топқа бөлінді. Оқушыларға сабақтың мақсаттарын айтып өттім. Сабақтың мақсаты оқушылардың
щеңбер, дөнгелек, диаметр, радиус, доға туралы түсініктерін қалыптастыру. Дөнгелекті тұтас дене
ретінде «1бүтін» деп қабылдауға дағдыландыру.Оқушылардың өз білімдеріне деген сыни
көзқарастарын дамыту. Өзін – өзі бағалауға үйрету болып табылады. Сондықтан бастауыш сыныпта
алған білімдерің ұштастыра отырып, оқушыларға сабақ барысында осы жаңадан түсініктерің
қалыптастырдым. Сыныпты түгендегеннен кейін, жаңадан әдістерді қолдануға тырыстым. Сабақ
барысында мынадай әдістерді қолдандым: «ыстық орындық», жұптық жұмыс, топтық жұмыс,
диалогтық оқыту, АКТ көмегіне жүгіну, ассоциация әдісі, формативті бағалау. Сабақтың кезінде
оқушыларым таң қалды. Өйткені сабақтың барысында мен оқушыларға осы тақырыпты жұптасып,
талқылағаннан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып ыстық орындыққа отырып қорғады.
Оқушыларымыз сабақты отырып айтуға болады екен ғой деп таң қалды. Осы курсқа дейінгі
сабақтарымызда тек қана мұғалім сөйлегеніне, бағыт бағдар бергеніне оқушылар үйренген.
Мұғаліммен оқушының арасында диалог жүргіздім. Оқушылардың щеңбер, дөнгелек,диаметр,радиус
доға туралы түсініктерін қалыптастыруға тырыстым. Көбінесе жабық сұрақтар бердім.
Мұғалім -Тақтаға қандай фигура сызылған?
Оқушы - Щеңбер.
Мұғалім – Дұрыс. Щеңбер деген сөзді естігенде есіңе не түседі?
Оқушы - Дөңгелек.
Мұғалім - Жарайсын. Дөнгелек деген не?
Оқушы – Жазықтықтың щеңбердің ішіндегі бөлігі (щеңбердің өзімен
қоса) дөңгелек деп аталады
Мұғалім - Өмірде дөңгелекке ұқсайтын қандай мысалдар келтіре
аласын?
Оқушы - Машинаның дөңгелектері, сақина, монета, табақшалар, доп,
жер шары, кесенің түбі деп ойлаймын..
Мұғалім -Циркульмен щеңберді қалай сызамыз?
Оқушы – Білмеймін.
Мұғалім – Кім көмектеседі алады?
Оқушы - Мен. Дәптердің бетіне бір нүктені белгілеймін. Содан кейін
циркульдың бір ұшын сол нүктенің үстіне қоямын. Ал екінші
ұшымен сызып шығамын.
Сөйтіп мұғаліммен оқушының арасында диалог болды деп ойлаймын. Әрі қарай оқушылар есептер
шығарады. Сөйтіп оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу
және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаландым.
24 қазан күні үшінші сабағым болды. Сабақтың тақырыбы «Үлестер. Жай бөлшектер». Сабақтың
мақсаты: оқушыларға жай бөлшек,үлес,алым,бөлім туралы түсініктерін есептер шығару барысында
қалыптастыру. Оқушыларға сыни көзқарастарын дамыту. Өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту.
Мұғалім -Үлес деген не?
Оқушы - Үлес дегеніміз дөңгелекті тең бөліктерге бөлінгерді
атаймыз.
Мұғалім - Дұрыс. Ал жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?
Оқушы - Бөлшек сызығының астындағы сан неше үлеске бөлінгенің
көрседі.
Мұғалім - Жарайсын. Енді жай бөлшектін алымы нені көрсетеді?
Оқушы - Апай, бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлестің
алынғанын көрсетеді.
Мұғалім - Қандай бөлшектерді бірлік бөлшектер деп атайды?
Оқушы - Алымы 1 саны, бөлімі 1-ден өзге натурал сан болатын
бөлшектер бірлік бөлшектер деп атаймыз.
Мұғалім - Дұрыс.Жарайсындар.
Бұл жағдайда мен сыныпқа сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны
бойынша сұрақтар қойдым.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып
табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.
Әңгіме- дебат барысында ой- пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде
қалады, орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған. Ал топтық әңгіме кезінде айтылған
пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді және идея қайталанады
бірақ үнемі мұқият бағалана береді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілген жағдғайда әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, әркімнің
идеясы пайдалы ретінде бағаланады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды және айтқандарын
дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді».
Ал енді сыныпта топтық әңгімені дамыту үшін топтық тапсырмалар бердім. Сол кезде балалардың
өздерінің ұйымшылдығымен көзге көрінді. Мысалы оқушыларға міңсіз оқушының қасиеттерін
анықта деген тапсырма бергенімде. Оқушылар әрқасысының өздерінің жақсы қасиеттерін және
дамытатынын бір-бірімен пікірлер алмасып отырды. Қандай да болсын идеяларын шыдамдылықпен
тыңдай білді. Және де әр топтың идеялары қайталана берді.
Зерттеушілік әңгімеге талқылауға Қалжан ахун бабамыздың 150- жылдығына байланысты тапсырма
бердім. Сол кезде оқушыларым қызығушылық танытып мәліметтер жинады, кітапханадан,
оқулықтардан және т.б. Сөйтіп бірлесе отырып идеяларымен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын
талқылады, баға берді. Топтық білім мен түсінік қалыптасты. Оқушылар бірге ойланып жатты.
Талқылау кезінде оқушылар өз ойларын дауыстап айтып жатты. Тіптен кейбір оқушылар еш
қысылмастан өз ойларын ашық әрі еркін айтуға тырысып жатыр.
Менің бір түсінгенім ұстаз оқушылардың сұраққа берген жауабын тек олардың білімдерін тексеріп,
оған баға беру үшін емес, сонымен қатар оқушылардың сол сұраққа деген өз ойларын одан ары
дамытуға қолданса, оқушылар сабақтан өміріне қажетті білім игеріп кетуге тырысады деген
тұжырымға келдім. Болашақта осы диалогтық оқыту әдісін сабақта дамыта отырып, жақсы
нәтижелерге жетемін. Осылай бірінші сабақтан кейін келесі сабақтарда бағдарламаның әдіс
тәсілдерін қолданып оқу процесін зерттедім. Келешекте осы бағдарламаның модульдері арқылы сабақ
барысында жақсы нәтижелерге жетемін деген сенімдемін.
Қорытатын болсам, диалогтік оқытудың мұғалім мен оқушы үшін маңызы зор. Бұл білім беру мен
білім алудың жаңа тәсілдері арқылы мұғалім жұмыс жасайтын болса, біздің шәкірттеріміз жаңа заман
талабына сай білімді, дарынды, зерек ойлы және терең ойлана білетін жеке тұлға болып қалыптасады
деген ойдамын.
Болашақта нені өзгертемін:
1. 7 модуль идеяларын барлығын сабаққа енгіземін.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға дамытамын.
3. Таланты және дарынды балаларды оқытуды дамытамын.
4. Келешекте осы кемшіліктерімді жөндеуге тырысамын.
Пайдалынған әдебиеттер:
1.
Математика және физика №3(63),2012
2.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,
3.
Интернет желісі
4.
М.М.Жанпейісова «Модульдық оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/-Алматы,2006.-180 б.
5.
Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: Оқушылардың
тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері:/С.Мирсеитова. Қазақстан Оқу Ассоциациясы.
– Қарағанды: 2011 – «Кәсіби даму мектебі» сериясы
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мұғалімнің аты-жөні
Жүнісова Гүлнар Нұрабайқызы
№118
орта
мектебі,
Жалағаш
ауданы ,
Таң
ауылы
Сыныбы
6
Қазақ тілі
Сабақ атауы
Еліктеу сөздің түрлері
Сілтеме
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы ,
6-сынып , интернет материалдары
Достарыңызбен бөлісу: |