Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет26/30
Дата06.02.2020
өлшемі2,05 Mb.
#28314
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

 

69 


тіркеледі.  Баланы  динамикалық  тексеру  –  оқыту  процесінде  оқушының 

даму  деңгейіне  таңдалған  оқытудың  түрі,  әдістері  мен  тәсілдердің 

сәйкестігін  анықтау,  баланың  даму  динамикасын  бақылап  отыру 

мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. 

Сонымен  бiрге,  баланы  динамикалық  зерттеу  баланың  пән  бойынша 

жеткен  жетістіктерімен  баланың  даму  нәтижесін  салыстыруды  көздейді. 

Баланың  оқу  дағдыларының  қалыптасқандығын  (ақпаратты  қабылдауы, 

оқу  қызметін  ұйымдастыра  алу,  өзін-өзі  бақылау)  тексереді.  Кезеңдік 

диагностика  –  бұл  диагностиканың  түрі  баламен  жүргізілген  түзете-

дамыту  жұмысының  баланың  оқу-танымдық  қызметіне  тигізген  әсерінің 

тиімділігін 

анықтауға 

мүмкіндік 

береді. 


Түзете-дамытудың 

бағдарламасының игеру  деңгейінің нәтижесін  бағалағанда баланың  білім-

білік  дағдылары  игеруге  қажет  танымдық  қабілетінің  қаншалықты 

қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде 

өз  бетімен  қаншалықты  қолдана  алатынына  көңіл  бөлінеді.  Ағымдық 

диагностика  –  бұл  диагностика  әртүрлі  мамандар  тарапынан  сұрау 

бойынша  жүргізіледі.  Бұл  диагностиканың  белгілі  бір  өткізу  уақыты 

болмайды.  Ол  жыл  бойына  сұрау  бойынша  жүргізіледі.  Баланы 

психологиялық-  педагогикалық  қолдаудағы  диагностикалық  бағыттың 

тағы  бір  негізгі  міндеттерінің  бірі  –  бастапқы  кезеңде  баланың  алда 

кездесетін  қиыншылықтары  мен  оқу  процесінде  бүгінгі  күні  бар 

қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.  

Диагностикалық  жұмыстың  негізгі  қағидалары:  жан-жақтылық, 

кешенділік,  жүйелілік,  тұтастық.  Аталған  қағидаларды  ескере  отырып,  әр 

психологиялық-  педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  маманы  өз 

бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.  

Мұғалім-  дефектолог,  психолог,  логопед  диагностиканы  12  бағыт 

бойынша жүргізеді: 

 - Сенсорлы-перцептивті жағдай; 

- Зейіні;  

- Есте сақтауы;  

- Ойлауы;  

- Сөйлеу ерекшеліктері;  

- Өзін-өзі бағалауы;  

- Ерік-жігері;  

- Психомоторлық жағдайы;  

- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;  

- Оқу біліктілігі;  

- Еңбек біліктілігі;  

- Коммуникативтілігі;  

Әр 

бағыт 


арнайы 

диагностикалық 

әдістермен 

тексеріліп, 

қорытындыланып  тиісінше  балл  қойылады.  Шығарылған  балға  сәйкес 

психологиялық-  педагогикалық  профиль  толтырылады.  Профиль  – 




 

70 


баланың  даму  деңгейін  көрсететін  құжат.  Профиль  баланың  қатер  даму 

зонасын анықтап береді.  

Әр  маман  баламен  жүргізілген  алғашқы  диагностикалық  тексеру 

бағыты  бойынша  өзінің  қорытындысын  ұсынады.  Консилиумда  баланың 

дамуының  мінездемесі,  оның  одан  әрі  дамуы,  балаға  түзете  дамыту 

бағдарламасын  құру  бойынша  мәселелері  қарастырылып  ортақ  шешімге 

келеді.  Тексерудiң  нәтижелерiн  талдау  баланың  одан  әрi  дамуының 

болжамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, 

түзете-дамыту  жұмысының  мазмұнын  анықтауға  мүмкіндік  береді. 

Диагностиканың  нәтижесі  баланың  тек  өзекті  даму  аймағының  даму 

деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап 

баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. 

