37
сақтана отырып, бұл формадан мүлдем бас тартады .
Бар жергілікті тәжірибеден ой қорыта отырып, барлық меймандос
отбасылар/тәрбиелеушілер Қазақстан Республикасының отбасыла-
рына жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы балаларды уақытша
беру тәртібі туралы әдістемелік ұсыныстарға сәйкес меймандос отбасы
туралы ИТБМ және қорғаныш пен қамқорлықтың аймақтық органдары-
мен шарт жасау керек .
Баланың меймандос отбасында болу ұзақтығы, кезеңі және нақты
мерзімдері (жыл аралығында) қорғаншылық және қамқоршылық
органдарының келісімі бойынша ИТБМ анықталады .
Меймандос отбасын ресімдеу үшін тәлімгер тұрғылықты орны бой-
ынша білім беру бөліміне тиісті өтініш пен келесі құжаттарды ұсынады:
1 . Баланы (балаларды) өз отбасына алу ықыласы туралы өтініш
(ерікті формада);
2 . Жеке куәлік және жеке басын куәландыратын басқа да құжаттардың
көшірмесі (түпнұсқаны көрсетумен);
3 . Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы ойластырылған
қылмысы үшін азаматтын сотталмағандығын растайтын анықтама;
4 . Тұрғылықты орны бойынша оң мінездемені растайтын ішкі істер
органдарының
анықтамасы;
5 . Бала уақытша тұратын тұрғын үй-жайға азаматтың қолдану құқығы
немесе меншік құқығын растайтын құжат көшірмесі; табыстары ту-
ралы анықтама;
6 . Денсаулық жағдайы
туралы анықтама;
7 . Отбасы мүшелерінің баланы қабылдауға келісімдері;
8 . Егер азамат басқа аймақта тұрса, қорғаншылық пен қамқоршылық
органдарының
қорытындысы
және
тұрғын-тұрмыстық
жағдайларды тексету актісі .
Баланы уақытша беру кезінде мейрамдос отбасына/тәрбиелеушіге
беріледі:
1) ұйым басшысымен расталған мейрамдос отбасына баланы (бала-
ларды) уақытша
беру туралы бұйрық көшірмесі;
2) орнатылған заңды тәртіпте расталған баланың тууы туралы куәлік
немесе 16 жасқа толған баланың паспортының көшірмесі;
3) баланың мейрамдос отбасында уақытша болу кезіндегі балаға
(балаларға) қажетті басқа да құжаттардың көшірмесі .
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
38
азіргі кезде ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналасты-
ру жүйесі әлем елдерінің арасында өзгешеленеді . Осы кезге дейін ата-
ананы кәсіби алмастырушы және жанұяны алмастырушы басқа да базалық
түсініктердің институционалдық мекемелерінің негізгі анықтамаларына
ешқандай стандартталған тәсіл жасалған емес . Осыған байланысты әртүрлі
елдердің өзара тәжірибелерін салыстыру қиындық туғызады, бірақ бұл ауыр
жағдайда жүрген жанұялармен жұмыс бойынша әдістерді, сонымен қатар
туыс емес жанұяларындағы уақытша және үнемі тәрбиеленудің әртүрлі фор-
маларына балаларды орналастыру әдісін дайындау жүйесінде әрбір елдің
жиналған тәжірибесіндегі құны мен байлығына нұқсан келтірмейді .
Ұлыбритания, АҚШ және Канада
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ пен Ұлыбританияда балалар-
ды орналастыру бойынша қызмет алмастыруды дамыту және балалар үшін
институционалдық емес әлеуметтік қызмет бағытында қозғалыс басталды .
Осы елдердегі дәстүрлі балалар үйі,
foster care – ата-анасының қамқорынсыз
қалған балалар үшін қамқорлықты алмастырушы жүйеге ауыстырылды .
АҚШ-та Foster care ұғымы қамқорлық пен қатыгез қарым-қатынастан
қорғауды қажет ететін балаларды тез орналастыру деген ұғымда
қолданылады .Бірінші кезекте асырап алушы ата-ана кандидаты ретінде
баланың (апайы, ағайы, атасы немесе әжесі) туған-туысқаны қарастырылады .
Егер бұл нұсқа мүмкін болмаса, онда келесі тиімді нұсқа баланың өміріне
қызығушылық танытқан біреулер (мысалы, мұғалімі немесе бапкер) асы-
рап ала алады .Егер барлық тізілген нұсқалар табылмаса, онда бала Foster
care бағдарламасының талаптарын қанағаттандыратын кез-келген жанұяға
тәрбиеленуге беріле алады . Баланы орналастыру штат үкіметі мен ба-
лаларды қорғау бойынша агенттігі арқылы ұйымдастырылады . Агенттік
тұлғасындағы үкімет барлық заңды шешімге жауапкершілік ала отырып,
2-тарау
АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР
МЕН ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ АСЫРАП АЛҒАН ЖӘНЕ
МЕЙМАНДОС ОТБАСЫҒА ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ
Қ