«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет15/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88

Қызылорда қаласы. № 257 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 
Сарина Әсемгүл
Сыныбы:  
10 «Ә»   Пәні: 
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин “Көшпенділер” трилогиясына мазмұндық талдау
Мақсаты. 1.Білімділік: Романның мазмұнын меңгерте отырып, шығарманы құрылымына, оқиға 
желісіне, тіліне талдау. Әр бөліміндегі кейіпкерлердің іс әрекетіне тоқтала отырып, тарихи 
мәліметтермен байланыстыру. 
2. Дамытушылығы: Оқушының ой өрісін, танымын, жаңаны танып, түсіне білу қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелігі: Ел даналарын, батырлар мен ел билеген бабаларды бағалай білуге, ел тарихын танып, 
н.асихаттауға тәрбиелеу.
Түрі : Жаңа білімді игерту сабағы
Әдісі : Ой шақыру,ой қозғау,шығармашылық жұмыстар,талдау,мәнерлеп оқу;
Көрнекілігі: Ақынның портреті,тақырыпқа арналған слайд, талдау кестелері;
Пәнаралық байланыс: тарих 
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру:1. Оқушылармен амандасып,сабаққа қатысуын түгендеу;
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Үй тапсырмасын сұрау.Берілген тақырыптар  бойынша сұралады.
1.  І. Есенберлиннің өмір жолы.
2.  Тарихи романы. Жарыққа шығуы.
3.   “Алмас қылыш”
      “Жанталас”
      “Қаһар” романдары.
3. Жаңа сабақ.
1/Инсерт әдісі.  Дәптермен жұмыс
Білемін
Білдім
Үйренгім  келеді
2/Сызбамен жұмыс.(сызбаны толтыру)
Трилогияда қамтылған уақыт
Трилогияның романдары
Тарихи тұлғалар
ХV- XVІ ғ.
“Жанталас”
Асан қайғы, Қазтуған,
Абылай хан,Кенесары
(Жауабы интерактивті тақтамен көрсетіледі)
Трилогияда қамтылған уақыт
Трилогияның романдары
Тарихи тұлғалар
ХV- XVІ ғ.
“Алмас қылыш”
Әбілхайыр хан
ХVІІ- XVІІІ ғ.
“Жанталас”
Жәнібек хан Керей хан
ХІX ғ.
“Қаһар”
Асан қайғы, Қазтуған,
Абылай хан, Кенесары
3/
Қазақ хандары (суреті көрсетіледі)
Кенесары батыр, қазақ хандары туралы мәлімет беру, өз ойларын айту.
4/Сараптамашы топтардың жұмысы:
І топ: Кенесарыны жақтаушы
ІІ топ: Кенесарыны даттаушы
ІІІ топ: Тәуелсіз сараптама
5/Көшпенділер күймесі. (мазмұндық  талдау)
Табалдырық. Роман 1969 ж. басылған. ХІХ ғ. 30-40 ж. оқиға баяндалған.
Әудемжер.  Роман 1969 ж. басылған. ХІХ ғ. 30-40 ж. оқиға баяндалған.


Қозыкөш. а/Нысанбай жыршының шежіре айтуы. Қыпшақ елінің 
Шыңғысханға бағынуын, Қасым, Хақназар хандардың бас көтеруін 
жырлауы.
ә/“Ақтабан шұбырынды” оқиғасы. Ресей империясына бағынуы. 
Жолайырық. Қос ағасы Есенгелді мен Саржанның өлімі. Елдің 
Көкшетауға көшуі. Кенесары бастап Ақмола бекінісіне шабуылы. Әке 
сенімі. Кек.
Көмбе. Бекіністі алуы. Қазақ руларын өзіне тартуы. Ел арасындағы 
беделінің артуы.
6/Тұлға бейнесі. Ассосация «Кенесары»
7/Сараптама:
 І топ: 

ел жанашыры;

 халқының тағдырына алаңдайды;

жері үшін күреседі;

батыр, қолбасшы.
ІІ топ: 

қатал;

өзгеге аяусыз.
ІІІ топ:

халқы үшін барлық амалға барады;

өзін аямағанды өзі де аямайды.
                  
8/Сабақты қорыту. М.Горький: “Адамзаттың шын тарихын тарихшы
                                     емес, суреткер жазады”
Тілегім сенен жалғыз, жас ұрпағым,
Болғайды әділетті көзқарасың!
Тудырған өз тұлғасын әрбір дәуір,
Жазылар бұдан да еңбек әлі тәуір.
Есіңнен шығарма тек, болашағым,
Түйенің көш бастаған жүгі ауыр!       І.Есенберлин.
Үйге: а/ Романдағы көркемдегіш сөздерді табу.
           ә/ Ойтолғау. «Ерлер елі үшін туады»
"АТАЖҰРТ" ЭТНОГЕОГРАФИЯЛЫҚ  ОЙЫНЫ
Кемелова Динара Анарбекқызы. Қызылорда  қаласы
Үш тілде оқытатын мамандандырылған 
сыныптары бар дарынды балаларға арналған 
 «Мұрагер» мектебінің  геогафия пәні мұғалімі
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, жер табиғатын, тарихын ,  байлығын  оқып білуге тәрбиелеу, 
оқушылардың дарынын,  білімін жетілдіруге және  зердесін  ашуға тәрбиелеу  мақсатында 
этногеографиялық  ойын сабағын  өткіздім.
Ұйымдастыру.
Ойынға 8 сынып оқушылары  қатысты.Оқушылар жеребе таңдау арқылы  2 топқа бөлінеді. 
I   топ -  "Жібек  жолы" тобы
II   топ -  "Ұлы  дала"  тобы                                                                                                       
Жаратқан иеміз санамызға ақыл мен парасат құйған , жүрегіне сезім мен сағыныш ұялатқан адамзат
баласының   ғұмыр   бойы қастерлеп   өтер   асылдарының   бірі - оның ата мекені,туған жері,өскен
ортасы. Кез келген адамға оның туған анасы  дүниедегі ең  сұлу жан болып көрінетіні сияқты, туған
өлкесі  де  жер  бетіндегі ең  бір ғажайып жұмақтай болып жадында қалады. Қазақстан- сенің   кіндік
кескен жерің, туған елің, Каспийден  Алтайға дейін,  Алатау  мен  Қаратау  жоталарынан  Батыс  Сібір
жазығына   дейін   көсіліп   жатқан   кең   байтақ   өңір-сенің   Отаның.Ата-бабаларымыз оны білектің


күшімен,найзаның ұшымен болашақ ұрпақ үшін жаудан қорғап, ғасырлар  бойы  сақтап  келген. Ал,
сендердің   міндеттерің-осы өлкенің өткені мен қазіргі жағдайын оқып білу ,сол білгенімізді халық
игілігіне   пайдалана   білу.   Міне,   осындай   мақсатпен   біз   "Атажұрт"   атты   этногеографиялық   білім
сайысын өткізгелі отырмыз.  Сайыс 4-кезеңнен тұрады.
1- -кезең   Өткел        100  ұпай
2-  кезең   Белес         200  ұпай
3- кезең    Бекет         300  ұпай
4- кезең  Жерұйық    500 ұпай 
Олай болса   алғашқы   кезеңімізді бастамас бұрын   топ   басшылары топ   мүшелерін   таныстырып
өтсін. 1-кезең  " Өткел "  
1. Қазақстанда алтын  кен  орны  қай  жерде  бар?  (  Қалба  жотасы )
2. Мыс өндіруден республикада  бірінші орын алатын жер?  ( Жезқазған ) 
3. Орал  тауының  Қазақстандағы  жалғасы?  ( Мұғалжар )
4. Қазақстан астанасы Алматыдан Астанаға қашан  көшірілді? ( 1997ж)
5.Ертіс  өзен  құятын  ағынды  көл? (Зайсан )
6. Елімізде  никель  мен  хромға  ең  бай кеніш? ( Кемпірсай )
7. Қытайдағы Ебінұр  көлінің  ойысы  мен  Қазақстандағы  Алакөл  қазаншұңқырын  қосып  жатқан  
тау  аңғары?  (Жоңғар  Алатауы )
8. Тауқұм  құмды  шөлі  қай  жазықта  орналасқан?   ( Балқаш  маңы )
9. Қай  экономикалық  ауданда  украин, неміс  ұлттарының  үлесі  басым?  ( Солтүстік  Қазақстан )
10. Солтүстік  сөзінің  қазақша  баламасы?  (Теріскей )
2- кезең  "Белес".  Әр  топқа  2 сұрақтан  қойылады.
"Ұлы дала" тобына қойылатын сұрақтар.
1. Қазақстанның  оңтүстік-шығысында Іле Алатауының солтүстік  баурайында   орналасқан  
республикалық  мәртебесі  бар  қала ? ( Алматы )
2. Субарктикалық белдеу-мүкті  қыналы  өсімдіктерден  тұратын  климаты  қатал  белдеу.Мұнда  жел  
мен  қарлы  борандар  жиі  соғады.Ең  көп  таралған  өсімдігі  -бұғы  мүгі,солтүстік  бұғысының  
негізгі  азығы.  Бұл  қай  зона?  ( Тундра )
"Жібек жолы" тобына қойылатын сұрақтар
1. Өзбекстан  мен  Қазақстан жерінде  Тұран  ойпатының  шөлді  белдемінде,Үстірттің  шығыс  
шетінде  орналасқан  тұйық  көл? (Арал )
2.  Анд  тауларын мекендеген  үндістер  биік  таулы  аймақтарды  игеріп,  жазу  мен  бейнелеу  өнерін  
дамытты.Олар  өз  қоғамында  өтірік  айтуға,жалқаулыққа  жол  бермеген.Үлкенді  сыйлауға  тұрмысы
нашар  адамдарға  көмек  беруді  үйреткен. Бұл  қандай  мемлекет? (Инктер)
3-кезең "Бекет"  Ұяшықтар 10  торкөзге  бөлінген. Сұрақтар  Қазақстанның облыстарына қатысты 
болады.
 Екі  командаға  5  сұрақтан  беріледі.
 1.Оңтүстік  Қазақстан  облысына  байланысты: Талас  Алатауының  оңт-батыс  сілеміндегі  тау.
Шымкент   қаласынан   35 км жерде. Солт-шығыстан оңт-батысқа   қарай   20   км   созылып   жатыр.
Абсалюттік   биіктігі   1768 м,шығыстан   батысқа   қарай   аласарады (600-800м). Жатықтау   келген
солтүстік   беткейі бірнеше қырқалы   жонға   тармақтанып   кетеді.Оңтүстік   беткейі Келес   өзеніне
жалғасып,жарқабақтанып  бітеді.Бұл     тау     ел    арасында     "Әулиетау"   деп  те   аталады.Қазақ   аңызы
бойынша  дүниені  топан  су  басқанда  Нұх  пайғамбардың  кемесі  тоқтаған  делінеді.
Сонымен сұрақ мынадай:
Талас  Алатауының  оңтүстік  батыс  сілеміндегібұл  тау  қалай  аталады?  ( Қазығұрт )
2  Маңғыстау   облысына    байланысты:    Бұл   Республикамыздағы ең    жас    қорықтың   бірі.Ол
Маңғыстау   облысында   1984   жылы   құрылды.Ауданы   223,3 мың га.Қорықты   ұйымдастырудағы
мақсаты  Қазақстандағы  қызыл  кітапқа  тіркелген  шөл  зоналарындағы  12  түрлі  аң  мен  құстарды
қорғау, сақтау.Жануарлар  арасынан  қарақұйрық, ұзын  тікенді  кірпі ,шұбар  күзен т.б
Сонымен сұрақ мынадай:   Маңғыстау  облысындағы  бұл  қорық  қалай  аталады?  (Үстірт)
3. Павлодар  облысына  байланысты:  Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев -аса  көрнекті  қазақ  ғалымы,
мемлекет   және   қоғам   қайраткері,  геология-минералогия    ғылымдарының   докторы,  профессор.
Қазақстан   ҒА-ның   ұйымдастырушысы   әрі   тұңғыш     президенті   .КСРО   ҒА-ның   академигі.Негізгі
ғылыми     еңбектері     Қазақстанның     кен     орындарын     және     минерал     қорларын     зерттеуге
арналған.Жезқазған   кенін   зерттеу   және орталық Қазақстанның металлогендік болжам   картасын
жасауда     көп     еңбек     сіңіді.   Жезқазған     кені   қорының     мөлшерін     қайта     анықтау   ,бұл     кеннің


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау