11
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН
БАЛАЛАРДЫҢ CӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Аңдатпа:
Мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
эксперимент негізінде анықталып, сипатталған.Соған сәйкес 3,5-5 жас аралығындағы балалардың
сөйлеу тілінің даму көрсеткіштерін тексеру әдістемелері іріктеліп жасақталды. Тексеру
әдістемелері сөйлеу тілінің барлық компоненттерін, яғни грамматикалық, лексикалық, дыбыс
айту мен байланыстырып сөйлеу тілін анықтауға бағытталған. Мұнда сөйлеу тілінің жеке
компоненттеріне талдау жасалып, ортақ көрсеткіштер есептелініп шығарылды.
Бұл ақпарат мектеп
жасына дейінгі сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға қолданылатын коррекциялық
технологияларды іріктеу үшін қажет. Іріктеу жұмысы болашақта коррекциялық технологиялардың
қолдану тиімділігін арттыру үшін де, мектепке дейінгі балаларда сөйлеу тілінің жалпы
дамымауын түзету үшін де маңызды. Ол балаларға кейінірек мектеп бағдарламасын сәтті игеруне
көмектеседі.
Түйін сөздер:сөйлеу тілінің жалпы дамымауы,коррекциялық технологиялар, орталық
жүйке жүйесінің резидуальды-органикалық зақымдалуы, байланыстырып сөйлеу тілін тексеру
әдістемесі, сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымының деңгейін тексеру әдістемесі, сөздік қорын
тексеру әдістемесі, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеру әдістемесі.
Аннотация
Абаева Г.А
1
.,Шотыбаева Л. А.
2
1
к.п.н., доцент кафедры Специального образовани Казахского Национального педагогического
университета имени Абая e-mail: abaeva70@bk.ru
2
Магистр 2-го курса по специальности 6M010500 - Дефектология
Laura.Shotybaeva.95 @ mail.ru
РГП «Казахский государственный женский педагогический университет» город Алматы,
Казахстан
Особенности разговорной речи детей дошкольного возраста с общим недоразвитием
речи
В статье приведены результаты собственных исследований особенностей развития речи
детей с общим недоразвитием речи. Проведен отбор необходимых методик для диагностики
уровня речевого развития детей 3,5-5 лет с ОНР. Диагностические методики направлены на
обследование всех компонентов речи, влючая грамматику, звукопрозношение, лексику и связную
речь. Здесь также приведены средние арифметические показатели по каждому компоненту речи.
Данные результаты могут быть использованы для отбора коррекционных технологий,
направленных на развитие речи детей с ОНР.Тщательный отбор коррекционных технологий с
выявлением их эффективности способствует более быстрой и качественной коррекции речи у
детей с общим недоразвитием речи. Преодоление ОНР-залог эффективного усвоения школьной
программы.
Ключевые слова: общее недоразвитие речи, коррекционные технологии, резидуально-
органическое поражение центральной нервной системы, методика определения уровн связной
речи, методика оценки звукового и слогового анализа речи, методика выявления словарного
запаса, методика проверки правильности грамматического строя речи.
Abstract
G.A.Abayeva,
1
L. A. Shotybaeva
2
1
candidate of pedagogical sciences, associate professor . Kazakh national pedagogical University named
after Abay, Institute of pedagogy and psychology. Almaty, Kazakhstan e-mail: abaeva70@bk.ru
2
2-nd year graduate student by specialty 6M010500 - Defectology
Laura.Shotybaeva.95 @ mail.ru
RGP "Kazakh State Pedagogical University" Almaty,
Kazakhstan
The features of the conversational speech of preschool age children with general
underdevelopment of speech
The results of own researches described features of speech development among children with the
general underdevelopment of speech.Selected necessarymethods for the diagnosis the level of 3.5-5
12
yearschildren` speaking skills` development. Diagnostic techniques are aimed at examining all
components of speech, including grammar, sound, vocabulary and coherent speech. Here also areshown
the average arithmetic indicators for each component of speech. These results can be used to select
correctional technologies aimed at developing the speech of children with the general underdevelopment
of speech.. Selecting correction technologies may in the future help to identify their effectiveness and
correct speech in children withthe general underdevelopment of speech. This information can help
children to learn school curriculum effectively.
Key words: general underdevelopment of speech, correction technologies, residual-organic
dysfunction of the central nervous system, methodology for determining connected speech,
methodologyfor sound and syllabic analysis of speech, methodology of vocabulary detection ,
methodology for determining the grammatical structure of speech.
Сөйлеу тілі-бала дамуының негізгі көрсеткіші. Ана тілі балаға қоршаған ортада өз орнын
тауып, үлкендер мен қатарластарымен қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік береді. Тіл арқылы
бала айналасын таниды, өз ойын жеткізеді. Сонымен қатар сөйлеу тілінің қалыпты дамуы балаға
мектеп бағдарламасын жақсы игеруі үшін қажет.
Мектепке дейінгі жаста бала өз ана тілінің қалпын түсіне бастайды. Бала дыбыс қатарларын
меңгеріп, сөйлем құрылымымен, антоним мен синонимдермен танысады. Монологты
құрастырудың заңдылықтарын түсініп, диалог жүргізудің алғышарттарын меңгереді. Балалардың
тілдік және тілдік емес құблыстармен таныс болуы кейінірек мектепте оқу мен жазуды сәтті
меңгеруге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балада белгілі бір жетістіктермен қатар тілдік
дамуының қалпы анық байқала бастайды. Кез- келген дамудағы кешігу бала әрекеті мен мінезіне,
тұлғалық қалыптасуына әсер етеді.
Сол себепті коррекциялық технологияларды қолданбас бұрын біз сол технология қажет болатын
балалар контингентін біліп алғанымыз жөн. Сонда ғана біз кемістік ерекшелігіне қарай мақсатты
бағытталған жұмыс жүргізіп, сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жеңуде жақсы нәтиже ала аламыз.
Сол үшін біз сөйлеу тілі жалпы дамымауын түзету үшін, коорекциялық технологияларды іріктеу
мақсатында анықтаушы эксперимент жасауды жөн көрдік.
Анықтаушы эксперимент барысы
Анықтаушы эксперименттің басты мақсаты - сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың
сөйлеу тілінің бастапқы қалпын анықтау. Эксперимент жүргізу үшін біз келесі әдістемелерді
іріктеп алдық:
1. Ушакова, Струнина бойынша сөздік қорын тексеру әдістемесі (4-5 жас)
2. Стребелева бойынша сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымының деңгейін тексеру әдістемесі.
(4-5 жас).
3. Стребелева бойынша сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеру әдістемесі.
4. Стребелева бойынша байланыстырып сөйлеу тілін тексеру әдістемесі.
Анықтаушы экспериментке 20 бала қатысты. Эксперимент таза болып шығу үшін диагнозы
бірдей СТЖД
2-ші деңгейіндегі 3,5-5 аралығындағы балаларды алдық. Олардың сипаттамасына
келіп тоқталсақ:
- балалардың барлығында орталық жүйке жүйесінің резидуальды-органикалық зақымдалуы
байқалады;
- оның ішінде 1 балада органикалық түрдегі ашық ринолалия бар (ол қызға дер кезінде
көмек көрсетіліп,
ота жасалған; фразалық сөйлеу тілі қалыптасқан; сөздердің мағынасын түсінеді);
- 1 бала нашар естиді; сөздік нұсқауларды түсінеді, фразалық сөйлеуде ұқсас дыбыстарды
шатастырып, дұрыс айтпайды;
Зерттеуде 2 орта топтың 20
баласы қатысты, балалардың орташа жасы 4 жас 3 ай.
Біз анықтаушы экспериментті кезеңдерге бөлдік:
1 кезең. Балалардың сөздік қорын тексеру тапсырмалары.
Ушакова, Струнина бойынша сөздік қорын текеру әдістемесі (4-5 жас)
Тапсырма 1.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорының қалыптасу деңгейін тексеру.
Логопед балаға қуыршақты қөрсетіп, келесі сұрақтарды қоя бастайды.
1.Қуыршақ дегеніміз не ?
1) Бала анықтама береді ( қуыршақ-ол ойыншық, онымен ойнайды );