Нұсқаулар 5В020700 «Аударма ісі»



жүктеу 460,69 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.01.2020
өлшемі460,69 Kb.
#26949
түріНұсқаулар


ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби практикадан өту бойынша  

әдістемелік нұсқаулар 

5В020700 - «Аударма ісі» мамандығы 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

Мазмұны 

1. Жалпы ережелер 

2. Оқу практикасы 

3. Өндірістік практика 

4. Практика базасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

1. Жалпы ережелер 

 

Кәсіби  практика  жоғары  оқу  орнында  алған  теориялық  білімді  бекіту, 

тәжірибелік машықты және құзыреттілікті арттыру үшін, сонымен бірге озық 

тәжірибе жинақтау үшін бағытталған. 

Оқу  үрдісі  кезінде  «Аударма  ісі»  мамандығының  студенттері 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес  төмендегідей 

кәсіптік тәжірибе түрлерінен өтеді: оқу практикасы және өндірістік практика. 

Практиканың  барлық  түрлеріне  студенттердің  жолдамасы  ректордың 

бұйрығымен бекітіледі. Жолдамада практиканы өту мерзімі, практика базасы 

мен жетекшілері көрсетіледі. 

Практика  жетекшілері  ретінде  мамандық  ерекшелігін  жақсы  білетін 

кафедраның тәжірибелі оқытушылары тағайындалады. 

Практика  жетекшісі  тәжірибе  басталмас  бұрын  бекіту  конференциясын 

өткізеді,  тәжірибе  ережелерімен,  талаптарымен  таныстырады,  құжаттарды 

толтыру  бойынша  кеңес  жүргізеді,  практика  бағдарламасына  сәйкес 

студенттермен  кеңес  өткізеді,  практика  өту  барысын  қадағалайды,  практика 

қорытындысын бағалайды және практикадан өту бойынша қорытынды есепті 

жазбаша түрде өткізеді.  

Студент практикадан өту барысында:  

- практика бағдарламасын толық орындау, институтпен бекітілген форма 

бойынша практика күнделігін жүргізу; 

-  практика  базасына  сәйкес  практика  өтетін  орындардың  ішкі 

ережелеріне бағыну;  

-  практика  күнделігін  толтыруға,  барлық  атқарылып  жатқан  іс 

шараларды күнделікке түсіруге, бақылау нәтижелерін және оларды талдауға

-  кафедраға  практика  орнының  мөрімен  расталған  және  қол  қойылған 

практика бойынша есепті (пікір немесе мінездеме, жазбаша есеп) уақытында 

өткізуге; 

-  практика  бағдарламасы  бойынша  тапсырманы  уақытында  орындауға, 

өз уақытында есеп беруге,  қорытынды конференцияда белсенділік танытуға; 

 -  бекітілген  мерзімде  денсаулығына  байланысты  немесе  басқа  да 

дәлелді себептермен практикадан өтпеген жағдайда, басқа мерзімде практика 

бағдарламасын өтеуге міндетті. 

 

2. Оқу практикасы  



 

Оқу  практикасы  күндізгі  оқу  бөлімінің  3  курсының  6  семестрінде 

ұйымдастырылады.  Оқу  аудармашылық  практикасы  оқу  үрдісінің  маңызды 

бір  бөлігі  болып  табылады.    Оқу  аудармашылық  практика  жетекшілігі 

кафедраның  тәжірибелі  оқытушыларымен  жүзеге  асырылады.  Оқу 

аудармашылық  практика  бірінші  шет  тілі  бойынша  жүргізіледі.  Оқу 

аудармашылық тәжірибесі міндетті болып есептеледі. 



Оқу  тәжірибесінің  мақсаты:  аудармашылық  тәжірибені  жинақтау 

барысында  студенттердің  жалпы  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастыруға 

мүмкіндік беру. 

5В020700  «Аударма  ісі»  мамандығы  бойынша  оқу  практикасының 

міндеттері: 

- лингвистикалық және аударма пәндері бойынша теориялық білімдерін 

кәсіби қызметте қолдану арқылы бекіту; 

- жазбаша аударма пәні бойынша (ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару) 

практикалық  сабақтарда  меңгерген  кәсіби  аудармашылық  шеберлік  пен 

дағдыны жетілдіру; 

-  шет  тілінен  (ағылшын)  қазақ  тіліне  жазбаша  аудару  аясында  кәсіби 

аудармашылық қызметті жүзеге асыратын озық тәсілдерді меңгеру

- аудармашының кәсіби маңызды қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беру; 

-  ғылыми,  жалпы  саяси  және  бейінді-тақырыптық  мәтіндерді  жазбаша 

аудару саласында негізгі кәсіби тәжірибені жинақтау. 

 

Оқу  практикасынан  өту  нәтижесінде  студент  төмендегідей  білім 

беру нәтижелерін көрсету кеерк: 

1) Білу керек 

- арнайы  мәтіндер аудармасының ерекшелігін; 

-  аудармашыға  және  жазбаша  аударманың  дұрыс  рәсімделуіне 

қойылатын негізгі талаптарды; 

-  аудармашылық  этиканың  негізгі  қағидаларын,  мәтінді  аударма 

алдында және аудармадан кейін талдауды ұйымдастыра білу. 



2) Істей білу керек 

-  түпнұсқаның  мағыналық  құрылымын  кешенді  есепке  алу  негізінде 

жоғары сапалы жазбаша аударманы орындау; 

-  түпнұсқа  мен  аударылатын  тілдің  негізгі  тілдік  нормаларын  сақтай 

отырып жазбаша аударманы сауатты және қисынды жүргізу; 

-  сөздіктерді,  анықтамаларды,  дерекқор  және  ақпараттың  басқа  да 

дереккөздерін  дұрыс  және  тиімді  пайдалану,  оларды  өзінің  аудармашылық 

өздігінен білім алуында қолдана білу; 

-  ағылшын  тілді  мәтіндердің  жазбаша  аңдатпасын  қазақ  тілінде 

құрастыру; 

-  аударма  лингвистикасы  саласындағы  білімін  аударманы  бағалауда 

және сыни талдауда қолдану, жазбаша аударманы редакциялау. 



3) Меңгеру керек 

-  аударма  тұрғысынан  салыстырмалы  талдау  жасау,  лексикалық  және 

грамматикалық  жүйенің  және  екі  тіл  категориясының,  олармен  әр  түрлі 

ақпаратты жеткізу құралдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін; 

- аударма баламалылығы және баламалылық деңгейлері түсінігін; 

-  мәтіннің  адресатын  ескере  отырып  аударма  барысындағы  мәтінді 

прагматикалық адаптациялау тәсілдерін; 



-  бағдарламаларды,  мәтіндік  редакторларды,  электронды  сөздіктерді, 

электронды  энциклопедияны  қолдану  арқылы  жеке  компьютерде  жұмыс 

істеу дағдысын; 

- аудармашылық жазба техникасын. 

  Оқу  практикасының  қорытындысы  бойынша  студент  практика  есебін 

кафедраға өткізеді. Практика жетекшісі тексергеннен кейін студент кафедра 

меңгерушісінің  өкімімен  құралған  комиссия  алдында  қорғайды.  Есепті 

қорғау  нәтижесі  бағалаудың  бекітілген  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі 

бойынша сараланған сынақпен бағаланады.

  

 



 

3. Өндірістік практика 

 

Өндірістік  практикаға  студенттер  теориялық  және  практикалық  оқыту 

бағдарламасын  меңгергеннен  кейін  жіберіледі.  Тәжірибенің  бұл  түрі  жалпы 

және  кәсіби  құзыреттілікті  дамытуға  және  тереңдетуге,  дипломдық 

жұмыстарды  орындау  дайындығын  тексеруге,  өз  бетінше  жұмыс  жасай  алу 

қабілетін тексеруге бағытталған. Өту мерзімі 4 курс,  8 семестр. 

  Өндірістік практика мақсаты – теориялық курсты игеру нәтижесінде 

студент  меңгерген  білімді  және  іскерлікті  бекіту,  студенттің  қажетті 

практикалық  білімді,  аудармашы  жұмысындағы  дағды  мен  шеберлікті 

меңгеруі,  кәсіби  бағытталған  (арнайы)  аударма  саласында  құзыретті 

қалыптастыру.  Практика  білім  алушының  жалпы  мәдени  және  кәсіби 

құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді. 



Өндірістік тәжірибенің міндеттері

-  студенттің  арнайы  білімін  және  оны  аударманы  жүзеге  асыруда 

қолдануын жетілдіру;  

-  студентті  аудармашының  нақты  жұмысымен  таныстыру  (қызметтік 

міндеттерінің 

ерекшелігімен, 

қызмет 

бағытымен, 



жұмысты 

ұйымдастырудағы дәстүр және инновациямен); 

- студентте іскерліктің қалыптасуы: 

а)  гностикалық,  аудармашылық  қызметтің  өзін-өзі  тексеруін  жүзеге 

асыруға байланысты

ә) ұйымдастырушылық, өзінің аудармашылық қызметін жүзеге асыруға 

бағытталған; 

б)  коммуникативтік,  студент-практиканттың  әріптестерімен  вербальды 

және бейвербальды қарым-қатынасқа байланысты; 

-  студенттің  кәсіби  аудармашылық  қызметке  деген  қызығушылығын 

арттыру; 

-  студенттің  экспрессивті  сөйлеу,  естілім  және  т.б.  қабілетін,  сонымен 

қатар  аудармашы  тұлғасының  кәсіби  маңызды  қасиеттерін  (тыңдаушыға 

бейімділік, сабырлылық, кәсіби әдеп және кәсіби этика) дамыту.  



Өндірістік практикадан өту нәтижесінде қалыптасатын құзырет. 

Өндірістік 

практикадан 

өту 


нәтижесінде 

студент 


төмендегі 

компетенциялар аясындағы шеберліктері мен дағдыларын нығайтуы керек: 



 


Универсалды құзырет: 

Көмекші құзырет: 

-  қарым-қатынастың  оқу,  ғылым,  кәсіби  және  әлеуметтік-мәдени 

саласындағы  коммуникацияны  жүзеге  асыруда  екі  шет  тілді  ауызша  және 

жазбаша формада меңгеру;  

- мамандық терминологиясын шет тілінде меңгеру; 

 -  құлақтандыруды  дайындай  білу,  таныстыру  рәсімін  өткізу, 

пікірталасты  жүргізу  және  оқылатын  шет  тілінде  ұсынылған  жұмысты 

қорғау;  

- бағдарламалық құралдарды қолдану және компьютер желісінде жұмыс 

істеу дағдысын, Интернет ресурстарын қоладануды меңгеру; 

- ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және 

құралдарын меңгеру; 

-  практикалық  және  ғылыми-зерттеу  жұмысында  қазіргі  есептеу 

техникасын  және  мамандандырылған  бағдарламалық  жасақтаманы  қолдану 

мүмкіндігін; 

-  негізгі  заң  ұғымдарын,  заң  мәтіндерін  түсіну  дағдыларын;  өз  кәсіби 

қызметінде нормативтік заңдық құжаттарды қолдана білуді; өзінің азаматтық 

мүддесі  мен  құқықтарын  қорғау  үшін  заңдық  білімді  қолдану  мүмкіндігін 

меңгеру; 

  -  әлеуметтік  және  кәсіби  қызметі  контексінде  алынған  экономикалық 

білімін қолдану мүмкіндігі; 

-  дене  тәрбиесі  және  денсаулықты  нығайтудың  әдістерін  өз  бетінше 

дұрыс  қолдану  әдістемесінің  құралдарын  меңгеру,  құнды  әлеуметтік  және 

кәсіби  қызметпен  қамтамасыз  ету  үшін  физикалық  дайындықтың  қажетті 

деңгейіне жету дайындығы.   

Жүйелік құзырет: 

-  шығармашылыққа,  инновациялық  ой  туындатуға,  өз  болжамын 

ұсынуға қабілеттілік

-  ғылыми  ақпаратты  іздеу,  сынап  талдау,  жалпылау  және  жүйелеу, 

зерттеу мақсатын қою және олардың жетістікке жетуінің тиімді жолдары мен 

әдістерін таңдау қабілеті; 

-  жаңа  зерттеу  әдістерін  өз  бетінше  үйрену  және  енгізу,  қызметтің 

ғылыми  және  ғылыми-өндірістік  бағдарын  өзгерту;  инновациялық  ғылыми-

білім беру қызметі мүмкіндігі. 

Кәсіби құзырет: 

-  лингвистика  саласындағы  жүйелі  білімді  меңгеру,  тіл  мен  мәдениетті 

және  мәдениетаралық  қарым-қатынасты  салыстырмалы  оқу  және  оларды  әр 

түрлі кәсіби қызмет аясында қолдана білу; 

- әр түрлі мәдениеттегі іскерлік, мәдени және кәсіби қарым-қатныастың 

дискурсивті  және  әлеуметтік-мәдени  ерекшелігін  түсіну  және  осы 

ерекшелікті  әр  түрлі  шет  тілдік  мәдениетаралық  қарым-қатынас  аясында 

ескере білу; 

-  қабылдаудың  когнитивті-коммуникативтік  дағдыларын  және  қарым-

қатынас үрдісінде қолданылатын: қазақ тілі, базалық шет тілінің тілдік және 




сөйлеу нормаларына сәйкес әр түрлі функционалды бағыттағы ауызша және 

жазбаша мәтіндердің жүйелі туындауын меңгеру; 

-  аударма  жайындағы  теориялық  білімді;  аударманың  ерекше  жеке 

түрлерін  және  типтерін;  аудармашылық  стратегиялар  жиынтығын,  әр  түрлі 

жазбаша  және  ауызша  аудармада  қолданылатын  әдістер  мен  техникалық 

тәсілдерді  меңгеру  және  жоғарыда  көрсетілген  теориялық  білімді 

аудармашылық қызметте қолдана білу; 

-  түпнұсқаны  нақты  қабылдауды  қамтамасыз  ететін  мәтінді  алдын-ала 

аудармашылық талдау әдістемесін меңгеру, ақпараттық ізденіс жүргізу және 

анықтамалық  (оның  ішінде  арнайы)  әдебиеттерді  және  ақпараттық 

технологияларды  қолдану  арқылы  қажетті  тезаурусты  құру  шеберлігін  қоса 

алғандағы  аударма  орындауға  дайындық,  сонымен  қатар  ұқсас  мәтіндер 

негізінде глоссарий дайындау;    

-  жоғары  сапалы  аудармаға  қол  жеткізуде  қолданылатын  аударма 

теориясын және аудармашылық технологияларды меңгеру; 

-  әр  түрлі  функционалды  стиль  және  типтегі  мәтіндерді  шет  тілінен 

қазақ  тіліне  және  қазақ  тілінен  шет  тіліне  қазіргі  ақпараттық 

технологияларды қолдану арқылы көрнекі жазбаша аудару шебірліктері мен 

дағдыларын меңгеру; 

- аударманы стилистикалық, сондай-ақ көркем редакциялау шебірліктері 

мен дағдыларын меңгеру; 

-  әр  түрлі  функционалды  стиль  және  типтегі  мәтіндерді  шет  тілінен 

қазақ  тіліне  және  қазақ  тілінен  шет  тіліне  көрнекі  ауызша  бірізді  абзацты-

фразалық  (аудармашылық  жазбасыз)  аудару  шебірліктері  мен  дағдыларын 

меңгеру; 

-  семантографияны  (қысқаша  аудармашылық  жазба  жүйесі)  меңгеру 

және оны әр түрлі функционалды стиль және типтегі мәтіндерді шет тілінен 

қазақ тіліне және қазақ тілінен шет тіліне көрнекі ауызша бірізді аударманы 

орындауда қолдана білу; 

-  ақпараттық  және  ресми-іскерлік  сипаттағы  мәтіндерді  шет  тілінен 

қазақ  тіліне  көрнекі  ауызша  парақтан  аудару  шеберліктері  мен  дағдыларын 

меңгеру; 

-  шет  тілінен  қазақ  тіліне  және  қазақ  тілінен  шет  тіліне  ілеспе  аударма 

жасаудың  базалық  шеберліктерін  меңгеру;  халықаралық  ұйымдар  мен 

халықаралық 

конференцияларда 

ілеспе 

аударуды  ұйымдастырудың 



қағидаларын білу; 

- ауызша аударманың әр түрлі жағдайларында (туристік топтарды алып 

жүруде,  іскерлік  келіссөздерді  қамтамасыз  етуде,  ресми  өкілдердің 

келіссөздерін  қамтамасыз  етуде)  аудармашы  мінез-құлқының  халықаралық 

этикеті мен тәртіптерін; 

- іскерлік құжаттардың барлық түрлерін жасау, редакциялау, рефераттау 

және  жүйелеу;  пулицистикалық,  бұқаралық  және  басқа  да  мәтіндерді; 

аналитикалық  шолу;  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеу;  аудармашының  жұмыс 

тіліндегі  (қазақ  тілі,  ағылшын  тілі)  ақпараттық,  мәдени,  білім  беру 

науқандарының және т.с.с. сценарийін құру қабілеттілігі. 




Өндірістік  практика  қорытындысы  бойынша  студенттер  кафедраға 

есептерін  ұсынады,  ол  практика  жетекшілерімен  тексеріліп,  кафедра 

меңгерушісінің  өкімімен  құрылған  комиссия  алдында  қорғалады.  Есепті 

қорғау  нәтижесі  бағалаудың  бекітілген  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі 

бойынша сараланған сынақпен бағаланады. 

 

4. Практика базалары 

«Аударма ісі» мамандығының студенттері үшін өндірістік практиканың 

базалары практика базасы ретінде таңдалған ұйымдар және мекемелер болып 

табылады. 

Жоғары  оқу  орны  практика  базаларымен  өндірістік  практиканы 

ұйымдастырудың  типтік  келісімшартының  үлгісіне  сәйкес  келісімшартқа 

отыруы тиіс. Практика базаларымен келісімшарт практика басталғанға дейін 

кем дегенде 2 ай бұрын жасалады. 

 Шетел 


тілдері 

кафедрасындағы 

«Аударма 

ісі» 


мамандығы 

студенттерінің  кәсіби  практикадан  өтуі  үшін    келесі  практика  базаларымен 

келісімшарттар бекітілді: 

 

 № 



Ұйым (мекеме) атауы  

Келісімшарт 

жасасқан күн 

Келісімшарт аяқталатын 

күн 



«Прайм Транслейт» ЖК 



28 маусым  2011ж. 

2016жыл 


«Третьяковская И.Г.» ЖК 

28 маусым  2011ж. 

2016 жыл 

«Гала 


Транслейшн 

Алиева 


Кульшан 

Эйвазгызы» ЖК 

30 маусым  2011ж. 

2016 жыл 

«Интера Групп» ЖШС 



30 маусым  2011ж. 

2016 жыл 

Қазақстан  Республикасының  индустрия  және 



жаңа технология министрлігі 

30 маусым  2011ж. 

2016 жыл  

ICC  Plus  халықаралық  координациялық 



орталығы 

11қаңтар   2012ж. 

2017 жыл 

«Direct translations» ЖК  



5 қараша 2013ж. 

2018 жыл 



 

жүктеу 460,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау