17
Тақырып: «Танымдық қабілетін тексеру»
Мақсаты:Оқушының танымдық қабілетін анықтау.
Корыта келгенде, танымдық қабілеті орташа.
Тақырып: «Көру, есту, моторлық есте сақтау» (әдістеме)
Мақсаты: Білім алушының мектеби жетілгендігін анықтау.
Қорыта келгенде Арсен 22 балл алды яғни көру, есту, моторлық есте
сақтау қабілеті орташа.
Тақырып: «Мен қандаймын?» (әдістеме);
Өзін-өзі бағалау (психодиагностика)
Мақсаты: Әдістеме баланың өзін бағалау деңгейін дамытуға арналған.
Берілген протокол бойынша баладан тұлғаның жақсы 10 қасиеті бойынша
өзін қалай санайтынын және бағалайтынын анықтаймыз. Баланың өзін
бағалаудағы берген бағасын протоколдың сәйкес келетін бағандарына
қойылып, ұпайларға аударылды.
№
Мен қандаймын?
Иә
Жоқ
Кейде
Білмеймін
1
Мен жақсымын
2
Мен қайырымдымын
3
Мен ақылдымын
4
Мен тиянақты, ұқыптымын
5
Мен тілалғышпын
6
Мен ықыласты, зейіндімін
7
Мен сыпайымын
8
Мен ақылды, қабілеттімін
9
Мен еңбекқормын
10
Мен шыншылмын
0
2
4
6
8
10
Төмен
Орташа
Жоғары
0-
5 ұпай
8 жоғары
10 жоғары
0
1
2
3
4
5
Төмен
Орташа
Жоғары
11 төмен
14-
23 орташа
24 жоғары
18
Жұмыстың барысы: «Мен қандаймын?» әдістемесінің протоколын
дайындау.
Алынған нәтижені талдау.
Әдістеме баланың өзін бағалау деңгейін дамытуға арналған. Берілген
протокол бойынша баладан тұлғаның жақсы 10 қасиеті бойынша өзін қалай
санайтынын және бағалайтынын анықтаймыз. Баланың өзін бағалаудағы
берген бағасын протоколдың сәйкес келетін бағандарына қойылып,
ұпайларға аударылды.
Нәтижені бағалау
«иә» – 1 ұпай; «жоқ» – 0 ұпай; «білмеймін, кейде» – 0,5 ұпай
10 ұпай – өте жоғары;
8-
9ұпай – жоғары
4-
7 ұпай – орташа;
2-
3ұпай – төмен;
0-1
ұпай – өте төмен.
Қорытынды: Арсен берген 10 сұрақтың 5 жауаппен өзін адекватты
бағалаған. Бұл оқушы өзіне сын көзбен қарайтын оқушы.
1.
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктермен анықталады;
2.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3.
Әрбір адам қарым – қатынасқа құқылы;
4.
Барлық шынайы қарым – қатынас шеңберінде жүзеге асады;
5.
Барлық адам бір – біріне қажет;
6.
Барлық адамдар құрбы – құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді;
7.
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай
алатын әрекетін жүзеге асыру;
8.
Жан – жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді.
Бұл жерде мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы
психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт.
Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті
салалардың бірі. Психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып,
баланың даму деңгейін белгілейді, түрлі психологиялық ауытқушыларды дер
кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тағайындайды, болуы мүмкін
қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады.
Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың
сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және
психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық
шақтағы орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің
астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі
балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің
маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде, олардың потенциальдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып,
бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге
болады.
19
Аса қажеттілігі бар оқушыларға тренингтік сабақтар өте қажет. Бұл
тренингте жаттығу жасату арқылы оқушылар бір-бірін жақсы білуге, өз
ойларымен бөлісуге, ашық болуға, жақсы көңіл-күйде болуға үйренеді.
Өтілген тренингтің қорытындысы бойынша, оқушылар өздерін еркін ұстап,
ойларын ашық айтып, тренингтік ережені жақсы деңгейде орындады. Қорыта
келгенде, ең бастысы аса қажеттілігі бар балаларға деген қоғамның
көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру
қажет және аса қажеттілігі бар баламен бір сыныпта отырған дені сау бала
әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе
көрсетіп отыр. Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып,
өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. Аса
қажеттілігі бар балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін
әлеуметтік ортада жеке тұлға санап, олардың тағдырын ел болып реттейтін
уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген
сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, аса қажеттілгі бар
балаларды әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса
алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.
Жаһандану заманында ел қуаттылығын, бәсекеге қабілеттілігін
анықтайтын басты фактор – адамзат капиталы болып табылады. Адамзат
капиталын жалпы халыққа, қоғамға, мемлекетке пайдалы, сапалы қызмет
көрсететіндей қалыптастыра алмасақ – іргетастың дұрыс құйылмағаны.
Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың жағымсыз іс-әрекеттерінің
іздерін байқаймыз, бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде
девиантты мінез-құлық деп аталады. Қоғамдық ғылымдардың негізгі
категорияларының бірі - әлеуметтік ауытқу.
Педагог-психолог аса қажеттілігі бар балалармен сыни тұрғыдан ойлау
стратегиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы түрлі проблемалық
сұрақтарына орнықты жауап алып отырады. Дәл осы оқушылардың
интеллектісін, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі ақпараттық технология
мүмкіндіктерін қолданып, танымдық қызығушылықтары мен оқушылардың
жеке қабілеттерін шыңдауда тәжірибеге енсе, жемісін берері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж.
2.
А.А.Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму
болашағы» Алматы, 2008 ж.
3.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзету
арқылы қолдау ҚР 2002ж. №343 заңы
4.
Дефектологиялық сөздік. Алматы, 2010 ж.
5.
ҚР Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығы.
ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 мамырды №11047 тіркелді.
6.
Нейропсихология және психофизиологиялық қолдауды оқытудың
шығармашылық жетекшілік орталығы.
Достарыңызбен бөлісу: |