212
2.
Университеттік
газеттерде
жəне
басқа
баспа
орындарында, радио мен телевизияда дене мəдениеті мен спорт
мəселелерін көтеруге жқртты белсендірек қатыстыру.
3. Факультет жанынан дене мəдениеті мен спортты
насихаттау бюросын құру.
4. Бірінші курс студенттері үшін есепке алынатын талаптар
(2 семестр)
Университеттің көп тиражды газетіне, немесе басқа
баспасөз орындарына, ақпарат, не фотосурет дайындап бастыру,
радио телевизия арқылы сөйлеу (тандауы бойынша).
Сірə, журналистика факультетін бітірушілерге төмендегідей
арнаулы білім мен білгірлікті игеру қажет болар:
1. Ең бұқаралық спорт түрлері туралы жеткілікті хабардар
болу.
2. Спорттық терминдердің біршамасын білу
3. Спорт жарыстары мен мерекелерінен репортаждар
дайындап, жүргізу.
Бəрімізге мəлім, бір оқиғаны терен түсіну үшін, соны іштен
біліп шығуың керек. Дене мəдениеті саласына келетің болсақ,
спорт бір түрімен, шүғылданып, немесе дене жаттығулармен
үнемі айналасып, солардың ағзаға, жұмысқабілетіне тиетін
əсерің өзін сезінбей, сол туралы дурыс пікір туындамайды. Сол
туындаған пікірлерді мамандардың ғылыми дəлелденген
мəліметтермен салыстыру қажет.
Жоғарыда игеруге қажетті білімдерді қалыптастыруға
қазіргі танда Қазақстан республикасында əдебиетке сүйену
қажет деп ойлаймыз:
1.ҚР президентінің өкімі « ҚР 2007-2011 жылдарға арналған
дене
тəрбиесі
мен
спортты
дамытудағы
мемлекеттік
бағдарламасы» - ҚР үкіметінің қаулысы . - № 280 30
желтоқсаннан 2006ж.
2. Куаныш Т.Ш. Дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесі
/Болашақ дене тəрбиесі мүғалімдерің кəсіптік бағытта дайындау
мəселелеріне арналған оқу қуралы. - Алматы: Республикалық
баспа кабинеті, 1996. - 185 б.
3. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене мəдениеті жəне
спортттың ілімі мен əдістемесі//Оқу қуралы /2- басылым.
213
Өнделіп толықтырылған. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ, 2009. – 260 б.
4. Иванов Г.Д., Караков А. Дене тəрбиесі /Оқу қуралы. –
Алматы: Санат жəне Мирас, 1995. – 173 б.
5. Толковый
словарь спортивных терминов: Около
7400 терминов /Сост: Ф.П.Суслов, С.М.Вайцеховский. –
М.:Физкультура и спорт, 1993. – 352с.
6.
Спорттық
терминдердің
энциклопедиялық
сөздігі
//А.Құсаиновтың жалпы ред. – Алматы, Рауан, 1995. – 220 б.
7. Қаражанов Б.Қ., Аманбаев Р.Р., Калдыбаев М.К. Дене
тəрбиелеу мəдениеті жəне спорт ілімі мен методикасының
түсініктері. – Алматы, 1992. – 45 б.
8. Иванов Г.Д., А.К.Кұлназаров. Студенттердің дене
тəрбиесі//Оқулық. – Астана, 2008. – 220 б.
Болашақ жоғары білікті заңгерлерді, тексерушілерді жəне
ішкі істер министрлігінің органдарының басқа қызметкерлерін
даярлауда кəсіптік-қолданбалы дене тəрбиесі жайындағы
мəселелеріне аса көңіл бөлу керек. Оны, мамандарға жан-жақты
жəне арнаулы дене тəрбиесі дайындығы, қолданбалы машықтар
мен қабілеті жөніндегі жоғары талаптар қоятын, оларды кəсіби
қызметінің ерекше жағдайлары қажет етеді.
Жеңіл өнеркəсіп инженерлері мен технологтардың еңбек
жағдайының ерекшеліктері мыналар:
1. Ұзақ уақыт қозғалыста болуы – конвейерлерді аралау.
2. Есту органдарын бұзатын, машиналардан ауасы
ластанатын үй жайда болуы.
3. Технологтардың ақаудың себебін тауып, оны жөндеуіне,
жаңа үлгілер жасап, өндіріске жіберуіне, күрделі өндіріс
жағдайын тез бағдарлауына байланысты миға салмақтың көп
түсуі.
Сондықтан да болашақ инженер-технологқа жоғары оқу
орнында өткізген барлық жылдарында өзін осы кəсіпке
дайындап, орталық нерв жұйесі мен жүрек-қан тамырлары
жұйесінің жақсы жағдайын қамтамасыз ететін дене тəрбиесі
жаттығуларымен айналысу керек.
Жеңіл өнеркəсіптің инженер-технологы күніне 1 сағаттық
үзілісті қоспағанда, 8 сағат жұмыс жасайды. Осы барлық жұмыс
214
уақытында ол үнемі қозғалыста болады, немесе, еңкейіп жұмыс
жасайды. Сол көп жыл бойы жоғары жұмыс қабілетін сақтау
үшін студенттік өмірде:
1. Жалпы төзімділікті,
2. іске ықыласты,
3. жан-жақты дене тəрбиесі дайындығын,
4. қозғалыс əрекеті мен машықтарын дене тəрбиесі арқылы
қалыптас тыруды жетілдіру аса қажет.
Оператор-диспетчерлік кəсіптің шарттары мен сипаты:
1. Операторлар мен диспечерлердің өндірісті қызметі аз
қимылдау
жағдайында,
көбіне,
отырған
күйде
жүзеге
асырылады, мұның өзі денсаулық жағдайына жəне дене тəрбиесі
дайындығына кері əсерін тигізеді.
2. Еңбек сипаты – сезімталдығы мен нервісінің ширығуы
қатар жүретін ойлау қызметі.
3. Осы кəсіп өкілдерінің түрлі дəрежеде көру қəбілеті
нашарлайды, ағзаларының жүрек-қан тамырлары жəне тыныс
жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері төмендейді. Осыған
орай кəсіби аурулар деп артрит жəне кұян (радикулит), суықтан
болатын дерттерді айтады.
4. Олардың денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеті сұрақ-
жауап бойынша негізінен аз мөлшерде қанағаттанарлық деп
бағаланып жүр.
5. Ағзаның жалпы қажуының белгілі болатын кезі,
диспечерлердің айтуы бойынша, 3-4 сағаттық жұмыстан кейін
болса керек, ал жұмыс аяғына қарай, əсіресе,, түнгі кезекте
тұрғанда одн асып түседі екен.
6. Олардың жұмыс қабілеті мен іске ынтасы төмендейді,
əсіресе, студент кезінде кім аз ауырпалық тартса, жəне қазіргі
кезде дене тəрбиесімен жеткіліксіз айналысса, типті, онымен
айналыспаса, айтарлықтай көп деңгейде төмен болады екен.
7. Жұмыс кезінде қолайлы, əсіресе, эспандерді, резеңке
серіппелерді, батпандарды, шынтақ динамометрлерін жəне
басқаларын қолдану арқылы жаттығулар жасау қажет.
8. Өнімді жұмыс үшін қажетті ең басты тұлғалық қасиет –
төзімділік.
9. Жұмыс кезегін ауыстыру кезінде оларда жұмыс жасау
қалпын өзгерту ниеті пайда болады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |