«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет43/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   88

Қазіргі оқыту оқушылардың өз бетінше оқуына бағытталғандықтан, олардың таным белсенділігін
көтеру   маңызды   деп   есептеймін.Сондықтан   мұғалім   оқушылардың   білімді   іздену,
пікірталас,проблемалық жағдайларды шешу, жоба құрастыру арқылы өз беттерінше алатындай етіп
ұйымдастыра   білуі   үлкен   шеберлікті   қажет   етеді.Оқушылардың   таным   әрекетін   белсендіретін
оқытудың белсенді түріне топтық жұмыс жатады.  Топтық жұмысты ұйымдастыру ұжымдық  өзара
әрекеттестікті   жүзеге   асырудың   бір   жұмыс   формасы   болып   табылады.Бұл   жерде   мұғалім
дидактикалық принципті ұстанғаны дұрыс деп ойлаймын, дәлірек айтсақ,күшті оқушылар мен әлсіз
оқушылардың  барлығының  дамуына  ықпал  жасайтындай  мақсатты бағытталған  жұмыс  жүргізілуі
қажет
Дұрыс   ұйымдастырылған   жұмыстың   бұл   формасы   топ   мүшелерінің     ортақ   мақсатты
түсініп,жауапкершілікті сезінуіне, міндеттерді дұрыс бөлісіп, бақылау жүргізуге үйретеді. 
Топтық жұмыс барысында:
9. Оқушылардың өзара әрекеттестігі жүзеге асады
10. Оқыту мен оқытудың қажеттілігі туындайды
11. Білімнің бақылануы жүреді
12. Оқу тобында қолайлы орта қалыптасады
Топтық оқытудың артықшылықтары:
1.Қажетті маңызды дағдыларды үйренеді ( өзара әрекеттестік,тыңдай білу,пікірталастарды шешу,бір 
мақсатқа жету үщін бірлесіп жұмыс істеу)
2.Оқушылардың академиялық үлгірімі артады
3.Өзін-өзі құрметтеуге үйренеді
4.Оқушылар өзара көмектің маңыздылығын түсінеді
Мен  өз тәжірибемде топтың жұмыстың  мынадай түрлерін ұйымдастырамын.
1.Жұптық жұмыс
2.Бірге отырған топ
3.Кішкене команда
Топтық жұмысты ұйымдастыру мына міндеттерді шешуі тиіс:
Ортақ жұмысты орындау барысында оқушылардың тапсырмаларды өздігінен  өзара  дұрыс бөлісуі
Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауы
Топтық жұмыс ережелерін орындауы
Өзара ынтымақтастықта болуы
Өзінің көзқарасын еркін білдіре отырып,басқалардың пікірін тыңдай білуі
Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушыларды тапсырма мен міндеттерді өздерінің 
арасында дұрыс бөлісуге үйрету қажет.Дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыс әрбір оқушының 
дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді.
Міндеттерді бөлісу кезінде оқушыларды бір - біріне бағынуға,тапсырманы жауапкершілікпен 
орындауға  үйрету тәртіптілікке шақырады.
Топтық жұмыс кезінде топ мүшелерінің саны  5-6 оқушыдан тұрса, әрбір топ мүшесі  ортақ  әрекетке 
барынша ат салысады деп ойлаймын..Оқушылар өзара әрекеттестікке үйренеді. Ол үшін топтың 
құрамын ауыстырып отыру қажет және топтағы рольдерді көшбасшылық,спикер ,сарапшы сияқты 
рольдерді ауыстырып отыру керек.Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушының жеке тұлға 
ретінде қалыптасуын бірінші орынға қойған дұрыс деп есептеймін.Ол үшін меніңше, топтың әрбір 
мүшесінің өзіндің көзқарасын бағалау керек. Биология сабақтарында мен  топтық жұмыс формасын 
жаңа сабақ материалын өту барысында, бекіту және қайталау кезеңдерінде пайдаланамын.Әр топқа  
бірнеше күрделілік деңгейдегі карточкалар дайындаймын.
1 деңгей карточкасының  тапсырмасы  білімді тек жай ғана айтып беру немесе оқулықтан  оқып беру 
сипатында.Бұл көбіне оқулықтағы ұғымдар мен заңдылықтар болуы мүмкін.
2 деңгей тапсырмалары алынған білімді алгоритмдік әрекет арқылы қолдану.Мысалы, белгілі бір 
нәрсені сипаттау арқылы оның не екенін табу.
3 деңгей тапсырмалары бар білімді нақты жағдайларды қолдана білуді,салыстыру,қорытынды 
жасауды қамтиды.
Тапсырманы орындау барысында оқушылардың бірін-бірі тексеруі өте маңызды деп 
есептеймін.Тапсырманы орындап болған соң оның қорытындысын хабарлаймын.Кеткен қателер мен 
жетістіктері хабарланады.Рефлексия.
Сабақтағы жұмыс  реті:
1.Сабақтың мақсаты мен міндетін кою.
2.Топқа бөлу.


3.Топтың тапсырмаларын беру.
4.Уақытты бөлу
5.Топта жұмысты орындау
6.Топтың жұмысын бағалау
7.Рефлексия
Топтық жұмыстардағы оқушылардың ролін бөлу.
Көшбасшы – топтағы жұқмысқа толығымен жауап береді:
Спикер – топтың шешімі мен жауабын қорғаушы
Сарапшы – сараптама жасап, қайшы  пікірлер айтады.
Хатшы – топта айтылған пікірлерді жазып отырады
Топтық жұмыста нәтижені бірден күтпеу керек,барлығы да дағдымен келеді деп ойлаймын.
Топтың жұмысын бағалау критерийлері
№ топ. 
Тақырыпты
баяндаудың
жүйелігі
Тақарыпты
баяндаудағы
реттілік 
Тақырыпты
баяндаудағы
уақыт
Басқа топтардың
толықтыруы
Топтың
ұйымшылдығы

  
  
  
  
  
II 
  
  
  
  
  
III 
  
  
  
  
  
IV 
  
  
  
  
  
Биология сабағында үй тапсырмасын тексеру  бойынша топтық жұмыс мысалы
Уақыты 15 мин.
Әр топқа 4 түрлі карточка беріледі, егер топта 4 оқушы болса.
Әр оқушы бір карточканы толтырады, мұғалімнің айтуымен  топ мүшелері карточкаларын 
алмастырады.Алған карточкаларының қатесін түзетеді немесе толықтырады.
Мысалы карточка 1.
Биологиялық диктант.
Тыныс алу жүйесіне – мұрын,жұтқыншақ,көмекей,..., кеңірдек...., бронхылар, .... , өкпелер жатады.Иіс
сезу жүйкелерінің ұштары ... орналасады. ... әрі тыныс алу ,әрі асқорыту жүйесінің мүшесі.
Карточка 2 
Мына ұғымдарға анықтама беріңдер.
Көмекей -  
Кеңірдек –
Өкпе – 
Ауа тамырлары – 
Карточка 3
Тынысалу мүшелерін ретімен орналастырыңдар.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар бірімен –бірі сөйлеспейді, олар уақыттың тапшылығын 
түсінеді.Оқушылар өздерін бағалай алады,қателесуден қорықпайды.
Топтық жұмыстың артықшылығы:
Топта қызу талқыланудың болуы. Оқушылар алған білімдерін пайдаланады.
Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бірін-бірі оқытады,жақын арадағы даму аймағы жүреді.
Оқушылар әңгімелесу арқылы ой-пайымдарының негізін құрып,мәнін ұғады,сыни тұрғыдан ойлауы 
жүзеге асады.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Алиева Акжан Абилдаевна
№132 Т.Айтбаев атындағы орта  мектептің 
биология пәні мұғалімі  Сырдария ауданы
Биология  сабағында «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану» модулін пайдалану
Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң -
үйренемін»   демекші   қазіргі     таңда  
   "Оқыту   мен   оқуда   ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды   қолдану"       қажеттілігі     басым.   Сондықтан     заман     талабына   сай   ақпараттық-


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау