7
АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СПЕЦИАЛЬНОГО И ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
УДК 376(091)
МРНТИ: 14.29.00
Аутаева А.Н.
1
, Қошжанова Г.А.
2
1
Арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі
пс.ғ.к.доцент akbota-n@mail.ru
2
6D010500 Дефектология мамандығының 1курс PhD докторанты
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан
ҚР АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Аңдатпа
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу Қазақстанда өткен ғасырдың20-
жылдардың басында бастау алған. Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен
тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің карама-кайшы жақтарын аныктау және
дамуында ауыткуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге
сәйкес құруды қамтиды.Сонымен, Қазақстанда ауытқулыктары бар балаларға арнайы білім беру
жүйесінің құрылуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-жылдардан бастау алған. Аталмыш
балаларға білім мен тәрбие беруді дамытуды сол кезеңнің танымал тұлғаларының қызметтері
үлкен рөл атқарды. Ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудың алғашқы
қадамдары ресейлік тәжірибені ұйымдастыру негізінде әзірленген.
Республикадағы ауытқулары бар балаларға арнайы білім беру мен тәрбие беруге
байланысты жүргізілген зерттеулер арқылы сол жүйенің мәселелері мен әлсіз жақтарын ғана
анықтап қоймай, оның болашақта даму беталысын анықтауға болады.
Түйін сөздер: арнайы білім беру, мүмкіндігі шектеулі, тәрбие, оңалту.
Аннотация
Аутаева А.Н
1
. Кошжанова Г.А.
2
1
Заведующая кафедрой специального образования
к.пс.н.доцент
2
Докторант PhD по специальности 6D010500"Дефектология", 1курс
История развития специального образования в РК
Развитие системы обучения и воспитания детей с нарушениями развития в Казахстане
началось в начале 20-х годов прошлого столетия. Большую роль в развитии образования и
воспитания детей сыграли общественные деятели, детели культуры и ученые того периода. Их
труды и стали основой развития специального образования в РК. Отечественные педагоги и
государственные деятели развивали систему специального образования, учитывая особенности
казахской культуры. В целом анализ развития системы специального образования в РК показал,
что к концу 90-х годов 20-го века сложились устойчивые традиции обучения детей с
недостатками в развитии в закрытых учебных заведениях. Эти традиции были закреплены как
ведомственными нормативами (приказами, методическими рекомендациями, учебными
программами), так и раздельной системой профессиональной подготовки кадров.
Ключевые слова: специальное образование, обучающиеся с ограниченными
возможностями,
воспитание, реабилитация,
Abstract
Autaeva А.N
1
., Koshanova G. A.
2
1
k.ps.s.
docent
Head of special education Department
2
PhDDoctoral student оn 6D010500"Defectology",
History of development of special education in Кazakhstan
The development training and education system concerning Children with disabilities in
Kazakhstan started in the early 20-ies of the last century. Modern trends in the development of special
education and special marks to identify the different periods of time contradicts help in the development
of children and identifying non-traditional form, in accordance with includes the creation of public
8
education. Overall, the analysis of the special education system in Kazakhstan showed that by the end of
the 90s developed a strong tradition of teaching children with disabilities in the development of in closed
institutions. These traditions have been fixed as the departmental regulations, orders, guidelines, training
programs, and separate system of vocational training.
Keywords: special
education, the disabled pupil, education, rehabilitation
ҚР-дағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Тарихи
деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен
сипаттайды. Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының
анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің карама-кайшы жақтарын аныктау және дамуында
ауыткуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес
құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы аныкталған
тарихи кезенде көрініс тапты.
Қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен
көзқарастары тарихтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жиі кездеседі.
Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов және т.б. болды.
Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып,
тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің калыптасуына бағасыз үлес қосқан.
Азамат соғысы кезінде, ашаршылық, эпидемия және т.б. айғакты себептердің соның
ішінде: арнайы мектептердің аздығы, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде
мүмкіндігі шектеулі балалар, бұзақылар қайыршылар көбейіп кетті.Бұл мәселелерді шешу, яғни
ауытқулығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі
Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс істеу тәжірибесі аздығы болған, ауытқулығы бар балаларды
мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы
тұлғалардың ауытқулығы бар балалардың мәселесіне көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды.
Қазақстанда ғылым мен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді, данышпандары
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. мүмкіндік туғызды.Ғалымдардың педагогика
жене психологияның мәселелеріне ой пікірлері құнды болды.А.Байтұрсыновты қазақ қоғамында
білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол
оқу-тәрбие
жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. Мағжан өз еңбегінде психология
пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз
білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен
бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу
нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол «білу яки ақыл,
сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері» деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға
үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырған.
Олардың ғылымның дамуына, психологияның білім деңгейіне көңіл аударуы сол заманда
маңызды орын алды және сол негіздің қалыптасу салдарынан арнайы білім беру жүйесі дамыды.
Қазақстанда ауытқушылықты алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы
Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. Бұл конференцияда ең
бірінші рет дамуында ауытқулыктары бар балаларга арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше
көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру мәселесі, оларды оқыту, тәрбие
беру мекемелерінің ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара
байланыстары қарастырылған. Балалардың ауытқулығына байланысты күрес балалар арасындағы
қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен катар жүреді. Балалар үйі, панасыз балаларға арналған
коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру-түзету пунктері ашылды. Ал
ауытқулықтары бар балаларға арналған мамандырылған мекемелер біздің республикамызда баяу
дамыды.
1921жылы Орынборда ең алғаш рет зияты зақымдалған және естімейтін сөйлемейтін
тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқулықтары бар
балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922ж Республикада әртүрлі ауытқулықтары бар
балаларға арналған арнайы мектептердің кажеттілігі өсе берді. 1926 жылы еліміздің білім берудің
дамуыту жобасында арнайы мектептер ашу қарастырылған болатын, бірақ экономикалық
жағдайдың киыншылықтары мұны жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған.
Сонымен, Қазақстанда ауытқулыктары бар балаларға арнайы білім беру жүйесінің
құрылуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-жылдардан бастау алған. Аталмыш балаларға
білім мен тәрбие беруді дамытуды сол кезеңнің танымал тұлғаларының қызметтері үлкен рөл