42
• Ұазақ уақыт «жанұя және достарымен тұру»: осындай жағдайда бала
өзі
таныған біреумен, әсіресе қандай да бір жанұя мүшесімен тұрады;
• Арнайы терапевтикалық тұру: егер баланың немесе жасөспірімнің
тәртібімен қиындықтар немесе ерекше қажеттіліктері болса .
Ұлыбританияда тағы баланың ата-анасы мен фостерлық ата-анасының
(Private Fostering) арасында жекелеген келісім негізінде, күтім ретінде
балаларға күтімді алмастырушының мынадай түрін реттеу жатады . Егер
бала 16 жасқа (мүгедек болған жағдайда 18 жас) дейін минимум 28 күн
аралығында ата-анасымен тұрмаса, ол фостерлық ата-ана үшін Ұлттық ми-
нималды стандарттарын орындап жатқанын тексеретін, «жеке» фостерлық
ата-аналар қамқорлық органдарында тіркелуге міндетті .Егер «жеке»
фостерлық ата-ана баланың жақын туысы (ағасы/әпкесі, атасы/әжесі,
ағасы/тәтесі, өгей анасы/өгей әкесі) болып келген жағдайда ғана тіркелу
қажет емес .
Канадада асыранып алынған балаларды «тұрақты қамқорлықтағылар»
(“permanentwards”) деп атайды . Берілген жағдайда қамқорлықтағы деген
ұғымына мемлекеттің жауапкершілігіне кіретін заңды қамқоршысының
қамқорлығындағы бала түсіндіріледі . Қамқордағы бала провинция-
дан провинцияға дейін түрленуші белгілі бір жасқа дейін мемелекеттің
жауапкершілігінде болады, осыдан кейін мемлекет енді олар туралы
қамқорлық жасамайды .
Скандинавия елдері
Бірнеше онжылдық бойы барлық скандинавия елдерінде балалармен,
ата-аналармен жұмыс бойынша жүйенің аса қарқынды дамыған бөлімі, мар-
гинализациялау қаупі жоғары болып келген жанұяларда дағдарыс жағдайы
болғанға дейін алдын алу бойынша ерте араласу технологиясын еңгізу мен
әзірлеу болып табылады .Скандинавия елдерінде жанұяларда алдын алу
жұмыстары жүктілік кезеңінде басталады және бала аса кішкентай жаста
(0-3 жас)болған кезде ата-анамен жұмыс жүргізіледі, ал аса жоғары жаста
сонымен қатар баламен де жұмыс жүргізіледі . Осындай ыңғайда жағдайы
төмен жанұяның алдын алу жұмыстары әлеуметтік жұмыскерлердің міндет
аясын бірталай кеңейтеді; оны қолдану аса ауыр жағдайаттардың нәтижелі
шешкенде әлеуметтік қызметтің «икемдеу» кезеңнің жағдайларында ғана
ақталады .
Скандинавия елдерінде дағдарыстағы жанұялармен жұмыс істеу ба-
рысында баланы институционалдық ортаға орналастыру жағдайына басқа
43
ешқандай араласу әдісі жүзеге аспаған жағдайда ғана қолданылатын
соңғы шара ретінде қарастырылады . Жағдайдың қиындығына қарамастан
әлеуметтік қызметтің жұмысы барысында негізгі таяныш бала мен оның
ата-анасының арасындағы байланыс пен туыстық қатынасты қайта орнату
бойынша жұмыс пен туған жанұямен байланысты ұстауға бағытталады .
Швеция мен Финляндияда әлеуметтік қызмет жұмыскерлерінің барлық
жұмысы жанұядағы қиын жағдайларды ескеруге және алдын алуға
бағытталған, сонымен қатар әрбір нақты жағдайда жеке ыңғайға негізделіп
жасалған . Жағдай бойынша жұмыстар мен алдын алу жұмыстарының
жүйесіне жергілікті бірлестіктер, соның ішінде мәдени және спорттық
бірлестіктер, мектептер және т .б . тартылған . Мемлекеттік әлеуметтік қызмет
баланы жанұядан алмастан бұрын, оны ана-анасымен айырылғаннан
кейін тікелей туған-туысқандардың тәрбиесіне және тұруға беру мүмкіндігін
тексеру керек . Ата-ана құқығынан айыру секілді түсінік бұл елдерде жоқ,
әлеуметтік жұмыстың міндеті бұрынғыдай балалар мен оларды туған ата-
анасының арасындағы қарым-қатынасты сақтау болып табылады .
Финляндияда
қазіргі
кезде
фостерлық
ата-ана
институты
мамандандырылған . Мамандандырылған фостерлық жанұяларда ата-
ананың біреуінде болсын сәйкес білімі болуы, яғни әлеуметтік қорғада не-
месе білім беруде, денсаулық сақтау саласында білімі болуы керек . Осыған
қосымша ретінде асырап алушы ата-аналар елдің көлемінде бірдей
бағдарлама бойынша міндетті оқу (24 сағатта курс) оқиды . Фостерлық
ата-аналар муниципалды билік немесе мамандандырылған муниципал-
ды ұйымдар өткізетін лицензиялаудан өтеді . Асырап алушы ата-аналар
еңбекақы алады, уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты төлемақы
алу құқығы мен демалысқа құқығы бар .
Швецияда балалады орналастырудың 3 формасы бар:
1 . Жанұя орнын алмастырушыға орналастыру .
2 . Институционалдық мекемелерге орналастыру .
3 . Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарау бойынша мамандандырылған
мекемелерге орналастыру – балаларды әлеуметтік қорғаудағы
шведтық жүйесі өзіне кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлер
мен есірткеге тәуелді және басқа да топтағы балалармен жұмысты
алады .
2-тарау. Халықаралық тәжірибе