301
Қазақстандағы эколгиялық проблемалардың мемлекетіміздің экономикалық
секторына әсері қандай?
Астана қаласының тұрғылықты халқының экологиялық проблемаларға қатысты
көзқарасы қандай?
Қоғамның қазіргі жағдайы технологиялық өркениет дәуірі ретінде сипатталады. Бұл
өркениеттің болашағы, атап айтқанда, прагматикалық қондырғылар басымдылығымен
қоршаған орта жағдайының қадағалаусыз қалуының әсерінен алаңдаушылық туғызып отыр.
Техносфераны дамытудағы сапалы өзгерістер қоғам құндылығының, адамдардың салауатты
өмір салтының, яғни бүкіл мәдениеттің өзгеруінсіз жүзеге аспайды. Қоғам мен табиғаттың
өзара жалпылама байланысы секілді техниканың дамуы да қазіргі таңда стихиялық тұрғыда
орын алуда. Тұтастай алғанда, бұл жаһандық даму адамдардың әртүрлі техникалық
қажеттіліктерінен туындайды. Қазіргі заманғы техникалық қызметтің ауқымдылығы
биосфера мен техносфераның бірігіп қалыптасуының қажеттілігін көрсетеді. Бұл процестің
негізгі мәні техникалық жоғары оқу орындарында мақсатты түрде әр түрлі кәсіби деңгейде
болашақ инженерлерде, техниктерде, өндіріс жұмысшыларында қалыптасуы тиіс
экологиялық ой- сананың нәтижесінде пайда болады.
Еліміздің қазіргі жағдайында экологиялық білім басым мәнге ие болуы тиіс.
Қоғамның жаңа технологиялар негізінде экстремалды табиғат жағдайларына бейімделуі
мүмкін нәрсе, бірақ ол адамзат өмірінің деңгейі мен сапасына әсер ететін үлкен
экономикалық шығынмен сипатталады. Бір қызығы, тарихта еліміздің қоғамдық-
экономикалық реформаларында табиғи және экологиялық ерекшеліктері тиесілі түрде
ескерілмеген. Егер Қазақстан халқының өмір сүру салтына, қалалардың сәулет- құрылысына,
байланыс сипатына қарасақ, табиғи проблемалар жоқ тәрізді. Осы экопедагогика
саласындағы маңызды кемшілігіміз деп ойлаймыз. Себебі, мемлекеттік стандарт бойынша
экология ғылымына жеткілікті түрде назар аударылмаған. Сондықтан да, қоғамдағы
антиэкологиялық актілердің тамырын осы жерден іздегеніміз дұрыс деп пайымдаймыз.
Мемлекетіміз тек үлкен, әрі энергетикалық ресурстарға бай ел ғана емес, сонымен қатар,
мұнда негізінен экстремалды экологиялық факторлар да басым, биоалуантүрлілік тұрақсыз,
әсіресе, соңғы уақытта катастрофалық түрде төмендеуде. Осы аталған факторлардың өзі тез
арада экологиялық білім беруді енгізу үшін жеткілікті. Соның ішінде, интегративті пәндерге
экологияның биологиялық экология, адам және қоғам экологиясы секілді бағыттарына
тоқталу қажет. Себебі, жаратылыстану ғылымдарының ішінде экология ғана адамзат
мүддесін, өмірлік функцияларын жақсарту сұрақтарын, адам іс- әрекеттерінің қоршаған
ортаға әсерінен бастап осы әрекеттердің себебі мен жүйелілігіне, табиғатты тиімді
пайдалануды бағалауға дейін қарастыратын жалғыз ғылым.
«Қоғам- табиғат» жүйесінің тұрақты даму жүйелілігімен тікелей айналысатын
қоғамдық экология- экологиялық білімнің маңызды бөлігі болуы тиіс. Бұл орайда,
экологиялық білім нормативтік функцияларды да орындайды. Ол тек қана ғылыми
ақпараттарды таратуда ғана емес, сонымен қатар, өнер мен әдебиетте толықтыру рөлдерін
орындайтын ғылым ретінде қалыптаса алады. Экологиялық білім үрдісінде жүзеге асатын
адам мен қоғам арасындағы қарым- қатынас, соған сәйкес көркем суреттер жайлы ғылыми
білім интеграциясы логикалық және ақиқатты түсінудегі шығармашылық нысандар
арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған және білім беру гуманитаризациясына қызмет
етеді.
