70
коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты электрондық өзара iс-әрекет кезінде ақпарат-тық
қауiпсiздiк
пен
е-технологиялар
инфрақұрылымының
қорғанысын
қамтамасыз ететін тұрақты әрі тиiмдi құралдардың қажеттілігі артып отыр.
Қазiргi кезде бұлтты есептеулер технологиясын жасау мен жетiлдiру
бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұлтты есептеулер (cloud
computing) – компьютерлік ресурстар мен қуат пайдаланушыға Интернет-
сервис ретінде ұсынылатын, деректерді үлестірілген өңдеу технологиясы.
Бұлтты өнімдер мен шешімдердің жетекшi әлемдiк өңдеушiлері Amazon
Web Services, AT&T, GoGrid Cloud Hosting; Google, IBM, Joyent, Rackspace
Hosting, Savvis, Terremark Worldwide, VMware және Verizon Communications
болып табылады. Алматыда (2011 ж. тамыз) Халықаралық ақпараттық
технологиялар университетінде ашық жүйелер және бұлтты есеп-теулер
ғылыми-зерттеу
зертханасы
ашылды.
Оның
мақсаты
Қазақстан
Республикасында бұлтты есептеулер мен ашық жүйелердің жаңа
технологияларын дамыту болып табылады.
Ашық баспасөзге сүйенсек, қоймада орналастырылған деректерді
қорғаудың үздік шарасы – шифрлау технологиясын пайдалану. Берiлетiн
деректер әрқашан шифрланған және пайдаланушыға аутентификациядан
кейін ғана қолжетімді болуға тиіс. Мұндай тәсіл бұл деректерді ешбір адам,
тіпті оларға желідегі сенімсіз тораптар арқылы қатынауға рұқсат алғанда да,
өзгерте немесе оқи алмайтындығына кепілдік береді. Бұлтты қауiпсiздiк
үшiн өзінен-өзі қорғалған деректер (self-protected data) сияқты жаңа
технологиялар болашағы бар деп саналады. Бұл – шифрланған деректер,
оларға бағдарламалық қамтама механизмі және сенiм бiлдiрiлген монитор
біріктірілген (trusted monitor) – бұл бұлтты есептеулер провайде-рінің
серверіне орнатылатын және провайдердің іс-әрекетін бақылауға және
нәтижелерін пайдаланушыға жіберуге мүмкіндік беретін бағдарламалық
қамтама.
Осы аяда Қазақстанда шифралу мен электронды сандық қолтаңба және
пайдаланушылардың сақталған деректерге рұқсат алуын басқарудың
симметриялы және ассиметриялы жүйелерін құруға зерттеулер жүргізілуде.
Зерттеме жаңалығы криптографиялық жүйелердің позициялы емес
полиноминалды жүйелерінің алынып тасталуымен бекітіледі. Зерттеме
жұмыстарының болашағы зор болып саналады, себебі ұлттық жүйенің
ақпараттық қауіпсіздігін дамытуға және дәстүрлі әдістермен салыстырғанда,
тұрақтылық дәрежесі жақсартылған ақпараттардың криптографиялық
қауіпсіздігін сенімді қорғаныс жүйелерімен қамтуға жол береді.
Нәтижесінде компюьтерлік желілердегі құпия ақпарат ресурстарын
қолжетімділікке рұқсат етілмейтін монитор түрінде әртүрлі типтегі
сауалдарды өңдеу арқылы ақпаратқа қолжеткізуді бақылаудың өкілетті
саясатын қолдана отырып, қолжетімділікті шектеу жүйесін құру жолымен
қорғанысты жүзеге асырушы бағдарламалар кешені әзірленді.
71
Алынған нәтижелер криптографиялық тұрақтылық дәрежесі бойынша
талаптарды есепке ала отырып шифрлеу жүйесін және электрондық сандық
сқз жүйелерін ақпарат коммуникациялық е-үкімет, е-білім беру, е-дауыс
беру жүйелерінде, бұлттық есептеу технологияларында қолдануға болады.
Құрылған псевдокездейсоқ реттілік генерациясының жүйесі блоктық
шифрлауде қалай қолданылс, үлкен хабарларды шифрлауда және мәліметтер
ағынын табыстау үдерісі кезінде қолданылатын ағымдық шифрлауда да
солай қолданылады.
Бiлiм берудегі ақпараттық технологиялар. Қазақстанның Болон
процесiне кіруі еліміздің білім беру жүйесін, ең алдымен, білім беруді
басқаруды жаңғырту арқылы қамтамасыз етілетін еуропалық стандарттарға
сәйкес жаңғыртуды көздейді.
Отандық ғалымдармен бiлiм беру ұйымдары менеджментiнiң
ерекшелiктерi және бiлiм беру құрылымдары қызметінің түпкілікті
нәтижелерi және қызмет көрсеткіштерін анықтау мәселелеріне зерттелді [29-
31]. Көрсеткiштер мен нысаналы индикаторлар жүйесін әзiрлеудің жалпы
тәсілі қарастырылады, индикаторларды пайдалануға байланысты мәселелер,
тәуекелдер, жиі кездесетін қателіктер талданады, сондай-ақ білім беру
мекемелері қызметінің түпкілікті нәтижелерін өлшеу, индикативті
жоспарлау жүйесін құру қажеттілігі негізделген.
Қызметтi ішкі және сыртқы бағалау тәсілдерінің бірі болып табылатын
жоғары оқу орындарының рейтингілік бағасын қалыптастыруға еңбектер
арналған [32-35]. Бұл авторлардың ғылыми еңбектерінде рейтингілік
көрсеткіштер үшін қойылған балдың қосындысын есептеу негізінде оқыту-
шылардың қызметін бағалау әдістемесі көрсетілген. Университет
қызметкерлерiнің рейтингісі бiлiктiлiк деңгейiн, педагогикалық және
ғылыми жұмыстардың өнімділігін арттыруда, университеттің жоғары оқу
орындарының
арасындағы
рейтингілік
көрсеткiшiн
жоғарылатуда
ынталандырушы механизм қызметін атқарады.
Көрсеткiштердi ЖОО-ның бiлiм беру қызметiн жоспарлау мен
басқаруда пайдалануға қатысты кешенді, концептуалды тәсіл мәселесі
жеткілікті түрде қарастырылмағанын айта кетуіміз керек. Әлеуметтiк-
экономикалық жүйелерде процестік менеджментке негізделген процестік-
бағдарланған басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту мәселелері
жұмыста қарастырылған [36, 37].
Процесс менеджментi бойынша қолда бар ғылыми әдебиет негізінен
бизнес-процестiң модельдерін басқару жүйелерін қайта ұйымдастырудың
практикалық мiндеттерiне байланыстырмай жасауға арналған типтік
тәсілдерге
арналған.
Бiрнеше
еңбек
бизнес-процестерді
әртүрлі
бағдарламалық өнімдер мен нотациялардың көмегімен сипаттау мен
модельдеу техникасына арналған. Өкiнiшке қарай, бұл жұмыстарда ЖОО-
ның бизнес-процестерінің желiсін құру проблемаларына, олардың өзара
әрекеттестігіне, бизнес-процестерді басқару қағидаттары мен құралдарына
жеткілікті назар аударылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |