309
Есептеулер бойынша, 100 Ваттық стандартты қыздыру шамы сағатына 100 Ватт
энергия пайдаланады. 100 Ваттық қыздыру шамы сияқты жарық беретін қуат үнемдейтін
шам сағатына 25 Ватт энергия тұтынады. Осылайша, үнемдеу сағатына 75 Ватты құрайды.
Қуат үнемдейтін шамның бағасы қарапайым шамнан әлдеқайда жоғары. Сарапшылардың
айтуынша, ол өзін-өзі жылдам ақтайды. Мысалы, қуат үнемдейтін шамның қыздыру шамына
қарағанда қанша электр қуатын үнемдейтінін біле отырып, оның өзін-өзі қашан ақтайтынын
жылдам есептеп шығаруға болады. Бір сағат үнемдеу 75 Ватт, немесе 1 теңгені құрайды.
Болжам бойынша, шамның бағасы шамамен 650 теңгені құрайды. 650-ді 1 теңгеге бөлгенде
(қыздыру шамының орнына оны пайдаланғанда бір сағаттық үнемдеу) – 650 сағат шығады.
Осылайша, қуат үнемдейтін шам жоғары бағасына қарамастан, арзан қыздыру шамына
қарағанда 3 есе арзан.
2.3 Ішкі бәсекелестікті есептей отырып, дискреттік көбеюі бар оқшауланған
популяцияның дамуын модельдеу
Ұрпақтары мен ата-бабалары уақытта жоқ биологиялық түрлер (көптеген өсімдіктер,
жәндіктер мен т.б.) қарастырылады. Онда популяция санының кезектес мәндерін NQ, N], ...
көрсетуге болады.
Егерпопуляция санын шектеудің ешқандай себебі болмаса, онда қарапайым анық
модель: N t+1 = R • N t пайда болады, онда R — өндіріс коэффициентін білдіреді. Бұл
модельдің шешімі анық:
Nt = N0 • Rt және R > 1 кезінде популяциясаны геометриялық прогрессия бойынша
өседі.
Бұл қарапайым модельді талқылау керек. Ол әдебиетте кейде «Мальтус заңы» дегенді
білдіреді.
Популяцияның шектеусіз ұзақ уақыт бойы өсуі мүмкін емес екендігі анық. Ішкі түрлі
бәселекелестікті есептеудің қарапайым әдісі көбею коэффиценті константа емес, ол
популяция санына оның өсіміне байланысты төмендеуіне тәуелді деген гипотезамен
байланысты. Бұл кезеңде оқушыларға негізгі зерттеу әдісі бақылау саналатын, жүйенің
күрделілігіне байланысты онда нақты математикалық заңдары (мысылы физикаға қарағанда)
жоқ білім саласындағы модельдер құру әдістемесін түсіндіру қажет. Бұндай жағдайда ерікті
түрде еркіндікке жол беріледі, ол қарапайымдылықпен түсіндіріледі, ал модельдің тиімділігі
оның шешімдерінің нақты жүйелері мінезінің заңдылықтарымен салыстыру жолымен
анықталады.
Бұны қарапайым түрде көрсетейік. Мәселен, R көлемі мен N көлемінің ұлғаюына
байланысты бәсеңдеп азаятынын ескеру қажет. Біз бұл азаюдың нақты сипатын білмейміз;
оны жалпыға танымал қарапайым функцияларды пайдалана отырып көптеген әдістермен
ұсынуға болады, ал егер керек болса онда бұл санаттан шығамыз.
Негізіне қарапайым функция жататын модель келесідей көрінеді:
Модельдің тиімділігі ол суреттегенпопуляция санының жағдайын экологтар табиғатта
бірнеше мәрте бақылаған.
Тамақтану – экологиялық фактор. Дұрыс тамақтану жұмысқа қабілеттілітің жоғары
деңгейі мен адам өмірінің ұзақтығын қамтамасыз етеді. Дұрыс өмір сүру үшін дұрыс
тамақтану режимін ұстану қажет, яғни белгіленген уақытта тұрақты түрде тамақ ішу керек.
Жеке тамақтану уақыттары арасында тәуліктік рационды мақсатты түрде бөлу қажет.
Есеп №1: 23 жастағы жас маманның тамақ рационына 50г ақуыз, 80г май, 400 г көмірсу
кіреді. Тәуліктік құндылық 2700 ккалды құрайды. Тамақ рационының сапалы құрамы мен
құндылығын бағалаңыздар. Үш рет тамақтану кезінде рационалды тамақтану режимін
анықтаңыз. Мәселен, ТҚ – тәуліктік құндылық болса, онда КS – таңғы астың құндылығы =
ТҚ*0,3;