8
позитивті қатынасты қалыптастырумен қатар, оны қолдануға бағытталған шынайы іс-
әрекеттерге итермелеу.
Жарнама технологиялары сан-алуан. Олардың былай жіктеумізге болады: жарнаманың
аудио және видео тәсілдері, жарнамалық ақпараттың баспалық түрі, жарнамалық
ескерткіштерді тарату, сыртта жарнама ілу, жарнамалық хабарлар беру.
Пиар – технологиялар PR- технологиялар ұйым мен қоғамның арасындағы ӛзара
түсіністік пен ӛзара байланысты орнатып, тұрақтылығын сақтап отыруға, қоғмдық пікірді
зерттеуге, оның даму ерекшеліктерін болжап, оған ілтипатпен жауап қайыруға, басшылыққа
уақыт талабына сай болуға және ұйымның, оның қызметінің, даму бағытының жағымды
бейнесін қалыптастыруға бағытталған басқарудың ерекше қызметі түсініледі [1].
XX ғ. ортасынан PR – технологиялар әртүрлі салаларда – саяси кампанияларды
жүргізуден ӛз халқының арасында, қала берді халықаралық деңгейде мемлекеттің имиджін
қалыптастырып, кӛтеруге дейінгі аралықта қолданыла бастады. Экономиканың жаhандануы
жағдайында елдің жағымды имиджін қалыптастыру экономикалық әріптестік пен
экономикалық жағдайдың жақсаруына тікелей әсер етеді, ӛйткені, мемлекетке және оның
агенттеріне сенімнің артуына және халықаралық қарыз-несие саласында елеулі жеңілдіктер
алуға септігін тигізді. Сонымен қатар, PR – технологиялар әртүрлі елдермен ӛз құндылықтар
жүйесі мен әлемдік қауымдастық саласында ықпалын (мәдени және экономикалық)
арттыруда белсенді түрде қолданыла бастады.
PR- технологиялардың түрлері. Ғаламдық PR- кампаниялар жүргізу үшін сын тезінен
ӛткен дәстүрлі PR – технологиялар қолданылады: үгіт-насихат;промоушн (promotion)- талап
етілген бағытта қоғамдық пікір қалыптастыру; паблисити (publicity)- сәйкес БАҚ-да
жағымды ақпараттың пайда болуына жағдай жасау, жұртшылықты хабарландыру (public
information), медиарилейшн (media relation)- саяси іс-әрекетті ақпараттық сүйемелдеу; басын
айналдыру (brainwash-ing) – әсер етудің қарқынды түрлері; сыбыс тарату; Дағдарысты
технологиялар – кейн шегінер жолды алдын-ала ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды
әдейі ойдан шығару. Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде
және ақпаратты қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай
туады. Кӛптеген кӛзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың қозғалмалылығы
артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады, нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін
енгізу оңайға түседі.
Символдық перфоманстарды қалыптастыру- ғаламдық ауқымды ұйымдастырылатын
(мыс, жаhандануға қарсылар, жасылдар және т.б.) бұқаралық шерулер сонымен қатар халық
алдында мәлімдеме жасау, спорт жарыстары.
Аудиторияны жіктеу (сегменттеу) – PR – технологиялардың әртүрлі елдер тобына
немесе халық жіктерінің діни, мәдени,білім,мүліктік,құндылықты бағдарларын есепке ала
отырып, мақсатты бағыттарын анықтау.
Спин-докторинг (spin-doctoring)- ақпараттық кеңістікте басқару технологиясы,
ақпараттық кеңістікті қайта кодтау және ақпараттық кеңістік арқылы әлеуметтік,
экономикалық, саяси және кеңістікке ену, сондай-ақ, дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта
қалпына келтіру.
Ғаламдық деңгейде әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық
БАҚ-ты пайдалану және дамыту.
PR технологияларын, яғни, интернет- PR-технологияларын пайдалану: веб-
сайттар,антисайттар, электронды таратылымдар, жағымсыз ақпаратты интернет арқылы
тарату, БАҚ-та аты-жӛні жоқ интернет-басылымға сілтеме жасап, жалған немесе жағымсыз
ақпарат тарату және т.б. [2].
Саяси консалтинг – қаржы жинау, қоғамдық пікірді зерттеу, тікелей жарама,бұқаралық
ақпарат құралдары бойынша кеңес берушілер, соның ішінде теледидардағы жарнама мен
имиджмейкер қызметі, қоғаммен байланыс орнату туралы кеңес берушілер, стратегияны
ұйымдастырушылар саласындағы мамандар. Сайлау кампаниялары кезінде әртүрлі саяси
ұйымдар мен кӛшбасшылар саяси консалтинг саласындағы мамандарды жалдайды.
9
Саяси кеңес беру- саяси психологияның қолданбалы саясат пен әлеуметтану
қиылысындағы қолданбалы саласы,жеке саясаткерге,партияға, саяси ұйымдарға саясатты
қызмет ретінде тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті кӛмек беру. Бұл кӛмектің ауқымы мен
сипаты шынайы саясат субьектісінің психологиялық дайындығынан, оны бағалауы мен
қабылдауымен байланысты. Саяси кеңес беру саяси қызмет кӛрсетудің бір түрі. Сондықтан
оның сипаты тапсырыс берушіден анықталады. Осыған байланысты саясаткер мен саяси
кеңес беруші арасындағы қарым қатынас субьективті, жеке және қайталанбайтын сипатта
болып келеді. Тарихта саясаткердің ӛзінің басымдықтарын кӛмекшілері мен кеңес
берушілеріне берген жағдайлары кездеседі. Сонымен бірге, тіптен қарама-қарсы
саясаткердің саяси кеңес берушілерінің болмау жағдайы да болуы мүмкін.
Саяси кеңес беру технологилық тұрғыдан келер болсақ, ол саясаткер қызметін
жоспарлаудан, стратегиялық және тактикалық мақсаттарды, оларды жүзеге асыру
құралдарын анықтаудан, одақтастары мен қарсыластарына қатысты мінез-құлық линиясы
мен тактикасын қалыптастырады, жұмыс жасау әдістерін, оң имиджін жасауға және БАҚ
кӛрсетуден тұрады. Саяси кеңес берудің ерекше саласы – сайлау науқанын ұйымдастыру мен
ӛткізудегі саяси-психологиялық кӛмек.
Саяси кеңес берумен саясаи, оның технологиясы мен ішкі механизмдері туралы қажетті
білімі бар кәсіби-аналитик айналысады. Ең басты функциясы саясаткерді ойлауды қажет
ететін шешімдерді жылдам қабылдаудан құтқару. Саясаткерге әр кезде уақыт жетпейді, ол
шешімді тез қабылдауы тиіс. Яғни, аналитикалық жұмысқа уақыты жоқ. Аналитик
қызметінің саласы тіптен басқа. Егер саясаткер митингілер, мәжіліс залдарында қызмет
жасаса, ал аналитиктің жұмыс орны – кабинет. Сондықтан саясаткер мен аналитик ӛз жұмыс
салаларын дәл ажыратуы керек.
Саясаткер мен аналитик арасындағы қарым-қатынастың екі түрін кӛрсетуге болады:
бірінші жағдайда, саяси кеңес беру саясаткер қойған сұрақтарға жауап беру, кеңес беру
тізбелерінен тұрады; екінші жағдайда, кеңес беруші сұрақтар мен жағдайларды ӛзі анықтай
алады. Бірақ кеңес берушінің белсенділігі ауқымы бойынша да, сапасы бойынша да қатаң
шектеулі болуы тиіс.
Саяси болжамдау (грек тілінде prognosis – алдын-ала кӛру) – саяси құбылыстардың
даму болашағын анықтау мақсатында құбылыстар мен саясат үрдістерді ғылыми зерттеу.
Мұндай зерттеулер саяси талдау әдістемесіне негізделеді. Ол саяси тәжірибедегі табыстар
мүмкіндігі мен мінез-құлық стратегиясын бағалау нақты нәтижелерге алып келеді. Бірақ
саяси болжамдаудың негізгі мәселесі зерттеушінің саяси даму мүмкіндігін алдын ала болжау,
кӛре алу. Алғашқы талап-тілек пен олардың нәтижелерін жүзеге асыруда сәйкессіздік болуы
мүмкін.
Саясатта тұрақсыз үрдістер жиі кездеседі. Кездейсоқ, маңызды емес саяси оқиғалар
терең саяси сілкіністерге әкелуі мүмкін. Сондықтан саясатта сенімді болжамдау негізі алдын
ала ойластыру мен жоспарлау күтпеген жерден қайта кері, теріс әсер беруі де мүмкін. Саяси
болжамдау ерекшеліктері аналитиктерді зерттеу әдістемесін кеңейтуге итермелейді. Олар
әркезде дәстүрлі емес әдістерді, интуицияны, саяси мінез-құлықтың жеке және ұжымдық
тәжірибесін қолданулары керек. Бұл жағдайда саяси болжамдау қажетті ӛзгерістерге қол
жеткізу мақсатында саяси шындыққа арнайы ықпал ету әдістемесіне айналды.
Саяси коммуникация (латын тілінде communication хабар) – саяси субьектілердің
ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой, идеялармен, мәліметтермен бӛлісу негізіндегі
ӛзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір саяси мазмұнды бір санадан екінші санаға
белгілер, қандайда да бір материалдар кӛмегімен немесе виртуалды түрде беру; саяси
құрылым мен ондағы байланыстырушы функцияны орындауды білдіретін саяси үрдіс;
коммуникатордың саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың мінез-құлқы мен саяси
санасын ӛзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету.
Саяси коммуникация саяси субьектілердің ӛзара қарым қатынас үрдісіндегі жолдары,
құралдарымен
тәсідерін
білдіреді.
Саяси
коммуникация
жолдары
адамдардың
психологиялық қажеттілігі араласуға сүйене отырып, кез келген саяси жүйенің ӛзін ӛзі
Достарыңызбен бөлісу: |