«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет19/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88

• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді 
және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. 
Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес. 
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады. 
• Lesson Study-ді талқылайды. 
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін,
оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені 
келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау 
жүргізеді. 
Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін 
қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады. 
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби 
жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз 
оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің 
ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де 
қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің 
жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, 
әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді 
аңғаруымызға түрткі болады.
2. Lesson Study жүргізу 
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды 
мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды.
1-суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбасы 
Әдіскер  екеуіміз ақылдасып,  мұғалімдерден топ құрдық. Сыни тұрғыдан ойлай білетін шығармашыл
ұстаздармен келістік. Оларда бұл қалай болады екен деп ойланды. Бәріміз бірлесіп, ақылдасып  
Lesson Study-дің жоспарын түздік. Сыныпты таңдай отырып, әр сабақтың жоспарына өзгертулер 
енгізу арқылы қысқа мерзімді жоспар құрдық. Үш «бақылаудағы оқушыны» жоғары, орта, төмен 
көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін анықтадық.  Сабақтың әр кезеңін жоспарладық. Бақылаудағы 
әрбір оқушыдан қандай нәтиже күтетінімізді жазып отырдық. Кім қай бақылаудағы оқушыны 
қадағалайтынын белгілеп алды.Бақылаушы мұғалімдер  қысқа мерзімді жоспармен қоса, №1,№2,№3 
кестелерді дайындады. №1 кесте бойынша бақылаушы мұғалім анықталған оқушыны бақылап, сол 
кесте арқылы талқылауға дайын болып отырады. 
Әр бақылаушы мұғалім өзінің анықталған оқушысын зерттеп отырды.


Бірінші Lesson Study-ді өткізу
Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп бағалауға тырыстық. Оқушылардың
жетістіктерін бағалау материалдарын(«№1-№2-кестелерді)қолданып,топ мүшелерінің бақылаудағы 
оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде 
нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырдық. Бастапқы 
Lesson Study-ден кейін бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына 
ұмтылуымыз керек.Бақылау кезінде барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе оны оң жақ бағанға 
белгілейміз.Оқушыларды бақылау барысынды  №1 кестені толтыра отырып, сабақтың негізгі 
кезеңдері қандай болмақ? сабақтан кейін қандай сұрақ қоя алар едім? Деген сұрақтарды парақтың 
соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойдық.
Сабақтың әр кезеңінде бақыланушы оқушылардан қалай жауап беретінін, жауап беру кезінде қалай
бақыланғанын, шамамен жұмсалған уақытын, жалпы сол оқушыларға арналған табыс критерийлерін
өз бағаналарына белгілеу арқылы қандай нәтиже күтетінімізді сипаттап отырамыз. 
Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық:
*мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,
*сабақтың негізгі идеясын анықтау,
*оқушыдан күтілетін нәтиже,
*сабақтың маңыздылығы.
*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?


*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?
*Өздері өздерін бағалай ала ма? деген сұрақтар туа бастады.
Lesson Study әдісі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, 
қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу
Зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және 
олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені 
өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен сұхбаттастық. 
Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір 
уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін. 
Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң 
өткізген дұрыс. Оқушының пікірін білу үшін №2-кестемен жұмыс жасадық.
Lesson Study-ден кейінгі талқылау
Lesson Study –ден кейінгі талқылау сызбасын пайдаланып, сабақтан кейін бірден жиналып  топ 
мүшелері сабақты талқылауға кірістік.Топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау 
критерийлерімен таныстырдым: 
1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу; 
2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау; 
3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау; 
4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу; 
5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл 
рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады; 
Қол қойып, күнін жаздық. 
(3-суретті қараңыз). 
Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдаландық.


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау