66
ГЭС қауіпсіздігін арттыру» бағдарламасында көрініс тапты. Бұл
Бағдарламада институтта көптеген жылдар бойы әзірленген ГЖС-тердегі
авариялардың негізгі себептерін және оларды жою бойынша іс-шараларды
және Қазақстанның және бұрынғы Кеңестер Одағы Республикаларының ірі
энергия объектілерін салудың негіздемесін жасау көзделеді;
- ТЭЦ, КЭС, ГЭС, қазандықты өнеркәсіптік кәсіпорындарда және т.б.
тораптардың және энергия көздері (бұдан әрі – ЭК) агрегаттарының нақты
техникалық жай-күйін анықтау бойынша зерттеу жүргізу, ЭК-нің жұмыс
істеу және энергия пайдалану режімдерін талдау, кәсіпорындарда
энергиятасымалдаушылардың негізсіз жоғалуын бағалау, ЭК-нің ықтимал
энергетикалық әлеуетін анықтау, ЭК-нің энергетикалық паспорттарын
жасау. Бұл жұмыстардың бәрі энергия тиімділігімен және энергия
үнемдеумен байланысты. Жел агрегаттарымен, күн қондырғыларымен және
жылу сорғыларымен байланысты жаңғыртылатын энергия көздері бойынша
зерттеулер жүргізілуде;
- кластерлер мен құрылыс элементтерін түзуге арналған көміртектің екі
шығу көзін пайдалана отырып, реактор көлемінде фуллерендер өндіру.
Қысымды төмендете отырып, көміртек буы мен ұшқақ катализатордан
химиялық тұндыру арқылы көміртекті нанотүтікшелер мен наноталшықтар
алу технологиясын дамыту. Жастықшалар – катализатор-тасымалдаушылар
алу және оларды көміртекті нанотүтікшелер алу үдерісінде пайдалану үшін
магнит өрісінде микродоғалық тотықтандыру технологиясын пайдалану. Бұл
әзірлемелер
мұнай
жабдығы
элементтерін
жоғарытемпературалық
жемірілуден қорғау, жұмыс тораптарының тозуға төзімділігін арттыру және
т.б. үшін пайдаланылады.
Энергия
үнемдеу
және
энергия
тиімділігі,
инжиниринг,
технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу, инновациялар
және тәжірибелік-конструкторлық өндіріс, дәстүрлі және балама отын, Киот
хаттамасы бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша, плазмалық
және энергия үнемдеуші технологияларға қатысты әзірлемелерді ендіру
сияқты жаңа бағыттар қалыптасты.
Энергетикалық объектілердің қауіпсіздігін арттыру үшін табиғи және
техногенді факторлардан туындаған авариялар мен төтенше жағдайлардың
себептерін жою бойынша алдын ала іс-шаралар ұйымдастыру мәселелеріне
басты назар аударылады. Мысалы, гидротехникалық имараттардың
қауіпсіздігін арттыруға қатысты Қазақстанда алғаш рет ҚР ТЖМ ғылыми-
техникалық кеңісінде мақұлданған, сондай-ақ ҚР БҒМ Ғылым комитетінің
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасынан оң қорытынды алған
«Гидротехникалық имараттардың (ГТИ) қауіпсіздігін суағыту имараттары
мен артық энергияны өшірушілердің жұмысын оңтайландыру арқылы
арттыру, авариялар қаупін азайту және төменгі бьефтің шайылуын
болдырмау» бағдарламасы әзірленді.
Бұл бағдарламаның аясында қолданыстағы және салынып жатқан
гидротехникалық имараттардың суағытқыларының су өткізу қабілетін
67
арттырумен байланысты жобалар әзірленді. Бұл жұмыстың нақты
қосымшасы СНиП РК 3.04-01-2008 сәйкес гидрообъектіні 1-сыныпты
имараттарға ауыстыруға байланысты «Мойнақ ГЭС» АҚ Бестөбе
суқоймасында қосымша суғағытқы әзірлеу болып табылады. Суағыту
ағынының артық энергияны өшірушілер жұмысының тиімділігін арттыру
«ГЭС-тердің және «Мойнақ ГЭС» АҰ гидроимараттары жұмыстарының
қауіпсіздігін суағыту ағынының энергиясын өшірушілер жұмыстарының
тиімділігін арттыру арқылы қамтамасыз ету» және «Мойнақ» ГЭС» АҚ үшін
суағыту ағынының энергиясын өшірушілердің жаңа конструкцияларын
әзірлеу» жобаларында зерттелуде. Бұл жобалардың ерекшелігі ағынның
жылдамдығын қауіпсіз шамаға дейін төмендетуге және сол арқылы төменгі
бьеф топырағының шайылып кету қаупін жоюға мүмкіндік беретін энергия
өшірушінің жаңа конструкциясын әзірлеу болып табылады.
Сондай-ақ «Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның энергетикалық емес
гидроимараттарындағы шағын ГЭС-тер» және «Қазақстанның бүлінген
шағын ГЭС-терінің мүмкіндіктерін зерттеу және оларды қалпына келтіру
бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу» жобалары ВИЭ дамыту
тұрғысынан болашағы зор болып табылады. Олардың ерекшелігі экологияға
теріс әсер етуді төмендету үшін тегеуріні әлсіз каскад түріндегі ГЭС-тердің
жаңа
конструкцияларын,
сондай-ақ
магистральды
каналдар
мен
құбырөткізгіштерде пайдалануға болатын тура ағатын турбиналардың жаңа
конструкцияларын жасаудан көрінеді.
Жүзеге асырылған ҒЗТКЖ-ларды талдау энергия тиімділігі мәселесі
бойынша көмірді газдандыру бойынша жаңа әзірлемелерді пайдалана
отырып, ЖЭС мен ТЭЦ-тердің қолданыстағы жабдығының тиімділігін
арттыру бойынша жұмыстарды қарастыруға болатындығын көрсетеді.
Мұндай зерттеулер Қазақстан Энергетика ғылыми зерттеу институтында
жүргізіледі және зиянды шығарындыларды төмендетіп қана қоймай,
агрегаттың КПД арттыратын эксперименттік қондырғы орнатылған. Сондай-
ақ отынның әртүрлі түрлерін пайдалануға болатын КПД арттырылған
қазандықтарға арналған сужылытқыштың жаңа конструкциясы әзірленді
(әзірлеуші – Р.К. Орумбаев). Екібастұз көмірін жағу проблемасы көптеген
қазақстандық зерттеулермен байланысты. Мұндай танымал әзірлемелердің бірі
тозаң-көмір жылу стансаларына арналған плазмалық-отын жүйесі болып
табылады. Бұл бағыт Қазақстан Энергетика ғылыми зерттеу институтында
бастау алып (Б.П. Устименко, В.Е. Месерле), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жану проблемалары институтында жалғасын табуда. Плазматронның басты
кемшілігі оның тұрақсыз жұмыс істеуі болып табылады. Оны өнеркәсіпке
ендіру үшін әртүрлі режімдерде плазматронда көмірдің жану үдерісін
математикалық модельдеу қажет болады. Есептік деректер плазматронның
конструкциясын оңтайландыруға және сыртқы параметрлер өзгерген кезде
жағымсыз құбылыстарды жоюға мүмкіндік береді.
Қазақстанда барынша кең тараған ВИЭ-лер шағын және микро-ГЭС-тер
болып табылады. Бүгінгі күні пайдаланылатын гидроагрегаттар – негізінен
Достарыңызбен бөлісу: |