Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет4/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

11
2 сурет . Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балалар мен жетім балаларды  жайғастырудың формалары 
Бала асырап алу (қыз асырап алу) – шығу тегі бойынша туысқандардың 
құқықтары  мен  міндеттеріне  теңестірілетін  балаға  қатысты  құқықтар  мен 
міндеттерді  туғызатын  сот  шешімі  негізінде  отбасына  тәрбиелеуге  ба-
ланы  (балаларды)  берудің  құқықтық  формасы .  Баланы  асырап  алу  тууы 
заңнамалық  тәртіпте    тіркелген,    кәмілетке  толмаған  балаларға  қатысты 
және  тек  солардың  мүдделері  үшін  толық  физикалық,  психикалық,  руха-
ни және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып 
рұқсат  етіледі .  Сонымен  қатар  баланың  асырап  алуға  келісімі,  жасы  мен 
жетілу деңгейі де ескеріледі .
Патронат  –  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 
тәрбиелеуге  алуға  ықылас  білдірген  тұлғы  (патронаттық  тәрбиелеуші) 
мен  уәкілетті  мемлекеттік  орган  арасында  жасалатын  шарт  бойынша 
азаматтардың  отбасына  тәрбиеленуге  берілетін  балаларды  тәрбиелеу 
формасы болып табылады .
Қорғаншылықпен қамқорлық жасау балаларды күту, тәрбиелеу және 
оқыту мақсатында, сонымен қатар олардың мүліктік және жеке мүліктік емес 
құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған балалар мен жетім балаларға орнатылады . Балалардың мүдделеріне 
жауап  беретін  жағдайлар  болмаса,  бір  отбасында  тәрбиеленген,  туған 


12
ағайындылар  мен  апалы-сіңлілердің  әртүрлі  тұлғалармен  қорғаншылық 
немесе қамқоршылық жасалуына жол берілмейді . Қорғаншылық 14 жасқа 
толмаған  балаларға,  ал  қамқоршылық  жасау  14-18  жастағы  балаларға 
рәсімделеді .
Институционалдандырылған  қорғаншылық  –  балаларға  арналған 
мамандандырылған 
мекемелерде 
балалардың 
туысқандарымен 
тәрбиеленуге алынбаған және асырап алынбаған бала/асырап алынбаған 
қыз  бала,  жетім  балаларды  күту  мен  тәрбиелеудің  мемлекеттік  форма-
сы .  Мекемелерде  отбасылыққа  жақындатылған  жағдайлар  жасалады . 
Баланың  күтілуге,  тәрбиеленуге,  білім  алуға,  жан-жақты  дамуына,  ары 
мен абыройының құрметтелуіне, өзінің қызығушылықтарының қамтамасыз 
етілуіне, туған тілі, мәдениеті, ұлттық салттары мен дәстүрлерін сақтауына 
құқығы бар .
«Балалардың құқықтары туралы» ҚР Заңының 5 тарауының 30 бабында 
баланың құқықтарын қорғау бойынша қызметтерді атқаратын ұйымдардың 
түрлері жазылған:
• Туғанынан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар үйі;
• Жетім балалар мен ААҚҚ балаларға арналған интернаттық ұйымдар;
• Ақыл-ойы кеміс балаларға арналған интернаттық үйлер;
• Отбасылық типтегі балалар ауылдары;
• Жасөспірімдер үйлері .
• КБОы;
• Кәмілетке толмаған балаларға арналған жетімдер үйі .
Балаларға  альтернативтік  күтім  бойынша  БҰҰ  Нұсқаулығында  әрбір 
бала  оның  қабілеттерінің  толық  ашылуына  көмек  көрсететін  және  оған 
қолдау, қорғаныш пен күтімін қамтамасыз ететін ортада өмір сүру керектігі 
жазылған . Тиісті қолдау көрсетудің өзінде отбасы балаға қажетті күтім жа-
сай  алмаса  немесе  оны  қалдырып/бас  тарқан  күнде  мемлекет  баланың 
қорғанысына  жауапкершілік  алады  және  оған  альтернативтік  күтімді 
қамтамасыз етеді .
БҰҰ  Нұсқаулығында  альтернативтік  күтім  келесі  формаларға  ие 
(төмендегі сұлбаны қараңыз) . 
Ұлттық заңнамада формалды емес қамқорлық түсінігі жоқ . 
Мемлекеттің саясаты отбасылық тәрбиеге бағытталған, өз баласының 
тәрбиесіне басым құқыққа ата-аналар ие . Егер ата-аналар баладан бас 
тартса немесе оны тәрбиелеу құқығынан айырылса, онда мемлекет бала 
үшін өзіне жауапкершілік алады және бірінші кезекте уәкілетті органдар 


13
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
атынан жергілікті атқарушы органдар баланы отбасына жайғастыру бой-
ынша шаралар қолдану керек (баланы асырап алу, қорғаншылық, патро-
нат) және ондай мүмкіндік болмаған жағдайда ғана, бала жетім балаларға 
арналған ұйымдарға орналастырылады . Бала тәрбиеленуге тапсырыла-
тын кандидатты таңдау кезінде оның некелік статусы мен материалдық 
жағдайы ескеріледі .
2 сурет . Альтернативтік күтім формалары
Баланы  асырап  алу  ресми  тіркелген  кәмілетке  толмаған  балаларға 
қатысты  асырап  алу  кезінде  жол  беріледі .  Егер  балада  оның  тууын 
растайтын  ресми  құжаты  болмаса,  онда  асырап  алу  баланы  тіркеуге 
қатысты шаралардан кейін ғана мүмкін болмақ .
Егер балалар бірін-бірі білмесе немесе бұл балалардың мүдделеріне 
жауап  беретін  жағдай  болмаса,  ағайынды  және  апалы-сіңлілердің 
әртүрлі тұлғалармен асыранып алынуына жол берілмейді .
Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  ба-
лаларды  отбасына  орналастыру  кезінде  баланың  мүддесі  үшін  оның 


14
ұлты, нақты бір дін мен мәдениетке қатыстылығы, туған тілі, тәрбиелену 
мен  оқытылудағы  мирасқорлықты  қамтамасыз  ету  мүмкіндігі  ескерілуі 
мүмкін .
Бір жынысты отбасыларына балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, 
патронатқа алуға рұқсат берілмейді .
Әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша заңнамалық шаралар 
Ұлттық  заңнамада  балалардың  отбасынан  ажыратылуы  жағдайларын 
болдырмау бойынша шаралар жазылған .
2002  жылғы  8    тамыздағы  N  345  «Балалардық  құқықтары  туралы» 
ҚР Заңы
Заңда  әрбір  бала  отбасында  тұрып,  тәрбиеленуге  құқығы  бар  деп 
жазылған  (21  б .) .  Баланы  қорғау  мақсатында  қажетті  жағдай  болмаса, 
баланың ата-анасымен бірге тұруға құқығы бар және баланың еркіне қарсы 
оны ата-анасынан айыруға тиым салынады (25 б .) .
«Балалары  бар  отбасыларға  мемлекеттік  жәрдемақылар  туралы» 
ҚР Заңы
Осы  Заңға  сәйкес  балалары  бар  отбасыларға:  баланың  тууына 
қатысты уақтылы мемлекеттік жәрдемақы (отбасының табысына тәуелсіз); 
отбасындағы  балалар  санына  қарай  дифференциалданған  көлемде 
(отбасының  табысына  тәуелсіз)  ол  бір  жасқа  толғанға  дейін  бала  киімі 
бойынша  жәрдемақы;  азық-түліктік  себет  құнынан  төмен  орташа  жандық 
табыстарымен  жағдайы  төмен  отбасыларынан  шыққан  18  жасқа  дейінгі 
балаларға жәрдемақы төленеді .
«Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі 
бойынша  Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актыларына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы, 2010  жыл 
Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді – мүгедек баланы тәрбиелеуші 
ата-аналарға,  қамқоршыларға  бір  минималды  еңбекақы  көлеміндегі 
жәрдемақы .
ҚР  Үкіметінің  2010  жылғы  6  тамыздағы  №  806  қаулысы.  2010-2015 
жылдарға арналған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қорының Операцияның 
негізгі жоспары жобасын қолдау туралы.
Осы  ынтымақтастық  аясындағы  шаралар  сонымен  қатар  әлеуметтік 
жетімдікті алдын алуға бағытталған .
1.2.
 ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІ АЛДЫН АЛУ: ШЫНДЫҚ 
ПЕН КЕЛЕШЕК


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау