Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет11/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47

30
лып  келеді .  Бірақ  сұралған  сұхбаткерлердің  айтуынша  ол  ұстаздардың 
еңбекақысынан төмен .
Жәрдемақы көлемі
Бала  (қыз  бала)  асырап  алған,  сонымен  қатар,  қорғаншылыққа 
(қамқоршылыққа)  алынған  балалары  бар,  мүгедек  баланы  тәрбиелеп 
отырған  отбасыларына  жәрдемақы  көлемі:    1  минималды  еңбекақыны 
құрайды .
Жетім 
баланы 
(жетім 
балаларды) 
және 
ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күту үшін қорғаншылар не-
месе қамқоршыларға төленетін жәрдемақы көлемі қорғаншылықтағы әр 
балаға айына он айлық есептік көрсеткішті құрайды .
Патронаттық  тәрбиелеушілерге  берілген  баланың  (балалардың) 
күтілуіне  бөлінетін  ақшалай  қаражаттың  төленуі,  айсайын  келесі 
көлемдерде жүзеге асырылады [8]: 
1)  мектепке  дейінгі  жастағы  бір  баланың  тамақтануына  -  6  айлық 
есептік көрсеткіш;
2)  мектеп  жасындағы  бір  баланың  тамақтануына  -  7  айлық  есептік 
көрсеткіш;
3)  бір  балаға  киім,  аяқ  киім  және  жұмсақ  жабдық  -  3  айлық  есептік 
көрсеткіш .
Сауалнама сараптамасының қорытындысы мемлекеттік төлемдерден 
басқа,  келесі  түрдегі  қосымша  қаржылық  қолдау  бар  екендігін 
көрсетті:  қайырымдылық,  демеушілік  жарна .  Осы  жарналардың 
көлемі  заңнамамен  реттелмейді,  осы  жарналарды  есептеу  қаржылық 
органдардың  бақылауымен  ұйымдармен  өздігінен  жүргізіледі .  Патронат 
пен  қорғаншылыққа  бала  алған  отбасылар  үшін  қайырымдылық  және 
демеушілік  жарналарды  есептеу  бойынша  ақпараттар  ресми  түрде 
тіркелмейді .
Отбасылық типтегі Балалар үйі (ОТБҮ)
*
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  бағдарламалық  сөз 
сөйлеулерінде  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 
қалған  балалар  құқығын  қорғау  жүйесіндегі  жұмыс  басымдылықтары 
анықталған .
Осылайша Мемлекет басшысымен келесі тапсырмалар берілді:
-  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдарында  тәрбиеленушілер  санын 
*
Ақпарат «Шығармашылық ынталы әйелдер лигасы» ҚҚ дайындалған, Алматы қ ., 2013 ж .


31
азайту бойынша шаралар жасау (бұдан әрі-балалар үйі);
-  отбасылық  типтегі  балалар  үйін  құрудың  құқықтық  механизмін 
құрастыру; жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға  арналған  интернаттық  ұйымдарды  нығайту  бойынша  нақты 
шараларды қолдану(27 .12 .2013 жылғы № 1-01-2125-Д/П-12-5) .
-  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалардың жалпы ұлттық мағлұматтар базасын құру
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан 
Республикасы  Премьер-Министрінің  Өкімімен  2015-2020  жылдарға 
арналған Қазақстан Республикасындағы отбасылық қарым-қатынастарды,  
моральды-этикалық  және  рухани-адамгершілік  құндылықтарды  нығайту 
бойынша жалпы ұлттық жоспар бекітілді, соның аясында жетім балалар-
ды отбасыларына альтернативті жайғастыру мен балалар үйін уақталып 
ұйымдастыруды  жүзеге  асыру  мәселелері  заңнамалық  деңгейде 
қарастырылған .
Отбасылық типтегі балалар үйі дегеніміз не [9]
 
Отбасылық типтегі балалар үйі өздерінің абаттандырылған үйлерінде 
(Типтік  ережелер)  көп  бөлмелі  пәтерде  тұратын  4  баладан  кем  емес 
10  баладан  артық  емес  баланы  тәрбиелеуге  алғысы  келетін  екі  ерлі-
зайыптының қалауымен жеке алынған отбасы негізінде құрылады .
Отбасылық типтегі балалар үйі қарапайым балалар үйіне альтрнатива 
болуы керек .
Жетім  балалардың  келешектегі  ересек  өмірде  дұрыс  әлеуметтік 
бейімделуі үшін ең алдымен оларды қорғаныш мен махаббат ортасында, 
нағыз отбасында бақытты ету керек .
ОТБҮ жүйесіндегі жағдай 
-  Қазақстанның  тәуелсіздік  алған  кезінен  бергі  алдын  ала  жасалған 
жағдайға  көзқарас  көрсеткендей,  жеке  және  мемлекеттік  типтегі 
отбасылық балалар үйінің саны бірден төмендеп кеткен .
-  Жеке  жетімханалар  жүйесі  аз  дамуда  –  ол  да  материалдық  және 
құқықтық сипаттағы қиындықтар себебінен .
-  Салдар  кешені  осы  орналастыру  формаларының  азаюына  әсер 
етуде,  бірақ  деинституционалдандыру  жағдайларында  олар  асыранып 
алынбайтын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балалар үшін отбасылық ортаға ие болудың шынайы мүмкіндігі болып та-
былады .
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу


32
Отбасылық типтегі жеке меншік балалар үйінің мәселелері 
1 . ОТБҮ заңнамалық түрде бекітілмеген, олардың қызметінің құқықтық 
негідемесі 2013 жылы маусым айында қабылданған ҚР Үкіметінің «Жетім 
балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 
арналған  білім  беру  ұйымдарының  қызметін  ұйымдастырудың  типтік 
ережелері» Қаулысы, сонымен қатар отбасылық типтегі балалар үйі (ҚР 
БҒМ БҚҚК жасалған) болып табылады .
Қоғамда  «отбасылық  типтегі  балалар  үйі»  дегеніміз  не  екендігінің 
бұрыс түсінігі сақталуда, бұл ОТБҮ  –30-дан 110 балаға дейін «балалардың 
тығыздалуына» әсер етеді .
2 . 
Жеке 
отбасылық 
типтегі 
балалар 
үйі 
мемлекетпен 
қаржыландырылмайды .
Жеке  ОТБҮ  қоймалық  шаруашылық,  жергілікті  органдар  мен 
демеушілердің  бір  реттік  көмегі,  патронаттық  тәрбие  кезіндегі  бала-
лар күтіміне берілетін төлем мен қорғаныштық жәрдемақы есебінен күн 
көреді . Егер мемлекеттік отбасылық типтегі балалар үйінде бір баланың 
күтіміне  жылына  жергілікті  бюджеттен  100  мың  теңгеден  астам  қаражат 
бөлінсе,  онда  жеке  балалар  үйі  мен  жетімханалар  негізінен  демеушілік 
көмек пен төлемдер есебінен қажыландырылады:
• 
патронаттық тәрбиеге, ол кезде баланың күтіміне орташа алғанда 
10 АЕК 26 мың теңге бөлінеді;
• 
немесе  балаға  берілетін  10  АЕК  көлеміндегі  қорғаншылық 
жәрдемақыларға күн көреді .
Жеке  балалар  үйі  мен  жетімханаларды  мемлекеттікпен 
салыстырғанда сомадағы айырмашылық 80 мың теңгеге дейін құрайды, 
бұр  балалардың  қамтамасыздандырылу  және  амандық  деңгейіне  әсер 
етеді.
3 .  Көптеген  жеке  ОТБҮ  балаларды  құжаттандыру,  жәрдемақылар 
мен  жеңілдіктерді  ресімдеу  мәселесі  күрделі  болып  тұр .  Бұл  келесі 
жағдайлармен байланысты:
• 
Орындардағы  қорғаншылық  пен  қамқоршылық  органдарын-
да  қызметкерлердің  жетіспеушілігімен,  бұл  статусты  орнату 
және  балаларды  ОТБҮ  беру,  жәрдемақы  тағайындау,  білім  беру 
мекемелеріне  орналастыру  мәселелерін  шешу  үшін  уақтылы 
құжаттардың дайындалуына әсер етеді . 
• 
Жеке  ОТБҮ  мемлекеттік  ОТБҮ  балаларды  қолдау  бойынша 
штаттық қызметкерлер жоқ (мысалы: заңгер психолог, әлеуметтік 
педагог) .


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау