың құны бір
шелек бидайға шықты. Аш-жалаңаш, ауызға не түссе соны жеп, қайда болса сонда жатып,
неше түрлі дертке ұрынып, тағы қырылды. Бақытсыз сорлылардың мұң-зарын, кӛз жасын
естір құлақ, кӛрер кӛз болмады. Туған жер, ӛскен ел, кешегі бастан ӛткен қызық кӛзден
бұлбұл ұшты. Мыңды айдап, жүзді сапырып, шалқыған байлар бір үзім нанға зар болды.
Әлдилеп ӛсірген балалары телміріп, кӛрінгенін кӛзіне қарап, мойнына мӛр басылды. Бай-
кедей, жас-кәрі, жақсы-жаман айырмасыз қалды. Бәрі бірдей мұңды болып, кӛздері жасқа
толды», – деп жазады.
Генерал- губернатор
Курапаткиннің «қашып кеткен қазақтардың жері қазынаның жері
болсын» деген бұйрығы бар. Шекара асқандар кӛп ұзамай қайтып келе бастайды. Қайтып
келіп тұрайын десе, жері жоқ. Орыстар тағы да қарумен күтіп алған. Генерал- губернатор
Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан ӛлкесінде 1917 ж 1 ақпанына дейін ӛлім
жазасына 347 адам, каторглық жұмыстарға 168, түрмеде тұтқындалуына 129 адам кесілді. Ал
оның сыртында сотсыз және тергеусіз атылып, жазалаушылар мен қоныс аударған селолар
тұрғындарынан жасақталған отрядтардың қолдарынан қазақ тапқандары тағы бар.
1917 жыл
құрғақшылық және ашаршылықпен басталады. Сол ашаршылық 1919 жылға дейін созылады.
Жалпы осы жылдары 1,5 миллион адам аштықтан ӛлген.
Қайтып келген қазақтардың ресми дерегі бойынша, 83 мың адам қырылған. Патша
үкіметі құлағанда, қазақтардың бәрі кӛшіп келмеген. Балалары сатылып кеткендер қалып
қойған. Олар кейін Кеңес үкіметіне: «Сіздер, біздің балаларымызды кері сатып алып
берсеңіздер, біз кӛшіп келеміз», – деген талап қойған. Оған үкіметте ақша болмады. Тек 1921
жылы Тұрар Рысқұлов, сатылған балаларды кері қайтаруға ақша бӛледі. 1916 жылы кӛшіп
кеткен қазақтардың соңы, 1927 жылдары қайтып келді деген ресми деректер
бар. Қорытындылай келе, ӛткен тарихты зерделей отырып, ӛскелең ұрпақ ӛткен тарихтан
сабақ алуға міндетті. Бүгінгі таңдағы жеткен жетістіктер, ата-бабалардың сан ғасыр бойы
жүргізген күресінің нәтижесі. Ұрпағымыз тәуелсіздік жолында жан қиған ата-баба рухынан
қанаттанып, кӛкірегі ояу, қадамы нық азамат болады деп үміт етеміз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Кауфман А.А. К вопросу о русской колонизации Туркестанского края. –С-Петербург:
«Типография В.Д.Киршбаума», 1903 г. //Отчет Члена Ученого Комитета М-ва З. и Г.И.
А.А.Кауфмана по командировке летом 1903 года. – 205 с.
2. Галузо П.Г. Туркестан-колония. (Очерк истории колониальной политики русского
царизма в Средней Азии) – Москва: Изд. Коммунистического Университета трудящихся
Востока им. И.В.Сталина, 1929. – 227 с.
3. Скрыплев П.А. Материалы по обследованию переселенческого хозяйства в
Туркестанском крае. –Ташкент: «Типо-литография В.Н Ильина», 1909. − 304с.
4. Гейер И.И. Туркестан. Изд. второе испр. и дополн. –Ташкент : «Изд. Криснера», 1909. –
124 с.
5. Пален К.К. Отчет по ревизии Туркестанского края,. Всеподданнейшая записка,
содержащая главнейшие выводы отчета пройзведенной в 1908-1909 гг., по высочайшему
повелению сенатором гофмейстером, графом К.К. Паленом ревизии Туркестанского края. –
СПб., 1910. − 353 с.
6. Фонд №1, офис №1, іс №1468 «Дело о беспорядка среди казахов Кустанайского Уезда»
7. Фонд №370, тізім №1, іс №3575
9. Скрыплев П.А. Материалы по обследованию переселенческого хозяйства в
Туркестанском крае. –Ташкент: «Типо-литография В.Н Ильина», 1909. − 304с.
7
Аннотация
Мақалада 1916 жылғы кӛтерілістің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны мен рӛлі қарастырылған. 2016
жылы 100 жыл толып отырған 1916 жылғы кӛтеріліс тарихының себеп-салдары мен тарихи маңызын
зерделеу, ӛсіп келе жатқан ұрпаққа ӛнеге болары анық. Бүгінгі таңда ел тәуелсіздігі нығайту және
сақтап қалу ұрпақ еншісінде. Олай болса, ӛткен тарих беттеріндегі ата-бабаларымыздың бастан
ӛткерген қилы замандары, ұрпағымыздың ұлттық рухын кӛтеріп, рухани байлығын арттырады.
Аннотация
В статье рассматриваются место и роль восстания 1916 года в воспитании подрастающего
поколения. История и значение восстания, которому исполнилось в 2016 г. 100 лет – является для
подрастающего поколения примером. На сегодняшний день сохранение и укрепление независимости
страны, на счету поколения. Таким образом, знания истории сложного периода перенесшие наши предки,
помогает поднять национальный дух поколений и повышает их духовное богатство.
Annotation
In the article a place and role of revolt are examined 1916 year in education of rising generation. History
and value of revolt was in that 2016 100 - is for a rising generation an example. To date maintenance and
strengthening of independence of country, on the account of generation. Thus, knowledge of history of difficult
period carrying our ancestors, helps to heave up the national spirit of generations and promotes their spiritual
wealth.
ӘОЖ 32:001.895 Ж 91
САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жҥнісова Ж.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Саяси технологиялар – нақты субьектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде
мақсаттары мен міндеттерін оптималды және тиімді жүзеге асыруға бағытталаған, бірінен
соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси
технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс тәсілдерінің жиынтығы ретінде
мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп ғана қоймайды, ол іс-әрекеттің кезектілігін бекітіп,
соған сай субьектінің мінез-құлық алгоритмін дайындайды.
Саяси маркетинг (ағылшынның market – базар, нарық деген сӛзінен) – саясат
субьектілеріне, әлеуметтік, таптық, этникалық, кәсіби, аймақтық қауымдастыққа ықпал ету
құралдары
мен
тәсілдерінің
жүйесі;
азаматтардың
(сайлаушылардың)
саяси
мұқтаждықтарына, саяси нарық талаптары мен ұстанымдарына бағытталған саяси қызметті
басқару және ұйымдастыру механизмі.
Саяси қайраткерлер, билік сатыларына сайлануға үміткерлер, харизматикалық
жетекшілер ӛздерінің бағдарламаларымен, ұстанымдары арқылы жеке, топтық және
қоғамдық саяси мүдделерді жүзеге асыру үрдісін ықшамдайды. Бұл жағдайда маркетинг
мақсаты – қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін азаматтарга саяси қайраткердің жағымды
бейнесін қалыатастыру. Саяси институттар (партиялар, кәсіподақтар, т.б.) маркетингі де
қолданылады, оның мақсаты азаматтардың сеніміне кіру, олардың сүйіспеншілігін оятуға
жоспарлы түрде ықпал ету. Яғни, саяси идеяларды, бағдарламаларда оларға «қажетті затқа»
айналдыру.
Саяси маркетинг жүргізу тұжырымы, стратегиясы мен тактикасы жалпы және аймақтық
жағдайға, азаматтардың талабына, олардың қандай әлеуметтік және қоғамдық топ ӛкілі
екендігі негізінде қаланады.
Саяси жарнама – саяси имиджді қалыптастырудың маңызды тәсілі мен дербес бағыты.
Саяси жарнама мақсаты адамға саяси партия тұғырнамасын, үміткер бейнесін немесе басқа
саясат субьектісінің мәнін қысқа және эмоциялық тұрғыдан ашу, оны жеткізу және оған
Достарыңызбен бөлісу: |