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол
елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық
аймақтарында да өткір түрде қойылуда.
Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда,
ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы
ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір
сүру ортасына зор қауіп төніп келеді.
Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті
нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда
302
бүкіл адамзат алдына күрделі талап қойып отыр. Біздің планетамызды барлық тіршіліктің
өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей
өзгерту қажет.
Кезінде белгілі жазушы Л.Леонов «Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезекте
екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты»
деген. Ал Ш.Айтматов: «Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты
тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған
тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді»-деп жазады.
Қозғалып отырған проблемаларды алдын алу немесе мүлдем болдырмау үшін жас
зерттеушілер ретінде біз өз тарапымыздан бірқатар ұсыныстарымызды білдіріп кетсек:
№
Ұсынытар мен проблемалардың алдын алу
жолдары
Қаншалықты -
орындалуда?!
1
Қала аумағында қоқыс жәшіктерінің санын арттыру.
Неғұрлым қоқыс жәшіктерінің орналасу жиілігі
мүмкіндігінше жоғары болса, соғұрлым тұрғындардың
қалдықтарды арнайы қоқыс жәшігіне салу
ықтималдығы жоғарылайды.
80-90% Астана қаласында
бұл мәселе кеңінен етек
алып отырған
проблемалардың бірі
болғандықтан, қала
басшылары алдын алу
шараларының бұл түрін
міндеттеме ретінде
қарастырып, алғашқы
кезекте орындайтын
шаруалар қатарына кіргізген.
2
Қала көшелерінде билбордтар мен плакаттардың санын
арттыру. Егер халықты агитациялаудың осы түрі
қолданылса, қоғамның экологиялық ой- санасына
позитивті тұрғыдан әсер етуі мүмкін.
60-70% Бұл мәселе бірнеше
рет көтерілсе де, жоғары
дәрежеде күн тәртібіне
қойылмады, толықтай қолға
алынбады.
3
Көшелердегі жарнама экрандары мен жүгіртпе
жарнама жолдарына, ғаламтор желісіндегі
парақшаларға, теледидар жарнамалар қатарында
экологиялық мәселелердің алдын алу жайлы бейне-
роликтер көрсетілуі тиіс. Халықты түрлі пайдасыз
жарнамалармен улағанша, жаһандық маңызы бар
проблемалармен күресуге шақырған жөн деп
ойлаймыз.
20-30% Бұл іс- шара
қанағаттандырарлықтай
дәрежеде орындалып жатқан
жоқ.
4
Тұрғын үй комплекстері көп шоғырланған аймақтарда
қоқыстарды пластиктер мен резеңке секілді
полимерлерге, қағаздарға, әйнектерге, тамақ
қалдықтарына және тағы да басқа қоқыс түрлеріне
ажыратып, жіктеп салатын, оларды
залалсыздандыратын, қайта өңдейтін орындар,
утилизациялайтын арнайы қондырғылардың болуы
шарт. Сол кезде ғана, халықта жауапкершілік оянып,
дайын тұрған қондырғыларды тиімді пайдаланады
деген ойдамыз.
0% Өңірімізде бұл мәселе әлі
де болса қарастырылмай
отыр. Алайда, жақын арада
іске асатынына сенім
білдіремін.
Зерттеу қорытындысы
Жұмысымызды қорытындылай келе, зерттеу сұрақтары болып табылатын басты, әрі
маңызды сауалдарға жауап таптық деп айта аламыз.
Жобаның басты мақсаты болып табылатын, еліміздегі экологиялық жағдайларға
жалпылама шолу жүргізіп, анализ жасадық. Экологиялық білімнің түрлі әдістерін пайдалана
отырып, қазіргі заманғы қоғамдағы көзқарасты қалыптастыру барысында экологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |