1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
2. Білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Физика пәнінде АКТ –ны пайдалану арқылы оқушылардың
танымдық қабілетін дамыту
Автордың аты- жөні: Елеусінова Мирамкүл
Мекен –жайы: Қызылорда облысы, Жалағаш кенті
Мекеменің аты: № 202 орта мектеп
А н н о т а ц и я
Коучинг сабақтың мақсаты:
1. АКТ- ның сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек
көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
Коучинг сабақтың міндеті:
● АКТ құралдарын сыныпта тиімді енгізу.
● АКТ-ны мұғалімді ауыстыратын құрал ретінде емес, оқытудың қолданыстағы құралы ретінде
қолдану.
● АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі тәжірибесінде қолдану
және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану.
Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін
қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын
көтеру. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең
білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н.Ә.Назарбаев
Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Өркениеттің өсуі ақпараттық
қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың
даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың
белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық -
коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде
ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі
талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы
әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни
ақпараттық
қоғамға
бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және
тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі
техникалық құралдар жиыны.
Білікті мұғалім оқушыға АКТ-ні қалай қолдануды үйрету үшін оқудың төмендегі үш аспектісін
жекелеген пәндерді оқытуда өзара байланыста белсенді қолдана алуға дайын болуы қажет .
Білімдердің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру
мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы
болып табылады.
Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге
негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.
Білімдердің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ)
өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал
етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі
түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете
алады.
Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Пән мазмұнын жан-жақты білу
мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді.
Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық
бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар
саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да
меңзейді.
Мұғалім ақпараттық - коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке
-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман
ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы
нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық
пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп
табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша,
ақпараттық - білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру,
яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық
технологияларды
пайдаланудың
артықшылықтары
мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс
мәліметтер
көлемін
ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол
жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған
жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын
арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері
артады.
Компьютер – оқушы білімін бағалау құралы; Компьютердің көмегімен дыбыстық және
бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютер - мұғалімнің сабаққа деген
шығармашылық қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын
құрал.
Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен
безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта оқушылардың есте
сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және оқушылар принтер
арқылы қажетті ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік береді.
Интернет желісімен жұмыс жасағанда:
- Жобалардың презентацияларын дайындау.
- Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.
- Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу.
- Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.
- Өзін – өзі бағалау мүмкіндіктері беріледі.
Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында
қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен
салыстыруға болмайды.
- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
- Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
- Aktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да
тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі.
Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасып, болашақ
өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігінтигізеді.
Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын
жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті,
оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік
Достарыңызбен бөлісу: |