71
еркімен, өз қалауымен қандай оқиғалар мен өмірінің жайттарын бөліп
көрсететінін өзі шешеді. Сонымен қатар сұхбат беруші қандай категорияларды,
ұғымдарды, сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланатыны да маңызды.
Нарративтік талдау биографиялық немесе тақырыптық сұхбатты сапалы түрде
талдауға жетелейді. Ф. Шютц, В. Фишер, Г. Розенталь, Дж. Брунер –
нарративтік талдаудың методологиялық негіздерін жасаған ғалымдар.
Айтылған әңгімелерді (нарратив) оқу, түсіндіріп беру және талдау бір-біріне
тәуелсіз холистикалық тәсіл немесе «категориялық versus» және мазмұндық
тәсіл немесе «формал-дық versus» өлшемдерімен жүреді.
Бұл екі өлшемнен нарративті интерпретациялаудың төрт моделі туындайды:
холистикалық – мазмұндық, холистикалық– формальдық, категориялық –
мазмұндық және категориялық- формалдық. Категориялық тәсіл толық
мәтінді не түрлі респонденттерден алынған бірнеше мәтінді секцияларға бөлу
және ондағы сөздерді категориялармен байланыстырып талдауды білдіреді.
Холистикалық тәсіл материалды тұтас қарастырып мәтін-нің әрбір бөлігін
басқа бөліктердің контексінде түсіндіреді. Категориялық тәсіл белгілі бір
мәселені не феноменді түсіндіруге ыңғайлы. Тұлға өмірін тұтас зерттеуге
холистикалық әдіс қолайлы. Мазмұндық тәсіл оқиға туралы әңгіменің фактілік
ақпаратын талдайды: тұтас оқиғаның, не оның бөліктерінің мәні мен маңызын,
мүдделердің көрінісін, информанттың тұлғалық ерекшелігін, т.с.с. Формалды
талдау әңгіме сюжетінің құрылымын, оқиғалар реттілігін, уақыттық сәйкестігін,
көңілкүй мен сезімдерге қатысты сөйлеу стилін, қолданылған метафоралар, т.б.
анықтау үшін қолданылады. Нарративті зерттеп жүрген ғалымдар «кездейсоқ
оқиғалар» тәжірибесін баяндайтын жағдайлармен жиі ұшырасатындарын
айтады.
Дискурс және нарратив
Дискурс (фр.) – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурсдегеніміз
уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас,
дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы,
құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Дискурс– сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау
беретін ұғым. Структуралистер ғылыми айналымға қосқан бұл ұғым
философияда, әлеуметтануда, семиотикада мәдениеттануда, когнитивтік
талдауларда қолданылады. Дискурс ұғымы арқылы қандай да бір тікелей
оқырманға не тыңдаушыға бағытталған концепция (ғылыми, философиялық)
белгіленеді. Дискурс адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-катынасынан
кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың
бірлігін айқындайды.
Француз әдебиеттанушысы Жан Франсуа Лиотар наррацияны дискурстың бір
түрі деп есептейді. Ал енді екінші бір неміс ғалымы Иенс Брокмейер
нарративті дискурстың бір түрі деп есептейді. Соныменен лингвистика дәне
әдебиеттану ғылымдарында нарратив және дискурс ұғымдары бірімен бірі
байланысты бірімен бірі өмір сүре алмайтын түсініктер.
72
Тарихи нарративтер
Осы күні барлық гуманитарлық ғылымдар пайдаланып жүрген наративті
деректер тарих ғылымының аясында пайда болған. Тіпті орта ғасырда
«нарратитві тарих деген» термин де болған. Оның мәні тарихи оқиғаларды
логикалық ретімен емес контекст және интерпритация призмасы негізінде
қарау болды. Яғни нарративтің негізінде оқиғаның өзі емес ол туралы әңгіме
жатты. Соныменен тарихи нарратив әңгімедегеніміз оқиғаның объективті
баяндалуы. Нарратитвке трактат, хроника, кейбір фольклорлық және
литургиялық сияқты тарихи мәтіндер жатады. Нарративті дерек дегеніміз
нарративті баяндауы бар мәтіндер мен хабарламалар.
Й. Брокмейера жәнеР. Харре сияқты ғалымдар барлық кез келген мәтіннің
тарихи нарративке жата беретініне қарсылық білдіреді.Мысалы кейбір
«өмірбаяндық» мәтіндер уақыт өте келе өзгеріске немесе редакциялауға
ұшыраған. Ондағы фактілердің объективтілігіне сенім аздығын алға тартады.
Дегенмен болған оқиға барысы одан өзгермейді. Деректанушы контекстен өзіне
керегін сын елегінен өткізіп барып керегіне жаратады. Бәрімізге белгілі,
өмірбаян иесі өзі туралы бар шындықты айта бермейді. Өзі туралы мәліметте ол
жамандығын жасырып, жақсылығын асырып жазуы әбден мүмкін.
Нарративті деректерді адам жасайды. Сондықтан онда субъективті
факторлардың әсері бар. Адам белгілі бір әлуметтік топтың немесе қоғамның
мүшесі. Қоршаған орта, елдегі саяси ахуал, жазушының білімі,
қызметі,қоғамдағы орны, жас мөлшері сияқты факторлар нарративті
деректерден көрініс табады.
Соныменнарратив дегеніміз өзіндік құрылымы бар логикалық байланыстағы
әңгіме. Автор өзінің өмірлік тәжрибесіне қарай айналасында болып жатқан
құбылыстарды қабылдап өзін өзі тануы және өзін жұртқа таныстыруы.
Тарихи нарратив арқылы тарихи тұлғалардың өмірге деген көзқарасын ескере
отыра сол заманның болмысынан мәлімет аламыз. Кейде автор сол оқиғаның
қатнасушысы немесе оның куәгері.
Нарративті деректерді топтау
Ортағасырлық нарративті деректерге мына төмендегілер жатады:хроника
(грек.–уақыт)– тарихи оқиғаларды хронологиялық тәртіппен сипаттау дегенді
білдіреді.Хроника тарихи туынды ретінде Ежелгі Рим империясында пайда
болып, Византия мен Батыс Европада дамыды. Әдетте, хроникалар өзінің
баяндауын ғылымның қалыптасуынан бастайды. Хронографтардың аударма-
лары негізінен Болгарияда жүргізілген. Русьте жасалған хроникаларды
хронографтар деп атайды. ХІІ ғасырдың соңынан бастап ХVІІІ-ға дейінЛивония
мен Шығыс Балтық елдерінде хроника маңызды тарихи дерек болып табылады.
Солардың ішіндегі ең танымал: ЛатвиялықГенрихтың «Хроника Ливонии»(XIII
ғасырдың алғашқы жартсы.), «Рифмованная хроника» (XIIIғасырдың соңы.),
«Новая рифмованная хроника» Б. Гёнеке (XIV ғасырдың орта шені.)
Достарыңызбен бөлісу: |