54
Жатар алдында анасының баласына айтатын ертегісін халықтың еріккеннен
ойлап тапқан дүниесі деп ойлау үлкен қателік болар еді. Ұзақ жылдар бойы
халықтың есінде екшеленіп қалған ертегілер мен аңыздарда тұнып тұрған тарих
бар. Ертегі халық прозасының дамыған, көркемделген түрі. Ол әрі
тәрбиелік, әрі көркемдік-эстетикалық рөл атқарады. Ертегінің негізін
қалаған жанрлар деп мифті, хикаяны, әпсананы айтамыз. Ертегі пайда
болған заманда халық оны қиял деп қабылдамаған. Онда баяндалатын оқиғаға
толық сенген. Әлбетте, ертегі адам есінде қалу үшін оны ойдан шығарылған,
адам сенбейтін, шым-шытырық уақиғалармен көркемдеген. Алғашында шын
болған уақиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған
сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Бұл
күнде қазақ ертегілері том-том кітап болып басылып жатыр. Тарихшының
міндеті – осыларды деректанулық сыннан өткізіп, өз кәдесіне жарату.
Үлкен тарихи мағлұмат беретін деректердің тобына қазақтың аңыздары
жатады.Миф дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтін
ғылым мифология– адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы
тарих кезінде пайда болды.Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды.
Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы.Аңыз– халық қиялынан туған ғажайып
қызық оқиға, әңгіме.
Өмірден ерте озған Қондыбай Серікбол деген жас ғалым арғы қазақтардың
аңыз-әңгімелеріне өзінің 4 томдық еңбегін арнады. Қазақ фольклорының көп
жылдар бойы зерттеген профессор Немат Келімбетов ертедегі ғұн
тайпаларында дастандардың болғаны жөнінде болжам айтады. Еділ Бабамыз
жөнінде европа халықтарында «Песень о небелунгах» және «Песень о моем
Сиде» деп аталатын дастандардың барлығы белгілі. Одан кейінгі тарихи
аренаға көтерілген түркі тайпаларында аңыз-әңгімелердің көп болғандығын
Махмуд Қашғари өз сөздігінде атап көрсетеді.
Ауызша деректердің келесі бір тобына ықылым заманнан бері халық арасында
тарап келе жатқан мақал-мәтелдер жатады. Мақал – нақыл сөздің бір түрі.
Өмір құбылыстарын жинақтайтын, оларды бір қалыпқа келтіретін, бір не
екі тармақтан құралып, алдынғысындашарт не жалпы пайымдау, соң-
ғысында қорытынды шығаратын, түйінді пікір айтатын, өте ықшам,
бейнелі халықтық поэтикалық жанр. Ғасырлар бойы екшеленген, қырланған,
алуан мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі. Қазақ арасында бүгінде кең
таралған мақалдардың көпшілігін Махмуд Қашқари сөздігінен, Жүсіп
Баласағұни еңбектерінен кездестіріп жүрміз (Атасы бір әрі тартады, анасы бір
бері тартады. Үйлену оңай, үй болу қиын.). Қазақ мақалдарына әдеби талдау
берген қазақтың белгілі ғалымы профессор Сейіт Қасқабасов. Кейбір елдерде
мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым бар. Оны паремиология деп атайды. Бұл
гректің паремиа –нақыл деген сөзінен шыққан.
Енді мәтел сөзге тоқталайық. Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп
айтпайтын, бір-бірімен кереғар шеңдестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды,
қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мәтел мақалға жақын, сынар тармақ болып келеді.
55
Сөз үстемелене келіп түптің түбінде оның мақалға айналуы мүкін. Мақал мен
мәтел бірін бірі толықтырып тұратын жанр.
Мақал мен мәтелдерді халық өзі туғызған. Ол қоғамның, жеке тұлға өмірінің
барлық саласына қатыстыайтылады. Сондықтан да оның деректік маңызы өте
жоғары. Мәселен Махмұд Қашқаридағы «Диірменде туған тышқан, тарсылдан
қорықпайды» – деген мақалдан, сол кездің өзінде көне түркілер диірменге ұн
тартқаның білеміз. Келесі бір мысал Орхон жазуларында, Күлтегінде толып
жатқан мақал-мәтелдер халық жадында бар. Мақал-мәтелдерден біз сол
замандағы халықтың шаруашылығына, мәдениетіне, рухани дүниесіне
байланысты мәліметтерді көптеп кездестіреміз.
Қазақ фольклорындағы батырлар жыры ең құнды тарихи дерек болып
табылады. Ол ғылымда «Қырымның қырық батыры» деген атпен белгілі. Осы
күнде барлығы дерлік жаряланды. «Қарақыпшақ Қобыланды» жырының
тарихилығы дәлелденді. Эпостағы жырланатын тұлғалардың көпшілігі тарихта
болған адамдар. Эпос шығару өнері қазақ қоғамында ХІХ ғасырға дейін өз
жалғасын тапты. Оған дәлел Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбайы»,
Нұрқан Ахметбековтың «Қарауыл қырғыны» эпосы.
4. Қазақ ақындарының шығармаларындағы
тарихи проблемалар
Ауызша тарихи деректердің үлкен бір тобы қазақ ақындарының шығармалары.
Ханның қордасындаәр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар – халық
поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі
уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.
Жыраулар поэзиясы сонау көне заманда пайда болып,әсіресе, Қазақ хандығы
тұсында (XV ғасыр)кең өріс алды.
Жыраулардыхалық қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда
немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай
кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп
(дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. ХV–ХVII
ғасырлар арасы жыраулар поэзиясының гүлденген заманы.
Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық
жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың
толғауларының негізгі тақырыптары – туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау,
елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Тарихта белгілі алғашқы жырау найман руынан шыққан Кетбұға. Оның
Жошының өліміне байланысты шығармасы жөнінде дерек бар. Өкінішке орай
оның толық нұсқасы бізге дейін жетпеген. ХIV ғасырдың аяғында өмір сүрген
соқыр Ахмет, Фарқылық, Сыпыра жырау Сұрғұлтайұлы, Асан қайғы, Жұмақұл
жырау, Шеге, Шорман және Бақтияр жыраулардың шығармаларында тарихи
мағлұматтар мол. Одан кейінгі ғасырларда өмір сүрген Қазтуған Сүйіншіұлы,
Доспанбет, Шалкиіз Тіленшіұлы, Жиембет және Марқасқа жырау, Қожаберген
Достарыңызбен бөлісу: |