Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет3/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

8
4) Есепте Қазақстандағы жетімдіктің себептері қарастырылған, сонымен 
қатар заңнама мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 
отбасыларына  жайғастырылуының  бар  формаларына  қысқаша  бақылау 
жасалып өтті . Кабинеттік зерттеу әдісімен әлеуметтік және экономикалық 
тиімділік көзқарасынан ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар 
мен жетім балаларды жайғастырудың отбасылық және институционалдық 
формасына салыстырмалы сараптама жасалды .  
5) Зерттеу қорытындылары бойынша зерттеушілермен стандарттар жо-
балары ұсынылды:
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды меймандос және 
асырып алушы отбасыларға тапсыру;
- отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін тұлғаларды дайындау;
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды меймандос және 
асырып алушы отбасыларға тапсыру және отбасына тәрбиелеуге алғысы 
келетін тұлғаларды дайындаудың техникалық регламент жобасы;
-  жетім  балаларды  отбасыларына  орналастыру  бойынша  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  қажетті  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу бойынша, сонымен қатар «Меймандос отбасы» институтын дамыту 
мақсатында ұсыныстар;
- бар жергілікті және халықаралық тәжірибе негізінде ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар    мен  жетім  балаларға  арналған 
интернаттық ұйымдарды өмірлік қиын жағдайларға тап болған отбасылар 
мен балаларға қолдау көрсету бойынша орталықтарға қайта қалыптастыру 
жайлы ұсыныстар жасалды .
Кабинеттік және сапалы зерттеулермен қатар дөңгелек үстелдер аясын-
да зерттелу сұрақтарын топтық талқылау әдісі де белсенді қолданылғанын 
айта өткен жөн .


9
Б
алалар  құқығының  Халықаралық  конвенциясы  мен  қолданыстағы 
қазақстандық заңнамасы балалардың, сонымен қатар ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалардың    отбасылық  тәрбиеленуінің  сөзсіз 
басымдылығы жарияланады . ҚР Отбасылық кодексінің 116 б . сәйкес ата-
аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  отбасына  тәрбиеленуге 
берілуі  керек,  ал  ондай  мүмкіндік  болмаған  жағдайда  -  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  мен  жетім  балаларға  арналған  барлық 
типтегі мекемелерге жіберілуі керек . 
Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  заңнамалық 
құқықтары мен мүдделері ресми құжаттар тізімімен бекітілген:
1 . «Балалардың құқығы туралы» ҚР Заңы
2 . «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі
3 . «Отбасылық типтегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлері ту-
ралы» ҚР Заңы
4 .  «Қазақстан  Республикасының  Балаларды  қорғау  және  баланы 
шетелдiк  асырап  алуға  қатысты  ынтымақтастық  туралы  конвенцияны 
ратификациялау туралы» ҚР Заңы
5 . және басқалары .
Ұлттық заңнамаға сәйкес [2] әрбір баланың, егер бұл оның мүддесіне 
қайшы  келмеген  жағдайда,  отбасында  тұрып,  тәрбиеленуге,  өз  ата-ана-
сын білуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін көруге құқығы бар . Бірақ, 
ҚР Заңнамасы әлеуметтік жетімдікті алдын алу шаралары бойынша, яғни 
баланың мүддесін, оның қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз 
етудегі дағдарыстық отбасын оңалту мен отбасы ішілік қарым-қатынастарды 
түзетуге қажетті шараларды ешқалай қарастырмайды . 
1.1.
 АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ 
ҚАЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ 
ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1-тарау  
ЖЕТІМДІК АЯСЫНДАҒЫ 
ЖАҒДАЙҒА ШОЛУ 


10
Баланың, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ерігіне қарсы бала-
ны ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен айыруға тиым салы-
нады .  Айыру  туралы  шешімді  тек  айрықша  жағдайда  сот  және  тек  бала-
ны  қорғау  мақсатындағы  керекті  шамада  ғана  қабылдайды .  Тәжірибеде, 
қиын-қыстау жағдайларда, бұл мәселе көбінесе ата-ана құқығынан айыруға 
шешіледі, бұл автоматты түрде баланың отбасынан түбегейлі және  үзілді-
кесілді  айырылуына  соқтырады,  себебі  ата-ана  құқығын  қалпына  келтіру 
жағдайлары жоққа шақ .
Ата-ана құқығынан айыру туралы іс ата-аналардың, кәмілетке толмаған 
балалардың  құқығын  қорғау  бойынша  міндеттер  жүктелген  ұйымдар,  ор-
гандар  немесе  басқа  да  балалардың  заңды  өкілдерінің  өтініші  бойынша, 
сонымен қатар прокурор қуынымы бойынша қарастырылады .
Балаға ата-ана құқығынан айыру туралы шешім сотпен қамқоршылық 
пен қорғаншылық бойынша қызметтерді атқаратын прокурор мен органның 
қатысуы арқылы жинастырылған құжаттардың негізінде қабылданады . 
Заңнамамен құқықтан айырудан басқа, ата-аналық құқықтан шектеу де  
қарастырылған . Шектеу – сот қаулысы негізінде шығарылатын ата-аналық 
құқықтан айырмай баланы ата-анасынан алып қою .
Шектеуге жол беріледі: 
1) ата-аналардан тәуелсіз жағдайлар бойынша (психикалық бұзылу не-
месе басқа да созылмалы аурулар, ауыр жағдайларға душар болу); 
2)  ата-аналардың  өзін-өздері  ұстауы  нәтижесінде,  бірақ  соған 
қарамастан ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыруға жеткілікті негіз 
болмағанда .
Құқықтарды  шектеу  6  айдан  артық  емес  мерзімге  ғана  рұқсат  етіледі . 
Егер  осы  мерзім  өту  бойынша  ата-аналар  өздерінің  мінез-қылықтарын 
өзгертпесе, қамқорлық қызметін атқаратын орган ата-аналық құқықтан айы-
ру туралы арыз беруге міндетті .
Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  құқығын  қорғау 
оларды  альтернативті  отбасына,  ал  ондай  мүмкіндік  болмаған  жағдайда, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  мен  жетім  балаларға 
арналған  барлық  типтегі  ұйымдарға  тәрбиеленуге  беру  жолымен  жүзеге 
асырылады .
«Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  ҚР  Кодексінде  ата-
аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  мен  жетім  балалардың 
альтернативті  қамқорлығының  барлық  заңнамалық  бар  формаларына 
түсініктеме берілген .


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау