21
Изучив проблемы и перспективы развития образования в Казахстане,
настоящее и будущее полиязычия в системе образования,
я пришла к
выводу, что в образовании достаточно «темных пятен», которые необходимо
устранять. Приняв новый закон «Об образовании в РК» политики надеются,
что новая система образования выведет Казахстан на новый уровень и она
полностью соответствует современному обществу.
Подводя итоги данного исследования можно утверждать, что в Казахстане,
детальная регламентация образования способствует улучшению качества
Казахстанского образования населения. Новые образовательные стандарты
призваны развивать личностные качества учащихся и способствовать более
глубокому изучению общеобразовательных предметов.
СПИСОК
ИСПОЛЬЗУЕМОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
1.Конституция РК (принята всенародным голосованием 28 января 1993 г. )
(30 августа 1995 года в результате проведенного референдума была принята
новая Конституция РК).
2.
Закон Республики Казахстан "Об образовании" от 27 июля 2007 года
№319-III.
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ОҚУ МАҚСАТЫНА СӘЙКЕС
БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТАҢДАУ
Айтимова Гульнур Ерсайновна,
директордың ғылыми-әдістемелік
жұмыс жөніндегі орынбасары
№73 мектеп-лицейі,
Астана
қаласы
Әрбір мұғалімнің негіхгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін
жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың
22
ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және
әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында
тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге
бағытталған қайта өзгерулер педагогикалық үдеріске жаңа талаптар
жүктейді.
Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің
дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және
бағамдай білуді талап етеді.
Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра
отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде
ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа
дағдыларды
меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім
тереңге бармай, үстірт меңгерілген таязбілім болмақ. Мұндай үстірт білім
оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау,
рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері
әсерін тигізеді.
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай,
сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс
істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін
жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады..
Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер сындарлы
белсенді оқуға
негізделеді (Savery, J. R., & Duffy, T. M., 1994; Jonassen, D. H., & Rohrer-
Murphy, L., 1999).
Бұл тәсіл қолданылған жағдайда оқушылар оқу барысында белсенді түрде
ат салысатындықтан, оның маңызын өздері анықтай алатын жағдайда
болады. Мұғалім енжар қалыпта отырған оқушыларға білім бергенімен
салыстырғанда, бұл оқудың
анағұрлым пәрменді құралы болып табылады.
23
Оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс
істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығына
қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен
отыруына жол бермеуі аса маңызды.
Оқушылар жеке-дара
жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін
белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Мысалы, оқушыларды зерттеу
сұрағын анықтау және тапсырма таңдау үдерісіне қатыстыру олардың оқу
үдерісіндегі белсенділік дәрежесін арттырады, себебі белгілі бір деңгейде
зерттеу бағытын олар өздері бақылайды (Cavagnetto, Hand & Norton-Meier,
2011). Негізгі орта және жалпы орта білім беруде зерттеу сұрағын талқылау
үдерісі мұғалімнің көмегімен де, өз
бетінше де
жүргізілуі тиіс.
24
Қорытындылай келе, белсенді оқу барысында мұғалімдер:
- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды
оқу
ортасын қалыптастыруға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін
талдап,
- рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен
белсенді әдіс-тәсілдерлі қолдануға;
- алға қойылған оқу мақсатына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты
тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды
пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, оптық немесе жұптық жұмыс
түрлерін, жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға
және уақытты басқаруға;
- оқушыларды оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы, 2016 ж.
2. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №1,
2017 ж.