29
2. Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ жұмысына
басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.
3. Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.
4. Ашықтық пен адалдық.
5. “Тоқта” ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда бір сұраққа жауап
бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамның “Тоқта” деп айтуына және
ойыннан шығуына болады [5, 8 бет].
Іскерлік ойындар мен тренингті жүргізуде мұғалімдерге берілетін
ұсыныстар:
Жұмыстың ережелерін құрып алу және оны талқылау, және бұл
ережелердің жұмыс барысында орындалуын қадағалап отыру, мұндай
іс-әрекет оқушының өзін-өзі реттеу қабілетінің қалыптасуына ықпал
етеді.
Өткізілейін деп отырған жаттығудың мақсатын түсіндіру, қойылатын
негізгі іс-әрекет нұсқаумен таныстыру, оқушылардың барлық
сұрақтарына жауап беру, жаттығу соңына дейін барысын қадағалап
отыру.
Оқушылардың әрбіреуіне өз пікірін ортаға салуға, ойын ашық айтуға,
өзгелердің пікіріне сыни талдау жасауға мүмкіндік беру керек.
Әр сабаққа қорытындылап отыру қажет.
Іскерлік ойындар мен тренингті талқылау және нәтижелерді
қорытындылау: әрбір тренингтен кейін оқушылар өз пікірімен бөліседі
жаңа не нәрсенібілдіңіз;
жаңа
материал қаншалықтымеңгерілді;
қатысушылардыңмақсаты мен күткендеріақталдыма;
тренингтеналғанәсері;
алынғанақпараттыөмірдеқолдануғаболадыма.
Мұндай
қорытынды
жасау оқушыдан кері байланыс алуға және мұғалімнің келесі қадамын
жоспарлауға ықпал етеді.
Тәжірибеде қолданылатын іскерлік ойындар мен тренингтердің үлгілері:
30
1. «Айнала отыру»: «Жеті жарғы»
Балалар үлкен шеңбер жасай отырып, сыныпқа қарап кезекпен «Жеті жарғы»
заңының тарауларын айтады. Бұл бір минуттан көп уақыт алмайтын баяндау
болуы қажет. Өз ойымен бөліскісі келетін оқушылар тыңдалынады. Бұл
жаттығуда оқушылардың бірін бірі мұқият тыңдауы, пікірімен санаса білуі
қажеттігі алдын ала ескеріледі. Бұл өзара сыйластыққа, өзгені тыңдай білуге
баулиды.
2. Пікір-талас
Негізгі мақсат: берілген мәселені талқылауда оқушының барлық білім,
білік, дағдысын қолдануға үйрету. Оқушы өз ойын ашық айта білу керек,
ол қарсыластарына ө пікірін дәлелдей алады, аргументтер мен фактілерді
дәлелдеуде
қолдана алады, оз позициясын ұстай білуге дағдыланады.
3. «Бетпе-бет»: «Адам құқықтарының тізімі»
Оқушылар жұппен отырып, 3 минут ішінде кез келген адамға бірінші кезекте
қажет болатын адам құқықтарының тізімін жасайды және ескерілетін айт бұл
құқықтар әлемнің кез келген елінің атазаңында болуы керек. Келесі кезеңде
жұп өз тізімін топ тізімімен салыстырады. Егер өзгешелік болса бұл
сыныпішілк талқыға салынады. Үшінші кезеңде Адам құқығының жалпыға
бірдей декларациясының басты баптарына талдау асалынады.
Ұсынылатын тақырыптар:
•
«Л.И.Мирзоянның қазақ халқының тарихындағы орны»
•
«ЖЭС қарама-қайшылықтары».
•
«Индустрияландырудың Қазақстан тарихындағы рөлі».
Іскерлік ойын: «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» сот үрдісі, «Ежелгі
Грециядағы құдайлар мекені», «Саяси сөз сөйлеудің сараптамасы»
Қорыта айтқанда, іскерлік ойын және тренинг жүйесінде оқу оқушылар
тарапынан қызығушылық туады, пәнге деген көзқарас өзгереді, білім сапасы
артады. Тәжрибемде бұл технологияны қолдану аясында оқушылардың
Қазақстан тарихы, Құқық негіздері пәнінен пәндік олимпиадаға қатысу,
ғылыми жоба сайысына қатысу белсенділігі артып, жүлделі орындар