303
сананы жетілдіру,экопедагогика және экопсихологияны қолдану арқылы экологиялық
этиканың негізін салуға арналған бірқатар ұсыныстар ұсындық.
Қоршаған ортаның проблемаларымен күресу және алдын алу жолында іс- шараларды
таныстырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қайта өңдеу мәселелерін қозғадық.
Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстарын қорғау министрлігіне
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін ұсынып, қоғамның экологиялық
санасы толықтай қалыптасқан білікті өкілдері мен қарапайым халықтың көзқарастарына
салыстырмалы анализ жасадық.Экогуманитарлы әдістер арқылы тұрғындардың ой- санасына
әсер ету үшін сауалнамалар мен интервьюлер алынып, жалпы статистикалық көрсеткіштер
шығарылды.
Біздің болжауымыз бойынша, халықтың экологиялық білімі әлі де толық қалыптаса
қоймаған деген түйініміз жартылай расталды. Тек ересектерде ғана емес, балалар мен
жасөспірімдерде де экологиялық тәрбие мен ой- сананы қалыптастыру қажеттілігі бар деген
тұжырым дәлелденді.
Әдебиеттер:
1. Begon, M.; Townsend, C. R., Harper, J. L. (2006). Ecology: From individuals to ecosystems. (4th ed.). —
Blackwell. ISBN 1-4051-1117-8
2. Ахатов А. Г. Экология. Энциклопедический словарь.=Akhatov A.G. Ecology. Encyclopaedic
Dictionary.- Казань=Kazan, ТКИ, Экополис, 1995. . (тираж 5000), ISBN 5-298-00600-0
3. Ахатов А. Г. Экология и международное право.=Ecology & International Law.- М.: АСТ-ПРЕСС,
1996. (тираж 1000), ISBN 5-214-00225-4
4. Будыко, Михаил Иванович, Глобальная экология. — М., 1972.
5. Дмитриев А. Н., Шитов А. В. Техногенное воздействие на природные процессы Земли. Новоси-
бирск: Манускрипт, 2003.
6. Кочуров Б. И. География экологических ситуаций (экодиагностика территорий). — М.: ИГ РАН,
1997.
7. Кочуров Б. И. Геоэкология: экодиагностика и эколого-хозяйственный баланс территорий. — Смо-
ленск: СГУ, 1999.
8. Кочуров Б. И. Экодиагностика и сбалансированное развитие. — М.-Смоленск: Маджента, 2003.
9. Одум, Юджин, Основы экологии. — М., 1975
10. Одум, Юджин, Экология. 2 тома. — М.: Мир, 1986
11. Пианка Эрик. Эволюционная экология. — М.: Мир, 1981. .
12. Роман Саблин. Зелёный Драйвер — Код к экологичной жизни в городе. Издательства «Зеленая
Книга».
13. Стурман В. И. Экологическое картографирование. — Ижевск: Удмурт. ун-т, 2000.
14. Шимкевич В. М. Экология // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4
доп.). — СПб., 1890—1907.
Онлайн материалдар:
1. http://group
global.org/sites/default/files/publications/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D1%8F%20%D1
%8D%D0%BA%D0%BE%D0%BB%20%D0%B4%D0%B2.pdf
2. http://reference.allrefer.com/country-guide-study/kazakhstan/kazakhstan17.html
3. http://testent.ru/publ/studenty/osnovy_prava/ehkologicheskoe_pravo_respubliki_kazakhstan/40-1-0-1420
4. http://www.conserve-energy-future.com/15-current-environmental-problems.php
5. http://www.greensalvation.org/old/English/Publish_eng/Herald_2003-2004/2004_04.htm
6. http://www.inform.kz/en/review-ecology-in-kazakhstan_a2918841
7. https://prezi.com/ke1tilrfqf6i/ecological-problems-of-kazakhstan/
304
Жоба тақырыбы:
ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ АҒЗАСЫ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
АСПЕКТІСІ
Мамыр Гүлнұр ПСХ-21 топ студенті
Ғылыми жетекшісі пс.ғ.к., доцент Б.Ш. Байжұманова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Тамақтанусыз өмір сүру мүмкін емес. Тамақтану адам ағзасы мен табиғат арасын
байланыстырып тұратын негізгі құрал. Адам ағзасы – тамақтану – табиғи орта – тұтас
бірлікті құрайды. Осыған орай, ағзаның сыртқы ортамен бірлігі, ең алдымен химиялық
заттың тағамға енуіне байланысты тамақтанамыз. Тамақтану түрлі жеміс-жидектердің
қорытылуы мен адам ағзасына сіңуі негізінде жүзеге асатын болғандықтан, біз қоректенетін
тағамдарымыздың экологиялық сипатының маңызы зор. Егер дұрыс тамақтанбасақ, тек түрлі
ауру-сырқаттарды тудырып қана қоймайды, дұрыс тамақтанбау – адамның психологиялық,
эмоциялық саласын бұзып жайсыздықты тудырады. Сондықтан тамақтанудың
психологиялық, экологиялық жағына баса назар аудару қажет.
"Психика" ұғымының ішіне көптеген түрлі мәндер кіреді және де ол әр түрлі
салалардың жиынтығы болып табылады.
Адамның есте сақтау саласы, зияткерлік және шығармашылық даму, оқыту, тәрбиелеу
және басқа да көптеген салалар – психика ұғымын түсіндіреді. Алайда физикалық
денсаулыққа тікелей қатысты болып табылатын сала ол психоэмоционалды сала, яғни біздің
эмоцияларымыз бен сезімдеріміздің аясы.
Психоэмоционалды сала бұл қандай сала екенін анықтай түсейік.
Бұл сала құрамында психоэмоционалдық аясын құрайтын көптеген құрамдас бөліктері
болып табылатын немесе буындас жиынтықтарынан тұрады. Адамның психоэмоционалдық
саласына негізгілері болып сезім, эмоция, көңіл-күй мен психикалық күй кіреді.
Біздің жұмысымыздың мақсатына сүйене отырып, біз түйсік ұғымына тоқталып,
қысқаша түсіндіріп кетейік. Сезгіштік қабілеті - түйсік деп адамның қоршаған әлемге
қарапайым реакциясын айтады. Әрі бұл реакция ұғыну деңгейінде емес, тек ағзаның
рефлекстер деңгейінде жүреді. Мысалы, егер адамға суық болса - ол тонады, егер ол ұзақ
уақыт нәр татпаса – қарны ашады, егер гүлді иіскесе - әлдебір хош иісті сезінеді және т.б.
Демек, сезімдердің алуан түрлілігі қоршаған ортаның көптүрлілігін көрсетеді.
Айтарлықтай күрделі психикалық құбылыс - бұл эмоциялар.
Эмоциялардың сезімдерден айырмашылығы бұл адам қоршаған орта фактілерін өмірде
тек қана қабылдап қана қоймай, сонымен қатар оларға қатаң тұрғыда жеке даралық баға
береді. Эмоциялар саласында рефлекстер ғана жұмыс жасамайды, сонымен бірге субъектінің
жеке даралығы да қатысады. Мысалы, отыз градус ыстықта кез келген адам рефлекстердің
деңгейінде сезінеді және қатты терлеу арқылы реакция береді, алайда эмоция деңгейінде
реакциялар әр түрлі болуы мүмкін – біреуде бұл тітіркену туғызады, біреуге бәрібір, ал
басқасы қандай да бір ғанибет алады.
Мұны дәмдік сезімге де қатысты айтуға болады. Мысалы, дәмдік сезіну тек бір түрі:
қышқыл дәм (мысалы, қышқыл тас кәмпит немесе лимон). Алайда, бір адамға бұл ұнайды,
себебі бұл дәм оны сергітеді және оятады. Келесі адамға айырмашылық жоқ, ал үшіншісіне
тіпті ұнамайды, себебі ол тәттіні ұнатады. Осындай мысалдарға ұқсас бірнеше сезіну
түрлерін келтіруге болады.
Ежелден адами сезімдердің көптеген түрлі түрлері болды, бірақ неғұрлым кең тараған
және әмбебап жіктелуі болып қалатын жіктелулерінде сезім былайша бөлінеді:
• көру;
• есту;
• сипап-сезу (тактильдік);
• иіскеу;
Достарыңызбен бөлісу: |