Нормативтік сілтемелер



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата04.02.2020
өлшемі0,85 Mb.
#28140
1   2   3   4   5   6   7

14 

 

МАК-ның  жұмысына  дейін  30  күннен  кешіктірілмей  кафедра 



меңгерушісінің өкімімен кафедраның тәжірибелі ПОҚ-ның арасынан комиссия 

құралады  (комиссияға  сонымен  қатар  МАК  мүшелері  де  енгізілуі  мүмкін), 

аталған  комиссия    бітіру  квалификациялық  жұмыстарын  (жобаларды) 

плагиаттың  бар-жоғына  тексереді.  Комиссямен  плагиатқа  тексеруді  жүргізу 

кезінде  келесі  критерийлер  назарға  алынады:  мәтінде  пайдаланылатын 

дереккөздерге  сілтемелердің  болуы,  пайдаланылған  әдебиеттің  көлемі, 

орындалған жұмыс мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкес келуі, қабылданған 

ережелерге  сәйкес  дәйексөздердің  көрсетілуі,  орындалған  жұмыстың 

бірегейлігінің деңгейі (%-бен).  

 

 



4.4.2 Бітіру квалификациялық жұмыстарын (жобаларды) плагиатқа 

тексеруді жүргізу тәртібі 

 

Алдын-ала  өз  бетінше  тексерген  жұмысты  білім  алушы  электронды 

тасымалдағышта ғылыми жетекшісіне тексеру үшін береді. Ғылыми жетекшісі 

мақұлдағаннан соң, жұмыс тексеру үшін комиссияға тапсырылады.  

Бітіру  квалификациялық  жұмысын  (жобаны)  плагиатқа  бірінші  реттік 

тексеру  тегін  жүргізіледі  және  комиссиямен  МАК  жұмысының  басталуына 

дейін 15 күн бұрын тексерілуі тиіс.  

Дипломдық жұмыс (жоба) алдын-ала қорғалу мен қорғауға кірме мәтінінің 

көлемі 30%-дан аспайтын болса, дәйексөздерді пайдалану жағдайында олардың 

дереккөздеріне сілтемелер көрсетілетін болса жіберіледі.  

Диссертациялық  жұмыс  алдын-ала  қорғалу  мен  қорғауға  кірме  мәтінінің 

көлемі 25%-дан аспайтын болса, дәйексөздерді пайдалану жағдайында олардың 

дереккөздеріне сілтемелер көрсетілетін болса жіберіледі.  

Бітіру  квалификациялық  жұмысы  (жоба)  плагиатқа  тексеруден  өтетін 

болса, білім алушыға сәйкес растаушы құжат беріледі.  

Орындалған  жұмыстың  дербестігінің  төмен  деңгейінің  жағдайында,  ол 

міндетті түрде білім алушылармен қайта өңделіп, жұмыстың бұрын бекітілген 

тақырыбыынң  сақталуымен,  плагиатқа  тексеру  үшін  қайта  ұсынылуы  қажет. 

БКЖ-тың екінші және кейінгі плагиатқа тексерулері университетпен бекітілген 

қосымша  қызметтердің  баға  көрсеткіштеріне  сәйкес  ақылы  болып  табылады. 

Мүмкіндіктердің  саны  шектеусіз,  бірақ  әр  келесі  мүмкіндіктің  бағасы  аталған 

баға  көрсеткішіне  сәйкес  артып  отырады.  Бұл  ретте  білім  алушыға  өзімен 

орындалған  бітіруші  квалификациялық  жұмыстың  (жобаның)  дербестігіне 

қатысты өз көзқарасын білдіру мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда білім алушы 

жұмысты  кафедра  меңгерушісінің  өкімімен  жасалған  апелляциялық 

комиссиясымен  плагиатқа  тексерту  үшін  кафедра  меңгерушісінің  атына 

апелляция беруге құқылы. Апелляциялық комиссияның теріс қорытындысының 

жағдайында,  бітіруші  квалификациялық  жұмысы  (жобасы)  білім  алушыға 

түзету үшін қайтарылады.  

Жұмыстың  ақырғы  түзетілген  нұсқасы  комиссияның  қаралуына  МАК 




15 

 

жұмысының басталуына дейін кем дегенде 10 күн бұрын тапсырылуы тиіс.  



Бітіруші  квалификациялық  жұмысын  (жобасын)  «Etxt  Антиплагиат» 

жүйесімен  тексеру  нәтижелері  ғылыми  жетекшімен  жұмысты  қорғау  мен 

бағалауға рұқсат беру кезінде ескеріледі.  

Кафедра меңгерушісі БКЖ-ның комиссиямен қарастырылу және плагиатқа 

сараптамадан  өткеннен  соң  келесі  жұмыс  күнінен  кешіктірмей,  ғылыми 

жетекшіге оны тексеру нәтижелері туралы есепті тапсырады.  

Жұмысты  плагиатқа  тексеру  туралы  анықтаманы  алғаннан  соң,  ғылыми 

жетекші  жұмысты  алдын-ала  қорғауға  жіберу  немесе  оны  түзету  қажеттілігі 

туралы шешім қабылдайды.  

Комиссия  жұмысының  қорытындылары  бойынша,  МАК  жұмысының 

басталуына  дейін  кем  дегенде  5  күн  бұрынфакультет  деканы  (магистратура 

бөлімінің  меңгерушісі)  жұмыстары  тексеруден  өткен  және  университеттің 

талаптарына сәйкес келетін білім алушылардың тізімін бекітеді.  

Егер  жұмыс  плагиатқа  тексеру  сараптамасынан  өтпеген  болса,  яғни білім 

алушы  түрлі  жағдайлардың  себебімен  бекітілген  мерзімдерде  плагиатты 

жоймаған болса, бұл жұмыс ағымдағы оқу жылында қорғалуға жіберілмейді.  

Білім  алушы  өзімен  орындалған  жұмысты  тексеру  нәтижелерімен 

танысып шығуға құқылы.  



 

 

4.5 Аралық аттестация кезеңінде емтихандарды өткізу тәртібі 

 

Пән  бойынша  қорытынды  бақылауды  (емтиханды)  қабылдау  үшін, 

кафедра  меңгерушісінің  өкімімен  аталған  оқу  пәні  бойынша  сәйкес  біліктілік 

деңгейі бар, жетекші оқытушылардың арасынан (кем дегенде екі адам) арнайы 

комиссия  құрылады.  Емтихандық  сессия  (аралық  аттестация)  кезеңінде 

ректордың  бұйрығымен  біліктілігі  апелляцияға  берілетін  пәндердің  профиліне 

сәйкес  келетін,  оқытушылар  арасынан  апелляциялық  комиссия  құрылады.  

Емтихандық  бағаның  нәтижесімен  келіспейтін  білім  алушылар  емтихан  өткен 

күннен  кейін  келесі  жұмыс  күнінен  кешіктірмей,  апелляциялық  комиссияның 

төрағасының  атына,  апелляция  беру  себебін  көрсетіп  апелляцияға  өтініш 

береді. 

 

 

4.5.1 Жазбаша, ауызша, шығармашылық, арнайы немесе құрамдас 

емтихандарды өткізу кезінде әрекет ететін тәртіп ережелері 

 

Емтихандардың  аталған  түрін  тапсыру  кезінде  академиялық  адалдықты 

қамтамасыз ету мақсатында, келесі ережелер қолданылады:  

1.  Білім алушылар емтиханға кешікпей келуге міндетті.  

2.  Әр  білім  алушының  өзінде  жеке  басы  куәландыратын  құжаттың  болуы 

тиіс (жеке куәлік, студенттік билет, сынақ кітапшасы немесе жүргізуші куәлігі).  

3.  Сырт  киім,  сөмкелер,  қолшатырлар  және  басқа  бөгде  заттар  емтихан 

алдында арнайы орынға қойылуы қажет.  




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау