Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет24/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92

59 
 
жеткілікті  мөлшерде  қамтамасыз  ете  алады  және  де  ішкі  қажеттілікті 
қанағаттандыруға  және  бәсекеге  қабілетті  өнім  алған  жағдайда  әлемдік 
металл нарығында лайықты орын алуға жеткілікті.  
Қазақстанда  геологиялық  барлау  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  СЖМ 
құрамына жүйелі зерттеулер жасалмады, осыған байланысты қорды нақтылы 
болжау  айтарлықтай  күрделі.  Сонымен  бірге  минералогиялық  талдаулар 
жекеленген  кенорындарында  СЖМ  ілеспелі  алудың  келешектілігі  мен 
тартымдылығын көрсетті. 
Қазақстанда  сирек  металдар  саласының  негізгі  проблемасы  (мәселесі) 
өндіруші мен шикізат жеткізуші арасындағы технологиялық тіркестің үзілуі 
болып тұр. Барлық өндірістік бірліктер бірдей жағдайда  – жеке минералды-
шикізат  базасының  болмауы.  Сонымен,  СМ  және  СЖМ  облысында 
Қазақстан  Республикасының  металлургия  кешені  шикізат  өндіруші  және 
соңғы  өнім  шығаратын  жоғарытехнологиялық  компаниялар  ортасындағы 
өңдеуші орынға ие. Бұл ретте екеуі де Қазақстан Республикасынан тысқары 
тұр.  
Қазақстандағы  сирек  металдар  өнімінің  импорттық  көрсеткіші  елде 
сирек  және  сирекжер  металдардың  айтарлықтай  шикізат  қорына  ие  бола 
тұрып,  экспорттаудың  орнына,  оларды  сырттан  алуға  мәжбүр  екендігін 
көрсетті. Бұл елде саланың дамымағандығын көрсетеді.  
Молибден  шикізат  базасының  жеткіліктілігін  ескерсек  Қазақстанда 
молибден саласын ұзақмерзімдік дамытуға мүмкіндігі бар деген қорытынды 
жасауға болады.  
Қазақстандағы  қолжетімді  барлық  рений  көздерін  өндіру  мен  өңдеу 
келешекте  осы  бағытты  ұзақмерзімдік  дамытуды  және  өндіруді  нақтылы 
қамтамасыз етуге қабілетті.     
СМ және СЖМ қоры мен құрамы бойынша жүргізілген мониторинг ҚР-
да  СМ  және  СЖМ  шикізат  ресурстарының  көптеген  түрлері  бойынша 
бірсыпыра  қорының  бар  екендігіне  қарамастан,  ондағы  пайдалы 
компоненттердің  құрамының  (2-10  есеге  дейін)  әлемдік  жетекші 
кенорындармен  салыстырғанда  төмен  екендігін  көрсетті.  Техногендік 
минералдық пайда болулардағы сирек металдар қоры мен құрамы бойынша 
алынған  мәліметтер  кендік  шикізаттарды  өңдеуде  кешенділіктің  жоқ 
екендігін  айқындайды.  СМ  және  СЖМ  құрамды  шикізаттарды  кешенді 
өңдеудің рентабельді технологиясын әзірлеу қажет.  
Қазақстан ғалымдарының әзірлемелері: 

 
қорытпа  өніміне  95%-дейін  рений  және  92%-дейін  осмий  алатын 
қорғасын шламы мен қоқымын өңдеу технологиясы. 

 
перренат  аммоний  ала  отырып  қорғасын  шламын,  электросүзгілер 
шаңдарын өңдеу технологиясы. 

 
хлорлы  гидрометаллургиялық  технология:  сульфидті  шикізаттан 
жоғары  сапалы  молибден  оксидін  алу  92%-дан  жоғары  және  шеелитті 
шикізаттан вольфрам оксидін алу 90%-дан жоғары.   


60 
 

 
қорғасын-мырыш және мыс өнеркәсібінің өндіріс өнімдерінен маркалы 
(таңбалы) селен алудың гидрометаллургиялық технологиясы. 

 
СЖЭ  және  фосфатты  тыңайтқыш,  уранды  концентраттар  алатын  
фосфатты-карбонатты уран кендерін өңдеу технологиясы.
 

 
СЖЭ-ның  96,2%  оксидті  жиынтық  концентрациясын,  химиялық 
шөгінді  бор,  гипс  және  известі  (әкті)-аммиякты  селитралар  ала  отырып 
фосфогипсті өңдеу технологиялары. 

 
БМЗ 
күкіртқышқылы 
өндірісінің 
металлургиялық 
газдарын 
шаймалаған лақтырынды ерітінділерінен  рений алу технологиясы.
 

 
таңбалық  металл  алып,  «ҚазақмысСмелтинг»  ЖШС-і  өндіретін  қара 
(черновой)  селенді  тазарту  үшін  экологиялық  қауіпсіз  жабдықтары  және 
технологиялары.
 

 
Өнеркәсіпөніміне  галий  мен  ванадий  –  сирек  металдарды 
концентрациялай отырып алюминий тотығы өндірісінің жартылайөнімдерін 
өңдеу технологиясы.
 
Бірақта бұл әзірлемелер өнеркәсіптік өндіріске ендірілмеген. 
 
Мемлекет,  келешекте  нарықта  экономикалық  және  стратегиялық 
жағдайға  ие  болу  үшін  сирек  және  сирекжер  металдарды  өңдеу  саласына 
және өз шикізат базасын құруға бет бұруы керек. Бұған әлеует жеткілікті. 
Қазақстан  құрамында  СМ  және  ЖРМ  бар  біршама  шикізат  қорына  ие 
және  әлемдік  нарыққа  бірқатар  өндіріс  өнімдерін,  техникалық  тазалығы 
жоғары  металдар,  концентраттар  шығарушы  болып  есептеледі,  бұл 
шығарылулар еліміздің әлеуетінің 8-10%-нан аспайды. 
Республика  территориясында  ванадийдің  айтарлықтай  қоры  бар: 
Қаратау  тақтатасы  69,4%,  титаномагнетит  13%,  мұнай  12,9%,  бокситтер 
4,1%.   
Жүргізілген  аналитикалық  зерттеулер  Қазақстан  Республикасының 
жаңа  жоғарытехнологиялы  ванадий  кішісаласын  құруға  және  дамытуға 
өндірістік және ғылыми әлеуетінің жететінін, жеткілікті шикізат базасына ие 
екендігін көрсетті.  
Кіші  сала  феррованадий  және  триоксидамолибден,  ферроқорытпалар 
өндірісін қамтуы мүмкін.  
Ванадийдің  аса  ірі  кенорындары  –  Баласауысқандық,  Жабағылы  және 
Құрұмсақ, кеннің қоры ~500 млн. тонна деп бағаланады, құрамында ванадий 
оксиді  ~1%,  молибден  ~0,02%,  сирекжер  металдары  мен  иттрий  жиынтығы 
~0,063%. Баласауысқанды кенорнында ванадийлі тақтатастың баланстан тыс 
қорынан  тәжірибелік  қазылымдар  алынуда,  бұл  алынған  кендер  кешенді 
өңделетін болады.  
Тауарлық  өнім  алуға  мүмкіндік  беретін  Баласауысқандық  кенорнының 
кендерін  өңдеу  технологиясы  әзірленді:  сирек  және  сирекжер  металдар, 
сондай-ақ алюминий, көміртегі мен кремний. Бұл ванадий құрамды (әлемдік 
қордың  70%)  ерекше  кенорны,  құрамында  өндірістік  СЖМ,  молибден, 
уранның  болуымен  сипатталады.  Келешектегі  өндіріс  кешенінің  өнімі 
болып:  алюминий  өндірісі  мен  азотты-калийлі  тыңайтқыштар  өндірісі  үшін 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау