2-тапсырма.
(10 минут)
Жұптық жұмыс. «Суретпен жұмыс»
Жұптаса отырып етістіктің түрлеріне
өз тобының атына байланысты
сөйлем құрастыруды тапсырамын
Жұптаса отырып етістіктің
түрлері мен жасалу жолдарына
қарай сөйлем құрастырады
ІV. Қорытындылау
(3 мин)
Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс.
Оқулықтың 194-195-бетеріндегі тест
сұрақтарына жауап беруді
тапсырамын.
Дұрыс жауаптары: 1.б; 2.б; 3.б; 4.а;
5.б; 6.ә; 7.а; 8.а; 9.в; 10.б.
Таратылған парақшаларға тест
сұрақтарының дұрыс нұсқаларын
жазады.
V. Бағалау
(2 мин)
Өзін-өзі бағалау:
Берілген бағалау критерийлерін
пайдаланып өздерін бағалауларын
тапсырамын:
«5» - 9-10 балл, «4» - 7- 8 балл,
«3» - 4- 6 балл, «2» - 1- 3 балл.
Соңынан парақшаларын жинап
аламын.
Өздерінің дұрыс жауаптарын
есептеп, өздерін бағалайды
VІ . Үй
тапсырмасын беру
(2 мин)
Етістіктің түрлері мен жасалу
жолдары бойынша мақал-мәтел,
нақыл сөздер жазып келу. Мысалы:
Оқу инемен құдық қазғандай.т.б.
Үй тапсырмасын түртіп алу
VII. Рефлексия
(3 мин )
1 ) Барлығын түсіндім
2) Жартылай түсіндім
3) Түсінген жоқпын
Оқушылар стикерге өз
жауаптарын жазып, іледі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Жаңабатырова С.Ә.
№126 орта мектебінің II санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Қалжан ахун ауылы
Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді»- қолдануда
«диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Ағылшын тілі сабағында диалог үлкен рол атқарады.
Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, жаңа сабақты бекіту, қорытынды рефлексия, эссе
барлығы диалог арқылы жүзеге асады.Сонымен қатар, диалог сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттырады, сабақтың жоғары дәрежеде өтуіне әсер етеді.
Диалог әдісін қолдана отырып, атап айтар болсам жұп аралық топ аралық талқылаулар, өзіндік
идеялар ұсынуда, баға беруде, түсіну дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың білім сапасын
жетілдірдім. Диалогтік оқыту арқылы мұғалім баланың өсіп-өнуіне бағыт беріп қана қоймай,
жан-жақты ойлауына , дамуына үлес қосады. Өз пәнім бойынша диалогтік оқытуды пайдаланудың
маңызы зор екенін білемін, бірақ бұрын дәстүрлі сабақтарымда диалог барысында оқушыларыма тек
жабық сұрақтар мен ғана шектелетінмін, оқулықтан асып кете алмайтынмын, яғни оқулықтағы
материалды ғана қамтитынмын. Осы сындарлы оқыту курсының бір айын оқып тәжірибе өткізуге
мектепке барған кезде, сабақтарымда оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлерін пайдаландым.
Мерсердің зерртеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады
және әңгімелесудің үш түрі бар.
Әңгіме –дебат
Топтық әңгіме
Зертеушілік әңгіме (МАН 40 б)
Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік
бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін
көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін
түсінуге көмектесті. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының
молаюына көмектесетінін түсіндім. Оқушылардың көбірек білуіне, басқа адамдармен диалог
жүргізуіне көмектесетін сыныптастары мен мұғалімі болып табылады. Мұғалім мен оқушылар
бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ортаға салады. Тәжірибе кезінде сабақтарымда оқушылардың бір-
бірімен еркін ойлау қабілетін дамытып, бір-бірімен пікірлесуге, тиянақты ой түюге, ашық
сұрақтар арқылы диалогты қолдандым. Диалогтік оқыту әдісінің менің сабақтарымда өз
дәрежесінде өтілуі өте зор көмектесті.
Мен сабақтарымда ЖИГСО әдісі бойынша оқушыларды топқа бөліп,орындарын ауыстырып
отырдым. Бірінші сабағымда түрлі- түстер арқылы, екінші сабағымда қиылған суреттер арқылы,
үшінші сабағымда көкөніс суреттері, төртінші сабақты жеміс суреттері арқылы топтарға бөлдім.
Бірінші сабағымның тақырыбы «Мен астанаға барғым келеді» Жаңа материал тақырыбына келу үшін,
оны игеруге оқушылардың қызығушылығын арттыруды көздедім. Төмендегі ашық сұрақтарды қоя
отырып, топтық әңгіме түрін орнаттым. Оқушыларға бүгін біз Астана қаласына саяхатқа
шығатындығымызды айтып, төмендегі сұрақтарды қойдым.
-What is the capital of our republic?
-The capital of our republic is Astana.
-What are the popular buildings?
-The popular buildings are Baiterek, Duman center, Khan Shatyr.Theyarefamousfortheir buildings.
Балалар барынша тырысып сұрақтарға ағылшын тілінде жауап берді.
- Біздің еліміздің астанасы қай қала?
-Біздің еліміздің астанасы Астана қаласы- деп жауап берді Нүркен деген оқушым. Менің қуанғаным
Нұркеннің ағылшын тілінде жауап бергені. Алдыңғы сабақтарда Нүркен ағылшын тілі түгілі қазақ
тілінде де жауап бермейтін. Нүркен менің зерттеуге алған белсенділігі төмен оқушым. Сабаққа онша
ынтасы жоқ, тақтадан көшірумен ғана шектелетін. Нүркеннің ағылшын тілінде жауап бергені мені
қуантты және таңкалдырды.
Осы тақырып төңірегінде балалар «Өкіл» әдісі арқылы топтық әңгіме жүргізді. Оқулық бойынша
«Колин, Омар, Асель, Дмитри демалыс күндеріне қандай жоспарлары бар екен?» тақырыбында әр
топ бір кейіпкерді зерттеп топта талқылау жұмысы орын алды. Осы кезде топта зерттеушілік әңгіме
жүрді. Себебі мәтінмен жұмыс жасағанда сөздік қорының аздығынан оқушылар оқулықтан таппаған
сөздердің аудармасын интернетке кіріп аудармаларын тауып жатты. Бір жағынан бұл жерде әңгіме-
дебат барысы да жүрді деп ойлаймын, себебі интернеттен тапқан сөздері әр түрлі мағынада
қолданылады, сол кезде жоқ бұл сөздің аудармасы « ия бұл солай», «жоқ олай емес» деген бағытта
болып жатты.
Жаңа сабақта «Where are you going to spendy our holidays?» негізінде ой түрткі және қайта бағыттау
сұрақ түрлерін пайдалана отырып, окушылардың өзіндік ой пікірлерін айту арқылы диалогті
қалыптастыра алдым.
-Қай жерлерде демалыс күндеріңді өткізесіңдер?
Оқушылар көптеген керемет жерлерді айтып жатты. PresentPerfect шағын пайдаланып оқушыларға
ашық, жабық сұрақтар беру арқылы диолог барысы жүрді.
Мысалы, мен оқушыларға «goingto» құрылымына байланысты жұп болып дайындап, сосын топ
болып талқылап диалог құрыңдар деп тапсырма бердім. Оқушылар топ болып құрған диалогтарын
топта талқылап оқыды.
№2 топ оқушылары
-Erbol:HaveyoueverbeentoMexico?
-Nurken:No, I haven’t
-Erbol: Have you ever been to Spain?
-Nurken:Yes, I have.
-Erbol: When did you go?
-Nurken:Two years ago.
Құрған диалогтарын оқушылар оқып берді. Жарайсыңдар деп отырғыздым. Бұл жерде менің айтарым
зерттеуге алған екі оқушым (Ербол, Нүркен) бір топта отырып қалыпты диалогті өздері құрып,
(жабық сұрақтар арқылы) апай біз оқып берейік деп тақтаға шықты.
Сабақ барысында мұғалімнің сұрақ қоюы маңызды болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады, оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны
жақсартады және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер
қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі сұрақтар және жоғары дәрежелі сұрақтар.
Сұрақтарды оқушылардың қабілетіне қарай құру керек. Қойылған төменгі дәрежелі сұрақтарға
қабілеті жоғары оқушылар оңай, әрі тез жауап беріп жатты, ал кейбір деңгейі төмен оқушылар
Достарыңызбен бөлісу: |