148
түрлерінің ішінен анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент түрлері
таңдалып алынды.
Анықтаушы эксперимент көбінесе зерттеуге алынып отырған белгілі бір
әлеуметтік топтың қазіргі қалпын, табиғатын, көңіл күй ауанын, қалауын,
талап- тілектерін анықтау қызметін атқарады. Зерттеу жұмысымызда жоғары
сынып сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін дамытуда эксперименттік
және бақылау топтарында психологиялық тестер түріндегі сауалнамалар
жүргізе отырып, оның нәтижелерін шығардық.
Анықтаушы эксперименттің мақсаты: жоғары сынып оқушыларының
оқырмандық даму деңгейін диагностикалау.
Анықтаушы эксперименттің міндеттері:
- 10-11сынып оқушыларының оқырмандық даму деңгейін диагностикалық
зерттеу
- Алынған нәтижелерді өңдеу және графикаға салу (диаграммалардың
көмегімен)
«Мен – оқырманмын»анкеталық әдістемесі (Н.Г.Лусканова бойынша)
1. Сіздің үйіңізде әдеби кітаптар бар ма?
2. Сіз кітапханаға жиі барасыз ба?
3. Сіздің ата-анаңыз кітап оқиды ма?
4. Қаншалықты жиі оқиды?
5. Төменгі сыныптарда қандай кітаптар оқыдыңыз ?
6. Сіз көркем әдеби кітапты қаншалықты жиі оқисыз?
7. Оқитын кітаптарыңызды қалай таңдайсыз?
8. Сіз қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыз?
9. Соңғы оқыған кітабыңыз атап бере аласыз ба?
10. Сіздің ең сүйікті кітабыңыз қандай?
Нұсқаулық: Мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылын анықтау
төмендегідей 3 деңгейге бөлініп, әр деңгей өзіне тән сипаттамалармен
анықталды.
Жоғары деңгей
1. Оқушы кітаптың адам өміріндегі қажеттілігін түсінеді, оқуға
оң көзқарас
танытады, одан рахат алады.
2. Кітаптың жанрына және балаларға арналған шығармаларға бағыттала
алады, өзіне таныс кітаптарды авторы және атына қарап таңдай алады,
ешкімнің мәжбүрлеуінсіз кітап таңдай алады.
3. Кітапханаға жиі барады.
Орташа деңгей
1. оқушы кітапты мектепте оқу үшін қажетті ақпарат көзі ретінде
қабылдайды, оқиғадағы кейіпкерге
айқын эмоционалдық қатынас
танытпайды, сол жанрдағы кітаптарды қайта оқуды қаламайды;
2. оқушының кітап оқуға белсенділігі мұғалім, ата – ана тарапынан
мәжбүрлеуді талап етеді, әртүрлі жанрларға бағыттала алмайды, таныс
кітаптарды суретіне қарап таниды;
3. Кітапханаға айына бір рет барады.
149
Төменгі деңгей
1. Оқушы
кітап оқығаннан рахат алмайды, кітап оқуда қиындықтарға тап
болады, оған кітап оқыған қызық емес, ол тез жалығып кетеді;
2. Жанрлар мен тақырыптарды шатастырады, кітаптар жинағынан таныс
шығарманы табуда
қиналады, кітапты оқудың орнына жиі парақтарын
қарап отырады.
3. Кітапханаға өте сирек барады
Кесте 7 - «Мен – оқырманмын» анкеталық
әдістемесінің нәтижесі
Сурет 5 – «Мен - оқырманмын» анкеталық әдістемесінің нәтижесі
Топ
Жоғарғы көрсеткіш
Орта көрсеткіш
Төменгі
көрсеткіш
Эксперменттік
58%
26%
16%
Бақылау
56%
25%
19%
0
10
20
30
40
50
60
70
Эксперименттік топ
Бақылаушы топ
"Мен - оқырманмын" анкеталық әдістемесінің нәтижесі
Жоғары
Орташа
Төмен
152
Сурет 9 – Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық
қабілетін
зерттеуде алынған эксперимент алдындағы көрсеткіштері
Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін зерттеуде ең
алдымен зерттеуге алынып отырған жоғарғы сынып оқушыларының
эксперимент алдындағы жай-күйі, көркем шығармаға деген жалпы
қызығушылығы қаншалықты екендігін анықтап алу маңызды. Осы орайда
эксперимент базасы ретінде таңдап алынған мектеп оқушыларын сыныптар
бойынша жіктеп, олардың көркем шығарма оқуға деген құлшынысын,
қызығушылығын және қандай тақырыптағы шығармаларды көбірек
оқитындығын анықтап көру үшін анкеталық сұрақтар таратып, жауаптар алдық.
Кесте 9 – Жоғары сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін зерттеуде
эксперимент басындағы көрсеткіштері
Эксперименттік сыныптар
Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін
зерттеуде эксперимент алдындағы жай-күйі, көркем
шығармаға деген жалпы
қызығушылығын қалыптастыру
көрсеткіштері (%)
Эксперименттік топ
Тарихи
шығармалар
Қазіргі заман
тақырыбындағы
шығармалар
Шытырман
оқиғалы
шығармалар
10 сынып оқушылары
12%
39%
49%
11 сынып оқушылары
43%
49%
8%
Жоғары сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін зерттеуде
эксперимент басындағы көрсеткіш деңгейінің динамикасы келесі суретте
береміз.