Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет6/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

Реттегіштік механизмге келесі элементтер:
-  механизмді  іске қосушы инициатор;
- түпкілікті нәтижені бағдарламалық анықтау; 
әдістемелік қамтамасыз ету;
мақсатқа  жету  үшін  пайдаланылатын  ресурстар  түрлері  мен 
көздерінің жиынтығы ықпал етеді.
Реттеу  механизмі  көп  жағдайда  реттеу  қажеттілігін  айқын- 
дайтын  жағдайлар  мен  алғышарттарға  байланысты  болады.  Егер 
реттеу  қажеттілігі  қаржы  саласындағы  дағдарыстан  туындаса, 
онда  экономиканың  бір  тетігін  іске  қосу  керек,  егер  көнерген  эко- 
номикалық құрылым реттеудің алғы шарты болып жатса, онда басқа 
тетіктерді пайдалану керек.
Мұнымен  қатар  макро-  жэне  микроэкономикалық  шарттар- 
ды  да  ажырату  керек.  Макроэкономикалық  шарттарға  кәсіпкерлік 
қызметке  теріс  ықпал  ететін  және  инфляцияны,  жұмыссыздықты, 
бюджет  тапшылығын  жэне  т.б.  туындататын  жағымсыз  үдерістер 
жатады.  Микроэкономикалық  шарттарға  тауарлар  өндіру  мен  қыз- 
мет  корсету тиімділігінің төмендеуі,  кэсіпорындардың  банкрот бо- 
луы,  еңбек өнімділігінің төмендеуі жэне т.б.  жатады.
Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  механизмі  оған  ықпал  ету 
тетігі  жэне  элементі  ретінде  де  әрқилы  болады.  Ықпал  ету  тетігін 
таңдау мемлекеттің белгілі бір нэтижелерге қол жеткізуді көздейтін 
экономика  саласына  байланысты  болады.  Осыған  сәйкес  реттегіш 
механизмдерді жасау үдерісінің элементтері де ескеріледі.
1.3. Мемлекеттік басқару мен экономиканы 
мемлекеттік реттеу.
Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеу өзара байланысты 
жэне  өзара  тәуелді  екі  ұғымды  білдіреді,  бұл,  әсіресе,  экономика 
саласында айқын көрініс табады.
Мемлекеттік  басқаруды  өзінің  функциясын  орындау  үшін 
белгілі  бір  өкілеттік  берілген  билік  органдары  жүзеге  асырады. 
Мемлекеттік  басқарудың  дэстүрлі  функцияларына  меншікті  қор- 
ғау,  ұлттық  қорғаныс,  қоғамдық  тәртіпті  қорғау,  салықты  жинау 
және  қоғамдық  өндірістің  дамуымен  біртұтас  көлік  жэне  қуаттық 
жүйені,  үлттық  коммуникациялық  желілерді  қүруға,  халықты 
санитарлық-эпидемиялогиялық қорғауға. элеуметтік тұрақтылықты
17


және  элеуметтік  прогресті  қамтамасыз  етуге,  табиғи  объектілерді 
қорғауға жэне табиғатты пайдалануды реттеуге қол жеткізетін басқа 
да функциялары жатады.
Сонымен  қатар  қоғамдық  қатынастар  дамуының  жаңа  саты- 
лары  экономикада  едэуір  белсенді  позицияларды  иелене  бастаған 
мемлекеттік  ықпал  етудің  жаңа  (космостық,  ақпараттық-техно- 
логиялық,  нанотехнологиялық  жэне  т.б.)  салаларын  туындатты. 
Бұл бір жағынан, мемлекеттік билік органдарын қаражат пен күшті 
бір  орталыққа  шоғырландыруға  мәжбүрлейді.  Екінші  жағынан, 
соның  ішінде  мемлекетаралық  деңгейде  қорғаныс  қуаты  мен  ел 
экономикасының дамуы үшін  қоғамдық өндірістің жаңа салаларын 
жасауға жэне қолдауға мәжбүр болады.
Экономиканың жекелеген құрылымдарын реттеу бірінші қатарға 
шығарылады.  Бірақ  мемлекеттік  басқару  мен  мемлекеттік  реттеу 
бір қатарда тұратын құбылыс болып шықпайды.
Әкімшілік  құқық  жөніндегі  ғылыми  жэне  оқу  эдебиетте 
мақсатты  міндеті  бойынша  мемлекеттік  басқару  мен  мемлекеттік 
реттеудің  арасында  принципті  айырмашылық  жоқ,  яғни  екі  ұғым 
да  елдің  тұрмысы  мен  экономикасын  басқаруды,  белгілі  бір  ба- 
ғытта  жүргізуді  білдіреді  деген  көзқарас  бар.  Сонымен  қатар  елді 
мемлекеттік  басқару  оның  экономикасын  реттеуді  де  қамтиды, 
өйткені экономика мемлекеттің құрамдас элементі болып табылады. 
Осыған сәйкес бұл контексте «басқару» ұғымы «реттеу» ұғымынан 
кеңірек.  Мұнда олардың арасындағы айырмашылық ортақтық жэне 
айрықшылық арасындағы ерекшелік ретінде көрініс тапқан.
Басқару мемлекет пен  оның  бөлімдеріне  (органдарына)  қажетті 
белгілі  бір  тэртіпті  орнатуды  көздейді.  Ол  үшін  мақсатқа  жетудің 
заң шығарушылық, әкімшілік, күштік, саяси жэне басқа да тәсілдері 
пайдаланылады.  Олар  жер  мен  оның  қойнаулары,  әскери  өнеркә- 
сіп  жэне  т.б.  сияқты  мемлекеттік  монополияның  төл  салаларына 
жатқызылатын  басқару  үдерісінде  байқалады.  Дэл  осы  құралды 
мемлекеттік  органдар  кэсіпкерлер  -   пайда,  ал  мемлекет  пен  халық 
-   қажетті  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді,  жұмыс  орындары 
мен т.б сияқты  игілікті  көруі  үшін  өндірістің,  бөлудің,  айырбастың 
жэне түтынудың құрамдас бөліктерін үйлесімді тэртіпке келтіретін 
мемлекеттік реттеу үдерісінде  қолданады.
Осының  бэрінде  де  реттеу  басқарудан  бір  ғана  базалық  се- 
бептер  -   нысанды  меншіктеу  қүқығы  бойынша  айырмашылықта
18


болатынына  назар  аудару  керек.  Мысалы,  кеңестік  кезең  -   тек 
мемлекеттік  меншіктің  ғана  болу  кезеңі  еді  (ұжымдық  меншікті 
-   ұжымшарларды  қоспағанда),  мемлекет  (мемлекеттік  және 
партиялық  аппарат)  Ауылшаруашылықтың,  өнеркәсіптің  және 
т.б.  барлық  салаларын  толық  кұкылы  жэне  бір  қолдан  шығармай 
басқарды.  Жеке  меншіктің  пайда  болуымен  мемлекеттік  орган- 
дар  пайдалану  үдерісіне  тікелей  араласа  алмайды,  тек  ортақ 
мақсатта  пайдалану  үшін  жағдай  туғызуға  (ауыл  шаруашылығын 
субсидиялауға,  астықтың  шетке  әкетілуін  шектеуге,  өнімді 
әкелуге  жэне  шығаруға  кедендік  салықтар  салуға  жэне  т.б.)  ғана 
қабілетті.
Мемлекеттік  реттеуді  айқындайтын  басты  сипаты  оның  мем- 
лекеттік  (қорғаныс,  табиғи  монополия  салаларында)  болсын, 
мемлекеттік  емес  секторларда  болсын  нарықтың  барлық  шаруа- 
шылық  жүргізу  субъектілерінің  (кэсіпкерлік,  шетел  корпорация- 
ларының  жүмысы  т.б.)  қызмет  ету  шарттарын  жазып  көрсететін 
экономикалық  тәсілдер  арқылы  элеуметтік  экономикалық  үдеріс- 
терге ықпал етуді көздеуінде жатыр.
Екіншіден,  олардың  айырмашылықтары  мақсатқа  жету  тә- 
сілдерінен байқалады. Үшіншіден, айырмашылықтары басқару мен 
реттеу  тетіктерінен  де  көрініс  табады,  бүл  көп  жағдайда  жоғары- 
да  аталып  өткендей,  ықпал  ету  нысанына  меншік  құқығымен 
айқындалады.  Басқару ықпал етудің тікелей формаларын -  жоспар- 
лауды, міндеттеуді, бөлуді жэне т.б.  пайдалануды көздейді. Бүл рет- 
те  мемлекеттік  реттеу  нысандарының  спецификасы  болса  жанама 
тетіктерді  -   баға,  қаржы,  салық-несие  механизмін  пайдалануды 
көздейді.
Осылармен  қатар  мемлекет  үлттық  мүдеге  орай,  әсіресе  эко­
номика  саласында  қандай  да  бір  меншік  нысандарына  меншік 
құқығын  өзгерту  үдерісіне  араласу  құқығын  өзіне  қалдырады.  Ай- 
тар  болсақ,  бұл  жерді  мақсатына  сай  пайдаланбауда  оны  заңсыз 
жэне т.б. мақсаттарда пайдаланған жағдайда алып қоюға, тәркілеуге 
негіз  болып табылады.
Көп  жағдайда,  кез  келген  демократиялық  мемлекетте  меншік 
құқығы  -   ол  экономикалық  тұрақтылық  пен  дамуды  қамтамасыз 
ететін  базалық  жэне  бүлжымайтын  категория.  Меншік  құқығы 
сақталмайтын  елдерде  экономикалық  кері  кету  мен  әлеуметтік 
құлдырау байқалады.
19


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау