Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет57/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72

124 
 
іскерлік, ресми іскерлік, әдеби хаттар. Жазылу түрлеріне қарай қара сөз немесе 
өлең түрінде болып келеді. 
Эпистолярлық 
әдебиет 
жанр 
ретінде 
көне 
дәуірден 
бастала-
ды.Цицеронның,Горацийдің, 
Сенеканың 
хаттары 
эпистолярлық 
публицистиканың  негізін  қалады.Антикалық  дәуір  әдебиетіндегі  мәліметтер 
сол кездің өзінде хат жазу этикеті  болғанын көрсетеді. Мысалы:  сол дәуірдегі 
хаттарда  алдымен  жіберушінің  аты,  одан  кейін  алушының  аты,  амандасу 
формалары  мен  түрлі  тілек  мәнінде  жұмсалатын  сөздерден  кейін  барып  хат 
мәтіні жазылатын болған. 
Алтын Орда дәуірінде қазақ жерінде де пошта қызметі кеңінен тарады. 
ХVІІІ  ғасырдаеуропалықтар  хатты  кеңінен  жаза  бастады.  Көп  елдерде 
пошталық  байланыс  тәртіпке  келді,  хат  жалпыға  қолайлы  ақпарат  құралына, 
сондай-ақ  бос  уақытты  өткізудің  құралына  айналды.Кейін  хатпен  жазылған 
роман  пайда  болды.  Мысалы  орыс  жазушысы  Н.М.  Карамзиннің«Орыс 
саяхатшысының  хаттары»  (1789–1792)  –  Эпистолярлық  әдебиеттің  тамаша 
үлгісі.  «Хат  мәнеріндегі  роман»  –  психологиялық  және  әлеуметтік  роман 
реализмнің даму жолында маңызды роль атқарды. Бірақ ХІХ ғасырдағы роман 
тарихи хабарлау, жанұялы хроника негізінде дамиды, А.С.Пушкиннің «Роман в 
письмах» (1829), Ф.М.Достоевскийдің «Бедные люди» (1845) – дәуірдің ақырғы 
романдары. 
Қазақ  хандығының  550  жылдығы  қарсаңында  25қазақ  хандары  мен 
сұлтандарыныңғылымға  белгісіз  болып  келген  хаттары  екі  том  болып 
жарияланды.  Жинаққа  811  аударма  және  250  хаттың  түпнұсқасы  (факсимле) 
кірген.  Хаттардың  көпшілігі  алғаш  рет  жарияланып  отыр.  Олардың 
хронологиялық шеңбері 1675–1821 жылдар аралығын қамтиды. Жинақта Орыс 
географиялық  Қоғамының,Тарих  музейінің,Этнография  музейінің,  Третьяков 
галереясынан,  Эрмитаждан,  орыстың  өнер  музейінен,Киевтің  ұлттық 
музейінент.б.  әлем  мұражайларынан  алынған  113  иллюстрация,  карта, 
бейнесуреттер бар. 
Қазақ  хан-сұлтандарының  бір-біріне,  көрші  елдердің  билеушілеріне  жазған 
хаттарынан  сол  замандағы  саяси  ахуал  жөнінде,  қазақ  атқамінерлерінің 
күнделікті тұрмысы жөнінде мәлімет аламыз.  
Қазақтың  алғашқы  ғалымдарының  біріШ.Уәлихановтың  хаттары  оны  үлкен 
парасат иесі, азаматтық болмысы жоғары, туған халқының мәдени-ағарту ісінің 
жанашыры  екендігін  көрсетеді.  Әкесімен  жазысқан  хаттарынан  оның  қазақи 
болмысын көреміз. 
Қазақ  тарихына  байланысты  шетелдік  қайраткерлері  қалдырған  хаттары  баға 
жетпес тарихи дерек екендігі талас тудырмайды.Мысалы, 1861 жылы Парижде 
француз  тілінде  жарық  көрген  поляк  халқының  аяулы  азаматы  Адольф 
Янушкеевичтің  қазақ  халқының  өткен  ғасырдағы  ұлттық  салт-санасы, 
тұрмысының  дәйекті  құжатына  айналған  хаттары  тамаша  тарихи  дерек. 
Француздар  сақтап,  бүгінге  жеткізген  А.Янушкеевич  хаттары,  Зелинскийдің 
«Қазақ  даласы»  поэмалары,  академик  Алексеев  ашқан  алғаш  «Владимир  мен 
Зара» –әлемдік өркениеттің шедеврі десе де болғандай. 


125 
 
Қазақ 
әдебиетінде 
Ш.Уәлиханов 
пен 
Ы.Алтынсариннің 
орыс 
достарына,Абайдың  өз  туыстарына  жазған  хаттары  –  эпистолярлық  қымбат 
мұра. 
Шоқанның  орыс  әкімшілігінің  басшыларына,  әріптестеріне,  достарына  және 
ағайын-тустарына  жазған  елуден  аса  хаттары  жарияланды.Шоқанның 
ұлылығын  танытатын,  оны  биіктете  түсетін  нақты  мәліметтердің  бірі  –  өзі 
ерекше  сүйіп,  бағалаған  достарымен  жазысқан  хаттары.  Осы  хаттардың 
әрқайсысынан да Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі. 
Ш.Уәлихановты  туыстары  да,  айналасындағы  достары  да  өте  жақсы  көріп, 
құрметтеген. Өйткені, ұлы ғалым өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білген. 
Бұл  Шоқанның  тектілігіне,  өскен  ортасы,  алған  тәрбиесіне  де  байланысты 
шығар. 
Шоқанның  Федор  Достоевскиймен  он  тоғыз  жасында  танысқаны  белгілі. 
Кейіннен әлемге әйгіленген бұл жазушы осынау жас жігіттің қабілет-қарымын 
бірден  байқаған  секілді.  Шоқаннан  он  төрт-он  бес  жастай  үлкендігі  бар  ол 
осынау  дарынды  жасқа  бірден  құлай  жығылып,  екеуі  тез  тіл  табысады.  Көп 
ұзамай-ақ  бұл  таныстық  мәңгілік  аңызға  айналатындай-ақ  ұлы  достыққа 
жалғасқан. Оның дәлелі – екеуінің жер-жерде жүріп бір-біріне жазған хаттары. 
Өкініштісі  оның  жазған,  оған  жазған  хаттардың  көпшілігі  сақталмаған.Бұл 
жайында зерттеуші М.Фетисов: «Эпистолярное наследие Чокана Валиханова не 
сохранилось  полностью:  до  нас  дошло  только  два  десятка  его  писем.  Но  все 
они  за  очень  редким  исключением  представляют  документы  большой 
историко-литературной  ценности,  в  которых  отчетливо  выражен  публицис-
тический  характер,  и  отличаются  глубокой  идейностью  и  широким 
социальным  диапазоном...  Новаторство  Чокана  Валиханова  в  эпистолярном 
жанре  состояло  в  том,  что  он  сумел  придать  ему  публицистическую  силу  и 
остроту»,  –  деген  ой  айтады  [Зарождение  казахской  публицистики.  –
Алматы:Каз.  гос.  изд-во  худ.  литературы,  1961.  –215].  Ғалымның  бұл 
тұжырымына  қосыла  отырып,  Шоқанның  профессор  И.Березинге,  П.Семенов-
Тян-Шанскийге, 
Н.Курочкинге, 
Г.Колпаковскийге, 
А.Майковқа, 
К.Гутковскийге, Ф.Достоевскийге, Г.Потанинге және өмірінің ең соңғы сәтінде 
әкесіне  жазған  аманат  хатының  небір  өзекті  мәселелерге,  қазақи  ұрпақ 
тәрбиесіне арқау болғандығын аңғаруға болады. 
Қазақтыңмұңы  мен  зарын  айта  білген  хаттардың  озық  үлгілері  қатарында 
Ы.Алтынсарин  мен  Ш.Уәлиханов  хаттарын  жатқызуға  болады.  Шоқанның 
хаттары  –  қазақ  эпистолярлық  публицистикасының  көш  басында  тұрған 
таптырмас  туындылар.  Бұлай  деуімізге  негізіміз  де  бар.  Мәселен,  оның 
хаттарын  елеп-екшеп,  оның  өзіне  тән  ерекшелігін  саралар  болсақ,  мынадай 
қорытындыға келеміз: 
1.Хаттардың  деректілігі  (күні,  айы,  жылы,  қай  жерден  және  қай  жерге 
жіберілгендігі т.б.). 
2.Фактілер дәлдігі (қандай мәлімет келтірсе де нақты жер-су атауы, адамдардың 
есімдері жинақы, ұғынықты түрде беріледі). 
3.Ықшамдылығы (шұбалаңқы сөздер тіпті де кездеспейді десе болады). 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау