«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет55/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88

Елеусинова У.М. №126 орта мектебінің II санатты 
математика пәнінің мұғалімі
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты мазмұны терең, бағдары айқын, стратегиялық
маңызы ерекше Жолдауын жариялады. Президенттің өзі айтқандай, мықты мемлекеттің жоспарлау
саясатымен,   ұзақ   мерзімді   дамуымен   және   экономиялық   өсуімен   ерекшеленетінін   ескерсек,   бұл
жолдаудың мән маңызы, берері арта түседі.
Елбасы Жолдауында жаңа саяси бағыттарға орын беріп, жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы 
Қазақстанның жаңа келбетін жасады. Қуатты да табысты мемлекеттің қай жағынан алғанда да өресі 
биік, мәртебесі үстем болатындығын айғақтады.
Елбасы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің санатына қосылып, өзіндік жетістіктеріміз 
бен қазақстандық даму үлгісін ұсынды. Елбасы жолдауындағы тағы бір маңызды көтерілген тақырып,
ол – білім мәселесі. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп 
жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді
қалыптастыру.
    Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың 
белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты. Қазіргі заман талабына сай мұғалімнің негізгі 
мақсаты – сабақ сапасын көтеру, сабақ түрін жетілдіру, ақпарат және техникалық құралдарды 
пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, олардың ізденуін, танымын 
қалыптастыру.
 Білім берудегі  ескі мазмұнның орнына  жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі 
обьект- субектілі педагокикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде,
өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда 
педагокикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқытушы мен оқушының 
тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
  Жаңа білім пардигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын  емес, оның тұлғасын
білім алу арқылы дамуын қойып отыр.\МОТ оқушыны дамыту құралы ретінде, 4-бет\
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда,оқу бар 
бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы 
ойлануға да қабілетті.. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды да тану 
да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, 
кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға 
болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
-
білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
-
жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
-
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
-
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.  \МАН,32-бет\  
  Сабақтың негізгі мақсатында балалардың өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы 
мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқара алатын, өзін өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын
зерттеу. Нәтижесінде біз танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйреніп, өзін - өзі 
реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделеу.
 Менің зерттеу барысында байқағаным, кез - келген оқушыға сенім артып, өзіне өзі сенетіндей жағдай
жасаса, ол қандай жағдай болмасын күресіп, жеңіп шығады. Ол үшін, балалар оқу мен оқытудың 
маңыздылығын айқындап, өз пікірлерін жеткізгеннен кейін өзін – өзі реттеуге күш жұмсайтыны 
байқалады.


         1-сурет                                      2-сурет
Інжу ыстық орындықта                  Мұғаліммен оқушының арасында диалог 
Білім жүйесі өмірімдегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал оқу 
процесіндегі дәстүрлі  әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтыны түсінікті жайт. Бүгінгі 
уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми
жетістіктерді еңгізуді талап етеді.
   Математика мұғалімдерінің педагокикалық жұмыстарына қойылатын талаптарының  басқа пәндер 
мұғалімдерінің жұмысына қойылатын талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының 
мақсаттылығын күшейтіп, сабаққа және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды 
ұйымдастыруна мүмкіндік туғызады.
   Тәрбие процесін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет 
істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз 
ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы 
жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Үздіксіз іздену – бүгінде 
мұғалімдерге қойылып отырған талаптардың бірі.       
   Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер 
мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын 
арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. 
Зертеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарыммен бірігіп жүргізілген 
жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.\МАН-39 
бет\
   Осы курсты оқымай тұрып дәстүрлі сабақ беру жүйесі туралы мен көп ойланатынмын, мұғалім емес
ендігі жерде оқушыларды қозғалысқа, ойлануға түсіретін қандай да бір әдістің керектігін. Мен сабақ 
беру барысында оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты пайдалананып, бірақ оны бір әдіс деп 
қабылдаған жоқпын. Әрі үлкен маңызы бар екенін ескермеппін. Мен математикадан бергендіктен, 
көбірек есептер шығартуға көңіл бөлетінмін. Сондықтан енді мүмкіндігінше көбірек диалогты 
пайдалануға тырысамын. 
    Мен өз тәжірибеме сүйене отырып  монолог пен диалогтың айырмасы бар екенің байқадым. Менің
түйгенім   сабақты   монолог   етіп,   түгін   қалдырмай   айтуға   қабілетті   оқушыны   да   жалықтырады.
Сондықтан да сабақты диалог етіп жүргізген дұрыс, оқушылар   көп білім алатындай етіп жүргізу
керек. Әр топтағы өзара әңгімелесу барысында  көптеген оқушылар жақсы идеялар айта алады. Бірақ
тыңдай білудің өзі, оған шыдамдылық   керектігін оқушылар оны толық түсінген жоқ. Ал тыңдай
білуге   үйренсе,   онда   сен   де   тіпті   нашар   түсіндіретіндердің   өзінен   жақсы   бір   пікір   тыңдайсың.
Балалардан жақсы жауап алғым келсе, дұрыс сұрақтар қоюға тиіспін. Оқушыларға бір-біріне дөрекі
сөйлеспеуге, яғни айтқан сөзің қандай болса, еститін жауабың да сондай болмақ деймін және ақылды
болғың келсе,   орнымен сұрауға, көңіл қойып тыңдауға, байсалды түрде жауап беруге және басқа
айтар ештеңең жоқ кезде сөйлеуді доғаруға үйренуге шақырамын.  Мектеп тәжірибиесінде   өзімнің
байқағаным   диалогтік   оқыту   барысында   оқушылар   сол   сұрақ   барысында   тек   бір   ғана   жауаппен
шектеліп қалмайды екен. Ол жерде оқушылар сұраққа жан-жақты жауап берумен қатар өз ой-пікірін
айтады, сол сұрақ барысында топта,   жұпта талдап,   жіктеп және сол сұраққа баға бере отырып,
қазіргі   қоғамдағы   әлеуметтік   маңыздылығын   айтады.     Сонымен   қатар   бұл   диалогтік   оқытудың
маңыздылығы   сұраққа   жауап   беру   барысында   оқушылар   ойланады,     ізденеді,   бір-бірінің   пікірін
тыңдау арқылы сыйластығы,   бір-бірімен санасуы артады. Мысалға алатын болсам, өзімнің №126
орта мектебімдегі 22 қазан күні 5 сыныпта математика пәнінен бірінші сабағымды өттім. Сабақтың
тақырыбы: Щеңбер. Дөнгелек . Топты санамақ арқылы үш топқа бөлдім. Сөйтіп балалар 1,2,3- деп үш


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау