5
Жыл қорытындылары бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мен
тиімділігі ҒЗЖ жөніндегі есептерді мемлекеттік сараптамадан өткізу, ҰҒК
ғылыми жобалардың жүзеге асу барысы мен жағдайының мониторингін,
форсайттық зерттеулерді ұйымдастырып, өткізу негізінде анықталады. 2013
жылдың нәтижелері бойынша есептері төмен бағаланған 47 жоба ары қарай
қаржыландыруға ұсынылмады.
Сонымен қатар 2013 жылы МҒТС ҰО-нда «Ғылым мен технологиялар
саласындағы жүйелі талдау және болжау» форсайттық жобасы іске асырылды.
Жоба Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының ғылыми және технологиялық
басым бағыттарын анықтауға, талдауға, олардың ҚР ЖҒТК белгілеген 5
басымдыққа сәйкестігін айқындауға бағытталған. Жоба бойынша жұмыс
барысында ғылыми-техникалық ақпаратқа, мемлекеттік органдардың
есептеріне, отандық және халықаралық жетекші зерттеу ұйымдары мен
«үлкен төрттіктің» консалтинг компанияларының сараптамалық шолуларына
талдау жасау, библиометрикалық және патенттік іздестірулер жүргізу,
өнеркәсіптік кәсіпорындардың есептерін талдау жүзеге асырылды. Жоба
кеңесшілерінің қатарында форсайттық зерттеулер саласындағы жетекші
халықаралық сарапшылар бар: Корей ғылым мен технологияларды бағалау
және жоспарлау институтының өкілдері (KISTEP), Манчестер университеті,
Финляндия академиясы.
Қазіргі уақытта ғылым саласындағы басым бағыттардың бірі әлемдік
ғылым кеңістігіне кірігу болып табылады.
Ғылым мен техника саласында Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Корея, Жапония,
Германия, Франция, Польша, Ресей, Украина және т.б. елдермен 30-дан астам
мемлекетаралық келісімдер жасалды. Осындай интеграцияның маңызды
құралы – бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобалар
мен бағдарламаларға қатысу. Мысалы, Назарбаев Университетінде ЛСА Жапон
компаниясы күн фотоэлектрлік жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза
энергияны енгізу жобасын жүзеге асыра бастады. Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Ядролық зерттеулер біріккен
институтымен (ЯЗБИ) ынтымақтастықта табысты жұмыс істейді. Үндістанмен
ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.
Келісім бойынша үнді тарапынан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде заманауи суперкомпьютер орнатылды.
Президент тапсырмасына сәйкес дарынды шетелдік ғалымдарды жұмысқа
тарту бойынша, соның ішінде үздік қазақстандық ғалымдарды елімізге қайта
оралуға ынталандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Отандық ғалымдардың ауқымды халықаралық жобаларға қатысуы үшін
жағдайлар жасалып жатыр. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың
(ХҒТО) Орталық кеңсесі қазір Астана қаласында орналасқан. Мұның аймақтық
ғылымның дамуына тиімді әсер етері сөзсіз.
2013 жылы Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға
алғаш келген кезде Қазақстан мен Ұлыбритания жас ғалымдарының ғылыми
зерттеулер саласындағы ынтымақтастығын нығайту бойынша бағдарламаның
6
іске қосылғандығы жарияланған. «Ғылыми-зерттеу әріптестігін дамыту»
атты бесжылдық әріптестік бағдарламасы Қазақстанда, сонымен қатар
әлемнің 18 елінде жүзеге асырылатын болады.
Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық, ҚР Білім және
ғылым министрлігінің 6 атаулы сыйлығы, мемлекеттік ғылыми стипендиялар
(50 – жас ғалымдарға арналған, 25 – көрнекті ғалымдарға арналған)
ғалымдарды ғылыми жұмысты сапалы жүзеге асыруға айтарлықтай
ынталандырады.
2013 жылы республикамыздың 14 жетекші ғалымы ғылым мен техника
саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаттары атанды: математика саласы
бойынша – ҰҒА академигі Т. Ш. Қалменов, медицина саласы бойынша –
Нейрохирургия
ғылыми
орталығының
ҰҒА
корреспондент-мүшесі
С. Қ. Ақшолақов
бастаған
ұжымы,
география
бойынша
–
ҰҒА
корреспондент-мүшесі А. Р. Медеу бастаған География институтының бір
топ ғалымдары.
Қазақстанда, әлемдік және отандық ғылымның неғұрлым айтарлықтай
жетістіктерін және олардың даму үрдістерін талдауды қамтитын жыл
сайынғы шолу-талдау жұмыстарын дайындау және баспадан шығару «ҚР
Ұлттық Ғылым академиясы» РҚБ-ның (бұдан әрі – ҚР ҰҒА) өкілеттігін
ғылыми-техникалық саясат шеңберінде айқындайтын «Ғылым туралы» ҚР
Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес орындалады.
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін бағалауды
жүргізуде көмекке келген негізгі көрсеткіштерге мыналар жатады: ғылымды
қаржыландырудың көлемімен қайнар көзі; ғылыми, ғылыми-техникалық
өндіріс пен мекемелердің саны; олардың материалдық-техникалық
базаларының жай-күйі; ғылыми кадрлардың саны және біліктілігі;
орындалған ҒЗТКЖ көлемі.
Осы талдауды қорыта келе және Қазақстанда бар ғылыми мектептер мен
ғылыми әлеуетті сондай-ақ елдің индустриалды-инновациялық даму
басымдықтары есепке ала отырып ғылыми дамуының барлық басымдықтары
осы ғылым туралы Ұлттық баяндамада көрініс тапқан (бұдан кейін –
Баяндама).
2012 ж.
бастап,
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 21 тамыздағы №369 жарлығына сәйкес
Баяндаманың құрылымы елеулі өзгерді және ғылымның барлық бес басым
бағыты бойынша неғұрлым маңызды материалдарды қамтыды.
2013 жылғы Баяндаманың құрылымы:
1) кіріспе – Баяндаманың мақсаты;
2) ғылыми-метрикалық
талдау
ұсыныла
отырып
қазақстандық
ғылымның жалпы сипаттамасы;
3) ғылыми әлеуеттің жай-күйін, ғылыми ұйымдардың сапалық құрамын,
жоғары оқу орындарын, білім беру дербес ұйымдарын, ғылыммен
айналысатындарды, отандық ғылыми кадрларды даярлау сапасын, шетелдік
ғалымдарды тарту, сондай-ақ Қазақстанда ғылыми зерттеулер жүргізу үшін
Достарыңызбен бөлісу: |