II.  Түзете-дамыту  бағыты  бойынша:  Ақаудың  құрылымымен  оның 

айқындылық  дәрежесіне  байланысты  түзету  жұмысының  мазмұны 

анықталады.  Баламен  жүргізілген  диагностиканың  қорытындысы  түзете-

дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді:  

- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;  

- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;  

- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;  

-салыстыру,  талдау,  жинақтау,  қорытындылау,  жалпы  ойлау 

операцияларын 

қалыптастыру; 

зейіннің 



тұрақтылығын, 

зейін 


шоғырлануын дамыту;  

- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; 

 -  психомоторлық  дамуды  жүзеге  асыру  мен  сөйлеу  тілін,  сөздік 

қорын  арттыру.  Айқындалған  бағыттар  негізінде  балаға  түзете-дамыту 

бағдарламасы құрылады. Түзете-дамыту бағдарламасы баланың танымдық 

қабілеттерін  дамытуға,  баланың  дамуындағы  бос  орынды  толтыруға 

бағытталады. 

 Бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін  баланың  жеке  жас  ерекшеліктері, 

қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. 

Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді.  

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:  

-  педагогтармен  жеке  жұмыс  жүргізу;  -  баланың  жас,  жеке,  типтік 

ерекшеліктерін  ескере  отырып  ата-аналарға,  педагогтарға  бірқатар 

ұсыныстарды даярлау;  

-  балалардың  жеке  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  педагогтың 

оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;  

-  эксперименталды  топта  жұмыс  істейтін  педагогпен  жеке  кеңес 

жүргізу;  

- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;  

- ата-аналармен жұмыс:  

-  баламен  жүргізілген  жұмыстың  жалпы  қорытындысымен  ата-

аналарды таныстыру;  




 

71 


- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты 

ұсыныстар даярлау;  

- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы 

оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; 

психологиялық-педагогикалық 



қолдау 

көрсету 


қызметі 

мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.  

Ата-анамен  жұмыс  бұл  бағыттың  басты  міндетінің  бірі.  В.А. 

Сухомлинский  ата-анамен  жұмыстың  мазмұнын  ашып  көрсеткен 

ғалымдардың  бірі.  Ол:  «Тек  ата-аналармен  бірге  жалпы  күш  жігерді 

біріктіру  арқасында  педагогтар  балаларға  үлкен  адамдық  бақытты  беруі 

мүмкін»,  –  дейді.  Демек,  ата-ана  бала  тәрбиесінде  балаға  ықпал  етуші 

бірден-бір фактор.  

Сондықтан,  психикалық  дамуы  тежелген  баланы  психологиялық- 

педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, 

оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-

аналармен  жұмыстың  маңызы  ерекше.  Педагогикалық  процестiң  сапасын 

жоғарылатудың  тиiмдi  жолы  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсету қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына 

қатысу  мен  баланың  қалыптасуы  туралы  талқысы  және  зерттеу 

қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше 

қызметтерді  қоса  атқарады,  яғни  тәжiрибемен  алмасу,  бақылау,  өзiн-өзi 

бақылау, кеңес беру. 

IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты  

-  баланың  әлеуметтенуіне,  қоршаған  ортаға  бейімделуіне  жағдай 

жасау;  

-  баланы  шығармашылыққа  тарту;  -  баланы  мерекелік  іс-шараларға 

қатыстыру; 

 - баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;  

-  қоғамдық  ортада  өзін  еркін  сезінуге,  өзін-өзі  басқара  білуге,  өзі 

өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.  

Сонымен  қатар  баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсетуде 

әлеуметтік-бейімдеу 

бағыты 


балалардың, 

қоғамның 

толеранттылығын қалыптастыруды жүзеге асырады.  

V.  Әдістемелік-ұйымдастырушылық  бағыт:  Бұл  бағыттағы  жұмыс 

консилиумға  дайындық,  іс-шараларға  дайындық,  баланың  жеке 

құжаттарын  толтыруды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар  төмендегідей 

міндеттерді жүзеге асырады:  

-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау;  

-оқушыға портфолио құрастыру.  

Портфолио  –  бала  жеткен  жетістіктердің,  баланың  білім-білік 

дағдыларының,  баланың  жеке  өсуін  қадағалайтын,  бала  дамуының 

көрсеткіші.  Бүгінгі  күні  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  ортаға  кіріктіру, 

жалпы  білім  беру  процесіне  қосу,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 

құқығын  қамтамасыз  ету  маңызды  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Осы 




жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау