Білім беру бағдарламасы МҰҒалімнің ЖҰмыс дәптері



жүктеу 1,47 Mb.
Pdf просмотр
бет19/23
Дата28.01.2020
өлшемі1,47 Mb.
#27546
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Валидтілікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық 

(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005) 

Валидтілік дегеніміз не және бұл қажет пе?  

Дұрыс бағалау шынайы және сенімді ақпарат береді.  

Бұрын  валидтілік  егер  өзіне  лайықты  бағалау  құралдары  болса,  тестілеу  құралдары 

немесе  бағалауды  өлшеу  үшін  бекітілгенді  өлшеудің  деңгейі  ретінде  жиі  қарастырылды. 

Дегенмен соңғы кезде бағалау бойынша мамандар валидтілік бағалау құралдарының қасиетін 

тіркеу  ретінде  қарастырылмауы  керек  деп  тұжырымдайды.  Бұдан  басқа,  олар  валидтілікті 

бағалау  нәтижелері  негізінде  қабылданатын  бағаның  сапасы  ретінде  шешімдер  мен  түсінік 

беруді, яғни, біз негіздеме болатындай бағалау нәтижелері негізінде қабылданған қаншалықты 

жақсы  шешім  шығаратынымызды  (қорытынды)  немесе  әрекет  ететінімізді  ұсынады. 

Валидтілік бағалаудың негізгі мәселесі ретінде қарастырылуы мүмкін. 

Бағалау  нәтижесінде  қабылданатын  шешімдер  мен  жасалатын  қорытындылар  дәлелді 

және негізді болуы өте маңызды. Бағалаудың валидтілігі бағалау құралының қарастырылатын, 

бағаланатын  нәрсеге  сай  келетінін  қамтамасыз  етеді,  білім  алушының  жетістігін  және  оқу 

мақсатына сәйкестік деңгейін анықтайды. 

Егер  бағалау  қандай  да бір  қолданудан  тұрса,  біз  дәлелді  бағалау  нәтижелері  негізінде 

қабылданатын  қорытынды  және  шешім  шығару  барынша  маңызды.  Сонымен,  біз  валидтілік 

деңгейін қалай бағалаймыз? 

Валидтілік деңгейін бағалау 

Валидтілік  деңгейін  бағалау  қарапайым  техникалық  рәсімдерге  дейін  қысқармауы 

қажет.  Сондай-ақ,    валидтілік  абсолютті  (шүбәсіз)  шәкілде    өлшенбеуі  керек.  Бағалаудың 

валидтілігі  нақты  оқушылар  тобында  қабылданған  нақты  шешімдер  мен  қорытындыларға 

жатады.  Сондықтан  валидтілік  анықтамасына  дәлелдер  жинақтау,  осы  түсіндірулер  мен 

шешімдерді  растау  жатады.  Мұндай  дәлелдердің  күші  бізді  валидтіліктің  мықты,  орташа 

немесе төмен дәлелдеріне алып келеді. Олай болса, қандай дәлелдер жинақтайтынымыз біздің 

қандай түсіндіру мен шешім қабылдауымызға байланысты.  

Валидтілік  біз  бағалауды  жобалаған  немесе  бағалаушы  бағдарламалар  туралы  шешім 

қабылдаған  кезде  біздің  ойлауымыздың  шыңында  (ортасында)  болуы  тиіс.  Сенімді  және 

пайдалы  (жарамды)  болып  табылатын,  оң  нәтижелерге  алып  келетін  біздің 

оқушыларымыздың  ілгерілеу  туралы  тексеруге  мүмкіндік  беретін  бағалау  нәтижелері 

барынша  маңызды.  Валидтілікті  сезіну  көбіне  қауіпті  болуы  мүмкін,  сонымен  бірге  қандай 

бағалауға  назар  аудару  қажет  және  оларды  не  үшін  қолданатынымыз  туралы  бізге  шешім 

қабылдауға көмектесуі де мүмкін.  

Валидтілікті тексеру кейде негіздеменің аргументін құрастыруды еске түсіреді. Бағалау 

бойынша екі сарапшы, Роберт  Линн  мен  Дэвид  Миллар  (Robert  Linn  and  David  Millar,  2005) 

аргументте  ескерілетін,  валидтілікке  қатысты  түсініктің  төрт  негізгі  түрін  ұсынады.  Оның 

үшеуі  –  мазмұнды  түсінік,  сындарлы  түсінік  және  валидтіліктің  дәстүрлі  бір  бөлігі  болып 

табылатын  критерийлерге  қатысты.  Төртіншісі,  жақында  қосылған,  дегенмен  маңыздылығы 

бар логикадан туындайтын түсінік болып табылады.  

Тапсырма дайындаудағы маңызды аспектілер 

Біз  оқушыларды  бағалаған  кезде  барлық  аспектілерді  тестілей  алмаймыз.  Сондықтан 

тестіленетін  модельдің  оқуға  қатысты  қызығушылықты  туындататын  дұрыс  үлгі  болуы 

маңызды.  Бұл  біздің  оқудағы  алғашқы  мақсатымызды  өте  жақсы  түсінуімізді  және  біз 

қолданып жүрген тапсырмалар немесе бағалау элементтері арасындағы байланысты көрсетуге 

дайын болу қажеттігімізді білдіреді.  

Мазмұнды  сұрақтар  бағалау  тапсырмаларын  құрастыру  кезінде  мұқият  қарастырылған 

болуы тиіс. Кейде бұл құрастыруға дейін контенттің спецификациясын (сипаттамасын)  жазу 

үшін  уақытты  немесе  элементті  және  соларға  сәйкес  тапсырмаларды  таңдауды  талап  етуі 

мүмкін.  Стандартталған  тест  тапсырмалары  мен  жоғары  мөлшердегі  бағалау  құрастырылған 

кезде  құрастырушылар  көбіне  мұғалімдер  тобын  қоса  алғанда,  мамандарға  контент 

спецификациясы  ретінде,  сондай-ақ,  көбінесе  оқығанды  көрсететін  сәйкес  бағалау 

элементтерін тексеру үшін назар аударады. Көбіне мұнда біздің таңдауымызды бағалау үшін 

әріптестер  мен  оқушылар  қатыстырылуы  мүмкін.  Бағалау  құралдары  бізді  қызықтыратын 




оқуды  дұрыс  ұсынуды  қамтамасыз  етсе,  біз  өзіміздің  оқу  саласындағы  жетістігіміз  туралы 

негіздеме шешім шығара алу қабілетімізді арттыра түсеміз.  



Құрылымдық аспектілер 

Бағалау  мақсаттарының  бірі  белгілі  бір  сипаттама  немесе  белгінің  құрастырылуын 

анықтаудан тұрады. Құрылымдық валидтілік – бұл соған назар аудару қабілеті. Құрылымдық 

–  бұл  бағалауда  қызығушылықты  туындататын  пайымдау  немесе    ойлау  түрлері  сияқты 

ерекше психологиялық сипаттамалар немесе белгілер. Математикалық бағалауда құрылымдық 

«мәселелені шеше білу» немесе «математикалық пайымдау» болуы мүмкін. Оқуды бағалауда 

бұл  көбіне  «түсінуді»  білдіреді.    Құрылымдық  түсінікті  қарастырған  кезде  негіздеме 

аргументінің  бір  бөлігі  ретінде  қарастырамыз,  біз  бағалау  нәтижесі  белгілі  бір  құрылымдық 

немесе  құрастырылған  жағдай  бойынша  шешім  шығару  үшін  қолданылуы  мүмкін  болатын 

деңгейді  меңгереміз.  Солай  болғандықтан  бағалау  ережеге  сай  ақиқатты  бағалау  кезінде 

құрылымдық түсінік жиі ескеріледі.  

Құрылымдық  өңдеуді  қарастырғанда  тапсырмадағы  бағалау  біздің  құрылымдықтың 

(конструкция)  не  екені,  оның  қалай  тексерілетіні  туралы  нақты    ұғымымыздың  болуы 

керектігін білдіреді.  Әріптестермен  талқылау  осы  мәселелерді  анықтауға  көмектесуі  мүмкін. 

Виггенс  (1998)  құрылымдық  түсінік  туралы  біздің  талдауымызға  көмектесуі  мүмкін  екі 

сұрақты ұсынады:  

• Оқушы бағаланатын тапсырманы, қажетті түсінікке немесе білікке байланысы аз болу 

себебінен жақсы орындай ала ма?  

• Оқушылар тапсырманы қажетті түсінікке немесе білікке байланысы аз болу себебінен 

нашар орындауы мүмкін бе?  



Критериалды аспектілер 

Кейде негіздеменің аргументін құрастыру біздің бағалау нәтижелеріміз жеке бағалауда 

немесе критерийде жазылғандай қаншалықты жақсы салыстыруды немесе басқа да шараларды 

болжауды  қарастырудан  тұрады.  Бағалау  үшін  бір  құрылымда  құрастырылған  үйлесімді  екі 

түрлі  бағалаудың  нәтижесі  болғанда,  біз  мұны  бағалауымыздың,  әрі  кеткенде,  «бір  бағытты 

көрсетудің»  дәлелі  ретінде  қолдануымыз  мүмкін.  Тест  құрастырушылар  валидтіліктің 

қатынасында  аргументтерді  қолдауды  қарастыратын  корреляциялық  (өзара  байланысты) 

зерттеуді жиі  жүргізеді.  

Сыныпта  біз  бағалау-критерий  қатынасын  тексеру  үшін  зерттеу  жүргізуіміз  екіталай. 

Алайда  біз  жетістікке  жетуде  түрлі  түсініктерге  алып  келетін,  бірдей  құрылымдағы  тестілеу 

үшін  белгіленген  түрлі  бағалау  құралдарынан  бағалау  нәтижелерін  көрсететіндей  сұрақтар 

қоюымыз  керек.  Екінші  деңгейде  біз  сыныптағы  келешек  жетістіктерімізді  болжайтындай 

бағалауымыз  қаншалықты  жақсы  екенін  анықтау  үшін  және  ықтимал  ілгерілеуіміз  туралы 

негізделген тұжырымдама үшін қолдана алатынымызға зерттеу жүргізуіміз мүмкін.   



Салдарлар аспектілері  

Бағалау нәтижелеріне берілетін мағына оқу мен оқытуға әсер етеді.  Осылардың кейбір 

салдарлары  теріс  болуы  мүмкін,  әсіресе,  бағалаудың  қолданылған  форматы  «тестілеуге 

оқыту»  немесе  оқушылардың  ынтасын  төмендетуге  алып  келеді.  Мысалы,  қағаз  түрінде 

тексеру бағалаудың жалғыз формасы болып табылса, ол тестілеуге үйрету үшін және сыныпта 

алған тәжірибенің шамасын шектеу үшін өте қызықтыратындай болуы мүмкін.  

Бағалау  нәтижелерін  қолдануда  шешім  қабылдау  үшін  немесе  оқушылардың  ілгерілеуі 

туралы ақпараттандыру үшін дәлелдер бар кезде, жалпы білім беруде нұқсан келтіруі мүмкін 

салдарларды, бағалау негіздемесіне деген күмәнімізді талқыға салуымыз қажет.  

Валидтілікті тексеру 

Біздің  бағалау  деректеріне  негізінде  валидті  шешім  қабылдап,  түсініктемелер 

жасауымыз  көптеген  факторларға  қатысты  әлсіреуі  мүмкін.  Бұл  туралы  біліміміз  ақиқат, 

шындық туралы шешім қабылдауымыз жөнінде ақпарат беретін сұрақтарды құрастыруымызға 

көмектесуі мүмкін.  

Сілтеме: A hitchhiker’s guide to validity. Charles Darr. 2005



 

 



жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау