Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 210 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Пререквизиттері: орта мектептің қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясы,
әдебиеттануға кіріспе курстары.
Постреквизиттер: осы пәнді оқу кезінде алған білімдерің қазақ әдебиет, қазақ әдебиеті тарихы, қазақ
әдебиеті сынының тарихы, әдебиет теориясы, әдебиеттануға кіріспе негіздерін меңгеруге негіз болады.
Қалыптасатын құзыреттіліктер: кәсіби іс-әрекетінде туындайын міндеттерді шешудегі ғылымның
қазіргі жетік, жаңашыл әдістерін қолдануды меңгеруі, педагогиканың, психологияның және Пәннің
әдістемесінің теориялық және қолданбалық аспектілерін меңгеруі.
Пәннің мазмұны: Соңғы жылдары жоғарғы оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті
мамандықтарында қазақ әдебиеті тарихының бір саласы ретінде әдебиеттануға кіріспе пәні оқытыла
бастады. Әдебиет- ақиқат ӛмірдің сырлы суреті, халықтың кӛркем тарихы; шығарма арқауы шындық.
Жалғыз- ақ мына жайға кӛңіл аударғымыз келеді: ӛмірде не болса, соның бәрі кӛркем шығармаға ӛзек,
оқиға болып ене бермейді. Жазушы ӛмірдегі сан- сапа шындықтан ӛзінің суреткерлік мақсатына керегін
ғана таңдап алып, шығармасына арқау етеді.
Оқыту тілі: қазақ.
Бағдарламаның жетекшісі: Саламатова Р.М.., ф.ғ.к. доцент м.а.
Кӛркем шығармаларды сатылай кешенді талдау (Комплексный анализ художественного
произведения. Literary analysis of fiction )
Пререквизиттері: Қазақ әдебиетінің тарихы, әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы.
Постреквизиттер: Осы пәнді оқу арқылы әдебиеттегі барлық жанрларды түр-түріне қарай бӛліп оларды
әдеби, ғылыми тұрғыда талдауға машықтанады.
Пәннің мазмұны: Әдебиеттегі барлық жанрдағы кӛркем шығармаларды жан-жақты талдап, оларға
ғылыми негізде баға беріп, астарлы тұстарын саралап шығармашылық талдаулар жасауға үйрету ісі
әдебиеттану ғылымында ерекше мәнге ие. Осы пәнді оқу арқылы әдеби талдау мәселесін шешуге
біршама дағдылану үрдісі жүретіндігі анық.
Оқыту тілі: қазақ.
Бағдарламаның жетекшісі: Исматова С., ф.ғ.к. доцент м.а.
Әлемдік әдеби үдеріс. (Литературные мировые тенденции.
Пререквизиттері: Әдеби жанр
Постреквизиттер: Қазақ әдеби сын тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы, түркі халықтар әдебиеті, әдебиет
теориясы.
Пәннің мазмұны: Әдебиет және дәстүр жалғастығы. Әдебиеттегі жаңаша ағымдар. Тәуелсіздік
жылдардағы әдебиеттің ӛзекті негіздері. Әдеби бағыттар, кӛркем образдардың жүйеленуі. Әдебиеттің
тектері мен түрлері. Тақырып ӛзгешелігі, жазушы лабораториясының ерекшеліктері. Дәстүр және
жаңашылдық.
Оқыту тілі: қазақ.
Бағдарламаның жетекшісі: Әбдіқадырова Т.Р. п.ғ.д., профессор
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері. Основы безопасности жизнедеятельности. Basics of Life
Safety.
Пререквизиттер: орта мектеп кӛлемінде Тіршілік қауіпсіздік негіздері курсын білу.
Постреквизиттер: Курстың негізгі кезеңдері: «Ӛмір тіршілік қауіпсіздігі» курсын үйрету ЖОО міндетті
пәндерді алдын-ала оқып таңдауды талап етпейді, орта мектеп кӛлеміндегі «Физика», «Химия»,
«Биология» пәндерінен алған білімдері жеткілікті.
Құзыреттілігі: Курсты оқу барысында алған ӛзіндік жұмыстың дағдылары, жаратылыстану – ғылыми
және қоғамдық пәндерді оқып үйренуде іске асады.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Оқу жоспарына сәйкес «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері»
курсы барлық мамандықтың 1-курс білімгерлеріне арналған. Бұл пән білімгерлерде кәсіптік-
педагогикалық білімді, жастарды тапсырманы табысты орындауын, оқу-тәрбие жұмыстарына барлық
жағынан септігін тигізілуін, психологиялық және дене дайындығында білімін жетілдірілуін
қалыптастырады.
Оқыту тілі: қазақ.
Бағдарламаның жетекшісі: доцент Қазақбаев С.З., аға оқытушы Тотмин В.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 211 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Қазақстанның әскери тарихы. Военная история Казахстана. Military history of Kazakhstan.
Пререквизиттер: «Әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс»,
«Тактикалық дайындық», «Саптық дайындық», «Жалпы әскерлік жарғы».
Постреквизиттер: «Техникалық әзірлік», «Әскери ӛнер тарихы».
Пәннің құзіреттілігі: Қазақстанның әскери тарихын білу. Әскеріміздің қару-жарағын, соғыс
тактикаларын меңгеру.
Курс мазмұны: Оқу жоспарына сәйкес «Қазақстанның әскери тарихы» курсы «Бастапқы әскери
дайындық» мамандығында оқитын 4 курс білімгеріне арналған. Қазіргі заманғы жастарды әскери-
патриоттық тәрбиелеуде «Қазақстанның әскери тарихы» пәнінің алатын орны ерекше және оны ұтымды
қолдана білу керек. Сондықтан білімгерлер бастапқы әскери дайындығынан сабақты сапалы ӛткізу үшін
және оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеу пән аралық байланысты іске асыруы керек. Мәселен:
оқу процесіне жаңа оқыту құралдары мен әдістерін енгізу; қорғаныс істері жӛніндегі департаментпен
және әскери бӛлімдермен тығыз байланыс орнату; бастапқы әскери дайындық бойынша оқу-материал
базасын құру және дамыту; оқушылармен жеке жұмыс жүргізу; олардың іскерлік және денелік
сапаларын тексеріп, ҚРҚК-інде қызмет етуге дайындау.
Оқыту тілі: қазақ.
Бағдарламаның жетекшісі: аға оқытушылар Сейтжанов Д.С., Сейлханов К.А.
Политология Саясаттану
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы курсы, мектептегі Адам және қоғам, Құқық негіздері,
Мәдениеттану.
Постреквизиттер: Алған білім философия, саяси сараптамалар жасауға, әлеуметтану, мемлекет және
құқық негіздері теориясы курсын игеруге кӛмектеседі.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Саясаттану Біріккен Ұлттар Үйымының арнайы құрылымдық
бӛлімі -Юнеско міндетті түрде оқылатын пәндер тізіміне енгізіп бекіткен әлеуметтік-гуманитарлық
білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясат қазіргі қоғамның тіршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның
объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың ӛмір сұру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді.
Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.
Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап, бүкіл ӛркениет тарихы бойы дамыса да коғамдық білім
саласы ретінде саясаттану XIX гасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ғана
қалыптасты. Қарқынды дамушы ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызы бүкіл әлеуметтік-
гуманитарлық білім жүйесіндегі идеялардың ӛзіндік катализаторы іспеті ерекше артып отыр.
Оқыту тілі: қазақ.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Яхияев И.А.
Социология Әлеуметтану
Пререквизиті: Әлеуметтану курсын ЖОО-да оқу үшін міндетті пәндермен қатар, сіздің орта мектеп
бағдарламасында ″Математика″,″Психология″, ″Қоғамтану″ пәндерін толық білуінізді талап етеді.
Постреквизиттер: саясаттану, экономикалық пәндер, философия, құқық, этнология
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мынбаева М.Б.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Адам мен қоғам жәніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік
дүние тұлғаның әлеуметтік әзара қатынастары женіндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орынды
иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің әзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын және адам
женіндегі білімінің рӛлін арттырады. Әлеуметтану адамдар ез ӛмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық
қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған
кұрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге кемектеседі. Әлеуметтану кез келген құбылысты
адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын кәруге мүмкіндіктер
береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық зкономика мен әлеуметтік мемлекеттің тұпкі конституциялық
қағидаларын тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады. Оқу курсында "әлеуметтік",
"қоғамдық қатынастар", "әлеуметтік әрекет", "әлеуметтік бақылау", "әлеуметтік институт", "әлеуметтік
және рухани нормалар", "тұлға", "әлеуметтік орта", "әлеуметтік процестер" сияқты негізгі категориялар
мен ұғындар қарастырылады. Бағдарламада қоршаған әлеуметтік ортаны, адамның әлеуметтік
шындықпен байланысын ғылыми тануға ықпал ететін меселелерге кеп кеңіл белінген. Ол үшін
әлеуметтанушылық ойлау мен білім қажет.