Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет19/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

38 

 

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен 



мақсат  перспектива  деп  аталады.  Адам  өмірінің  негізгі  стимулы  перспиктивалы  мақсат  – 

қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін үлкен күш. 

Тәрбие  жұмысы  тәжірибесінде  перспективаның  үш  түрі  кездеседі,  олар  жақын, 

орташа    және  алыс  перспективалар.  Жақын    перспективалар  –  ертеңгі  серуен,  яғни  ұжым 

мүшелерінің  жеке  қызығушыларынан  туындайды.  Орташа    перспектива-  уақыт  бойынша 

алыстау,  ұжымдық  оқиғаның  жобасы.  Алыс  перспектива  –  ұзақ  уақытқа  көзделген  үлкен 

мағыналы,  маңызды  талаптарға  қол  жеткізуге  арналған  мақсат.  Мұндай      перспективада 

тұлға  мен  ортаның  қажеттіліктері  міндетті  түрде  үйлеседі.  Перспективалық  жолдар  жүйесі 

ұжымға  етене  енуі  керек.  Оны  уақыттың  кез-келген  сәтін  ұжымның  айқын  да  қызықты 

мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай 

етіп құру қажет. Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет. 

А.С.Макаренко  ұжымаралық  қатынасқа  көп  көңіл  бөлді.  Қалыптасқан  ұжымның 

ерекше белгілері  ретінде ол мыналарды ескереді: 1) үнемі  сергектік, іс-әрекетке дайындық; 

2) өзіндік қадірін сезіну; 3) ұжым мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін 

сезінуі;  5)  іс-қимыл,  әрекет  белсенділігі;  6)  дер  кезінде  ұстамдылыққа  әдеттенуі,  көңіл 

шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі. 

Табысты  тәрбие  жұмысынсыз  ұжымды  топтастыру  мүмкін  емес.  Тек  ұжым  арқылы 

сынып  жетекшісі  мектеп  оқушыларының  оқу  міндеттеріне,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке 

көзқарастарына  игі  ықпал  етеді,  олардың  тәртібі  мен  үлгеріміне  ықпал  жасайды.  Жақсы 

ұйымдасқан және топтасқан ұжымның әсерімен оқушылар саяси адамгершілік және мәдени 

жағынан  өседі,  ұйымдастырушылық  дағдыларына  ие  болады.  Ұжымда  олардың 

шығармашылық  белсенділігі  дамиды,  достық  пен  жолдастық  байланыстары  нығаяды, 

қоғамдық қатынастарға тән тәртіптің жаңа нормалары пайда болады. Ортақ іс үшін еңбекте, 

күресте  ұжымның  ынтымағы  жеке  адамның  дамуы  үшін  ең  маңызды  алғы  шарт  болып 

табылады. Тату және мақсатты ұжым (оқу, еңбек, спорт) өз мүшелерінің өмірін бай да сұлу 

да  етеді,  тек    сонда  ғана  адамның  жағымды  қасиеттері  толық  ашылады  және  одан  әрі 

дамиды. 

Мектеп  тәжірибесі  жас  ұрпақ  тәрбиесін  ұйымдастырудың  өте  маңызды  және 

ештеңемен  алмастырмайтын  түрі  оқушылар  ұжымы  екендігін  көрсетті.  А.С.Макаренко  көп 

жылғы  тәжірибесін  қорытудың  негізінде  ұжым  тәрбие  жұмысының  ең  басты  формасы  деп 

санады.  Ол  «дұрыс  тәрбие  бірлігі  мол,  күшті,  әсері  мықты  ұжым  құру  арқылы 

ұйымдастырылуға тиіс» деп атап көрсетті. 

Ұжымдағы  тәрбие  –  тәрбиенің  негізгі  ұстанымдарың  бірі.  Ол  мектепте  қалыптасқан 

жаңа  тәрбиелік  қатынастарды  бейнелейді.  Балалар  ұжымын  құру  мен  топтастыру  - 

мұғалімдердің және ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер мұндай ұжым 

құрылса, кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады. 

Дұрыс  қоғамдық  пікір,  ашық  жолдастық  сын  мен  өзара  сын  мектеп  оқушыларының 

қоғамдық  белсенділігінің  дамуына  және  олардың  бағалы  моральдық  қасиеттерінің 

қалыптасуына  көмектеседі.  Оқушылар  ұжымын  тәрбиелей  отырып,  сынып  жетекшілері 

сонымен  бірге  әр  оқушының  жеке  басын  қалыптастырады.    Оқушылардың  лайықсыз 

қылықтарын  тек  педагогтар  ғана  емес,  оқушылардың  өздері  де  айыптайды.  Әсіресе, 

оқушылар  өз  өмірлерінің  көп  бөлігін  өткізетін  мектеп-интернаттарда,  ұзартылған  күн 

мектептерінде және ауылдық орта мектептер жанындағы  интернаттарда ұжымның рөлі зор. 

Бұл  мектептерде  ұжым  тек  оқу  мен  сыныптан  тыс  жұмыс  үдерісінде  ғана  емес,  сонымен 

бірге оқушылардың демалысын ұйымдастыру кезінде де тәрбие ықпалын жүргізеді.  

Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен 

оны  жүзеге  асыруда  балалардың  өз  бетінше  дамытуға  негізделген  ұжымдық  іс-әрекетті 

ерекше  ұйымдастыру.  Жеке  тұлғаға  қатысты  өзін-өзі  басқару  төмендегідей  функцияларды 

орындайды: 

адаптациялық  (ұжым  ішінде  жеке  тұлғаның  үйлесімді  өзара  қарым-қатынасын 

қамтамасыз етеді); 



39 

 

интегративтік  (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; 



нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады); 

прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде  перспективаларды анықтауға 

жәрдемдеседі); 

басқарушылық  мәдениетті  меңгеру  (өзі  және  ұжым  үшін  маңызды  шешімдерді 

қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).  

Балалар  ұжымындағы  өзін-өзі  басқару  іс-әрекетті  анықтаудан  басталады: 

басқарушылық  құрылымды  жасауда,  міндеттерді  бөлуде.  Ұжымның  жалпы  жиналысы 

(оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың 

міндеттерін  анықтайды.  Белгілі  бір  тапсырманы  алғаннан  кейін  әрбір  бала  өз  міндеттерін 

және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен 

жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.  

И.П.Иванов  іс-әрекетті  өз  бетімен  ұйымдастыру  әдістемесін  жасады:  құрылған 

кеңестер 

көмегімен 

жұмыстарды 

дайындау, 

инициативалық 

топтың 


жұмысы, 

көшбасшылардың  ауысуы,  микро  ұжымдар  арасындағы  тапсырмалардың  ауысып  келіп 

отыруы.  Бұл  әдістерді  кез-келген  балалар  ұжымында    қолдануға  болады.  Педагог  ұжым 

ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін 

үнемі есінде сақтауы тиіс. 

Өзін-өзі бақару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады: 

1.  Сынып  жағдайында  өзін-өзі  басқару:  оқу,  еңбек,  көпшілік-мәдени,  спорт 

секторларының  жұмысы.  Олардың  жұмысына  сынып  кеңесінің  төрағасы  басшылық 

жасайды. 

2.  Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару 

ұйымының төрағалары мүше болады.  

3.  Мектеп  жағдайында  тең  төрағалық  басқару  жүйесі  арқылы  атқарылады.  Оның 

құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесінің мүшелері, кеңесші 

мұғалімдер, ата-аналар кіреді.  

Оқушылар  ұжымындағы  өзін-өзі  басқаруда  дамыту  үлісін  шартты  түрде  былай 

көрсетуге болады: 

1.  Әрекеттің мақсатын анықтау; 

2.  Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болу талқылау); 

3.  Басқару мәселесін қою; 

4.  Шешімді ұжым болып талқылау; 

5.  Шешімді қабылдау; 

6.  Шешімді жүзеге асыру; 

7.  Ұжым болып нәтижесін қорытындылау.  

8.  Өзін-өзі  басқару  процесінің  қозғаушы  күші  –  ондағы  мотивтің  болуы.  Сондықтан 

өзін-өзі  басқарудың  жоғарыда  келтірілген  әрбір  кезеңі  мотивті  қалыптастыруға  нақтылы 

ықпал етуі тиіс. 

 

Бекітуге арналған сұрақтар 

1.  Оқушылар ұжымының негізгі ерекшеліктері қандай?   

2.  А.С. Макаренконың ұжым туралы ой – пікірлерінің мәні неде?  

3.  Өзін - өзі басқару ұйымының кезеңдерін сипаттаңыз. 

 

 

Дәріс №8 Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі 



Жоспары:  

1.  Балаларда  қиыншылықтар  тудыратын  көріністердің  психологиялық  – 

педагогикалық ерекшеліктері  

2. Қиын балалар диагностикасы 

3. Қиын балалармен жүзеге асыру әдістері 



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау