Білім беру бағдарламасы МҰҒалімнің ЖҰмыс дәптері



жүктеу 1,47 Mb.
Pdf просмотр
бет18/23
Дата28.01.2020
өлшемі1,47 Mb.
#27546
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

8.2-тапсырма.  Сенімділікті  және  валидтілікті  қамтамасыз  етуге  арналған  нұсқаулықты 

зерделеп,  бағалаудың  валидтілігі  мен  сенімділігін  анықтауға  арналған  бақылау  парағын 

дайындаңыз. 

 

Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі  

Сенімділікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық 

(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005) 

Сенімділік дегеніміз не?  

Сенімділік  —  бұл  бағалау  кезінде  алған  нәтижелердің  тұрақтылығы.  Бұл 

төмендегілерді білдіруі мүмкін: 

 •  Уақытқа  қатысты  тұрақтылық  –  егер  бағалау  басқа  күні  немесе  басқа  уақытта 

өткізілсе нәтижелер бірдей бола ала ма? 

 • Тапсырмалар арасындағы тұрақтылық – бағалау үшін басқа тапсырмалар іріктеліп 

алынса нәтиже бірдей бола алар ма еді? 

 •  Баға  қоюшылар  арасындағы  келісім  –  егер  жұмысты  басқа  тексеруші  бағаласа 

нәтижелер бірдей бола ала ма? 

Тұрақтылық деңгейі артқан сайын нәтиже сенімді бола түседі. Алайда нәтижелер өте 

(абсолютті)  сенімді  болуы  мүмкін  емес.  Барлық  уақытта  бағаға  әсер  ететін  кездейсоқ 

ықтималдық болады.  



Сенімділікті анықтау 

Сенімділікті  анықтау  дәстүрлі  түрде  статистикалық  өлшем  ретінде  қарастырылды. 

Көбіне  бұл  бағалаудың  жақсы  нәтижелері  қаншалықты  бағалау  құралдарын  қайта 

қолданумен  қиылысатынын  көрсету  үшін  сенімділік  коэффициентін  есептеу  болып 

табылады.  Нақтылық  коэффициенті  нөлден  бірлікке  дейін  өзгереді,  сонымен  бірге  нөл 

келісімнің жоқтығын көрсетеді. Тест құрастырушылар сенімділік коэффициентін есептеу 

үшін  оларды  қызықтыратын  келісім  түрлеріне  қатысты  бірнеше  әдістемені  қолданады. 

Олардың кейбіреулері төменде қысқаша берілген.  

Сенімділік  коэффициенті  көбіне  стандартталған  тестерден  0,9,  артық,  бұл 

сенімділіктің  жоғары  деңгейін  көрсетеді.  Алайда,  бағалаудың  нәтижелерін  жинау  үшін 

сенімділік қаншалықты жоғары деген сұрақ көп жағдайда қандай шешім қабылдау деңгейі 

біздің  бағалау  нәтижелерімізге  негізделетініне  байланысты.  Біздің  бағалауға  қатысымыз 

бар  кезде  оның  маңызы  жоғары,  бізге  жоғары  сенімділік  қажет.  Ал  шешімнің    ұзақ 

мерзімді салдарлары болмаған кезде сенімділіктің жоғары деңгейі маңызды емес.  

СЕНІМДІЛІКТІ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ  

Әдіс 

Үдеріс 

Тестілеу  /  қайта 

тестілеу 

Сол  тест  немесе  сол  эквивалентті  нұсқа  бір  топтағы  оқушыларға 

әртүрлі уақытта қолданылады. Содан соң екі нәтиженің жинағы сенімділік 

коэффициентін  есептеу  үшін  салыстырылады.  Бұл  әдіс  уақытқа  қатысты 

нәтижелермен  немесе  сол  тестің  эквивалентті  формасы  арасындағы 

нәтижелермен қаншалықты сәйкес екендігі туралы ұсынысты береді. 



Ішкі келісім 

 

Түрлі  тапсырмалар  бойынша  нәтижелер  немесе  бөлімдер  бойынша 

нәтижелердің бағалары қаншалықты жақсы және қаншалықты байланысты 

екендігі  салыстырылады.  Тест  тапсырмаларын  екі  бөлікке  бөлу  және  әр 

бөліктегі  нәтижелерді  салыстыруды  қоса  алғанда  (сплитхаф  әдісі  –  тең 

бөлу),    түрлі  бірнеше  әдістерді  қолдануға  болады.  Осындай  сенімділік 

коэффициенті  түріндегі  басқа  мысалдар  барынша  күрделі  статистикалық 

әдістерден  тұрады.  Тест  тапсырмалары  бар  оқулықтардан  көбіне  Альфа-

Кронбах  деп  не  аталатынын  немесе  Кудер  Ричардсонның  20  немесе  21 

формулаларын  қолдануды  көреміз.  Мұндай  сенімділік  коэффициентін 

есептеу  элементтердің  реттілігінің  қандай  екендігін  немесе  бағалау 

аясындағы  тапсырмалар  сол  нәтижелерге  себеп  болатындығы  туралы 

ұсынысты береді. 

 



 

Сыныптағы сенімділік 

Мұғалімдердің  сенімділік  коэффициентін  есептеуге  уақыт  жұмсауы  немесе  олар 

өздері  құрастыратын  тест  тапсырмалары  немесе  бағалау  тапсырмалары  үшін  өлшемнің 

стандартты  қателіктерін  сипаттауы  екіталай.  Алайда  бұл  сенімділік  мәселесі  сыныптағы 

бағалауға  қатысты  жоқ  дегенді  білдірмейді,  сенімді  болып  табылатын  оқушыларды 

бағалау  нәтижелерін  пайымдау  мен  шешімге  негіздеу  өте  маңызды. 

  Сонымен,  мұғалім 

сыныптың  өз  бағаларына  сенімді  екендігіне  қалай  көзін  жеткізуге  болады?  Джеффри 

Смиттің  (2003)  пікірінше,  сенімділіктің  альтернативті  анықтамасы  сыныптағы  бағалауға 

көбірек  келеді  деп  тұжырымдайды.  Ол  «ақпараттың  жеткіліктілігі»  идеясын  ұсынады.  

Смит  үшін  сыныптағы  бағалаудың  нақтылығы  туралы  пайымдауы  мынадай  сұраққа 

құрастырылуы  қажет:  «Осы  оқуға  қатысты  әр  оқушының  үлгерім  деңгейі  туралы  пікір 

айту үшін бұл бағалау қажетті ақпараттарды ұсына ала ма?» (Смит, 2003).  

Тейлор  және  Нолан  (1996)  да  осы  көзқарасты  қолдайды.  Олардың  айтуынша, 

«бағалаудың  кең  ауқымды  диапазоны  ұзақ  тестің  мақсатына  қызмет  етуі  мүмкін  – 

ақпараттар  мен  нақтылық  дәлелдерінің  дереккөздері  көп  болған  сайын  сенімді  шешім 

қабылдануы мүмкін».  

Мұндай  анықтама:  «Қанша  ақпарат  жеткілікті?»  деген  сұрақты  туындатады. 

«Жеткілікті  ақпарат»  пен  мүлдем  ұзақ  бағалау  арасында  нақты  сызық  бар.  Әрине,  бұған 

жеңіл жауап беру мүмкін емес, түптеп келгенде, бұл кәсіби пайымдауға саяды.  Дегенмен 

осы  сұраққа  қатысты  кейбір  тәжірибелік  ұсыныстарды  Энн  Дэвис  те  ұсынды  (2000).  Ол 

мұғалімдер  триангуляция  концепциясын  сенімділікті  арттыру  және  сыныптағы  бағаның 

негізділігінің тәсілі ретінде қолданады деп болжайды.  

Триангуляция (бетті қисық сызықтарға бөлу әдісі) кез келген шешімді қабылдаудың 

негізі ретінде бағалауды дәлелдеудің үш түрлі дереккөзін қолданудан тұрады. Дэвис үшін 

бұл  салалар  –  оқушылар  жасайтын  (тест  нәтижелерін  қоса  алғанда)  нәтижені,  оқуды, 

сондай-ақ,  әңгімелесуді  меңгеруді  бақылау.  Мұғалімдер  осы  дереккөздердің 

әрқайсысының дәлелдерін қарастырған және жинақтаған кезде, олар көбіне тек бір салаға 

немесе нәтижеге сүйенгеннен гөрі оқушылардың ілгерілеуі туралы сенімді және маңызды 

шешімді  шығаруға  бейім  келеді.  Сенімділік  мәселесі  кездейсоқ  өзгеріс,  шын  мәнінде, 

бағалау  кезінде  болуы  қажеттігі  туралы  ескертеді.  Бұл  оқушыларды  бағалаған  кезімізде, 

әсіресе бағалау нәтижелері өздері тікелей қатысатын жеке оқушы және / немесе оқыту мен 

оқу  бағдарламалары  туралы  шешім  қабылдау  үшін  қолданылатын  кезде  бізге  қатысты 

болуы тиіс.  

Ескертпе:  сенімсіз  нәтижелердің  оқушылар  үлгерімі  туралы  дәйекті  шешім 

шығаруға  алып  келмейтінін  атап  өту  маңызды.  Алайда  бағалау  нәтижелерінің  сенімді 

болуы  біздің  маңызы  барларын  ғана  бағалайтынымызды  білдірмейді.  Олай  болса,  

сенімділік қажетті болып табылады, бірақ әрекеттің жеткілікті жағдайында емес.  



Сілтеме: A hitchhiker’s guide to reliability. Charles Darr. 2005.  

 

 



 

 

Бағалаулар 

арасындағы 

нақтылық

 

Түрлі  бағалаушылардың  нәтижелерін  келісім  деңгейін  анықтаумен 

салыстыруға болады. Бұл әдіс екі немесе одан да көп бағалаушылардың бір 

тапсырманы  орындауы  қаншалықты  дәйекті  екенін  көрсету  үшін 

қолданылады, бұл біліктілік үшін контекстік бағалауда қолданылған кезде 

ұстамдылық деп аталады.  

 



жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау