Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет15/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36

30 

 

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие 



жұмысын  ұйымдастырушылар  болмады.  Ол  тек  ХІХ  ғасырдың  70  жылдары  ғана  пайда 

болды. 


Дегенмен,  тәрбие  мәселесімен  кәсіби  айналысушы  адамдар  ертерек  пайда  болды. 

Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде  «күтушілер» (няньки), кейіннен 

«гувернанткалар» ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы «Университеттік 

мекеме  Жарғысына»  сәйкес  оқушыларды  тәрбиелеу  ісі  үйретуші  –  ұстаздарға  (ерлер 

гимназияларында),  ханымдарға  (әйелдер  гимназияларында)  өз  оқушыларын  бақылап, 

олардың тәртібіне, жауап беру міндеті жүктелген. 

1828  жылғы  гимназия  және  училище  туралы  Жарғыда,  оқушыларды  таңдау 

мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген. 

Орта  оқу  мекемелерінде  балалардың  тәрбиелеу  ісін  ұйымдастыру  мәселесі 

оқушылармен  қатар,  оқушыларды  қадағалаушыларға  да  («надзиратели»)  жүктелген. 

Олардың  негізгі  міндеттері  тәрбиеленушілердің  тәртібін  қатаң  бақылау;  оқушылардың 

жетістіктерін,  теріс  қылықтарын,  не  нәрсеге  бейімділігін,  мінез-қылықтарын  белгілеу  үшін 

күнделік  жүргізу  тапсырылды.  Сонымен  бірге,  олар  тәрбиеленушілердің  қолы  бос 

уақытында  кітап  оқуын  қадағалауға  да  міндетті  болды.  Негізгі  міндет  коммунистік 

идеология    аясында  оқушылардың  саяси  тәрбиесіне  көптеп  көңіл  бөлу.  Оқушылардың 

бастауыш  ұжымдарында  жалпы  мектептік  өзін-өзі  басқаруды  ұйымдастыруды  мақсат  етіп 

қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар 

және  олардың  ата-аналары  жайында  мәліметтер  жинастыру,  сабаққа  қатысуын  қадағалау 

болды. 

1928  жылы  сынып  тәрбиешісі  қызметі  ресми  түрде  жойылып,  оқушылардың  өзін-өзі 



басқару  ұйымына  басылымдық  берілді.  Бұл  бағытта  да  оң  нәтижеге  қол  жеткізу  мүмкін 

болмады. 

1930  жылдары  отандық  мектепте  өте  маңызды    өзгеріс  болды:  оқу  үдерісіне 

сыныптық  сабақ  жүйесін  енгізу,  оқушылардың  жеке-дара  білімдерін  жүйелі  түрде  есепке 

алу,  тұрақты  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтарды  жасау  т.б.  Осыған  байланысты  топ 

жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.   

Кеңес   дәуірінің  алғашқы кезеңдерінде  сынып жетекшісі деген қызмет болмады. 

Оқушылармен  тәрбие  жұмыстарын    ұйымдастыру  мен  өткізу    мұғалімдердің  бәріне 

бірдей жүктелді. Оларды  топ жетекшілері деп атады.  1934 жылы  мектептегі   оқу- тәрбие 

үдерісінде   топтап оқыту  тәртібін, сыныптық  - сабақ жүйесіне өзгертуге байланысты  топ 

жетекшілері сынып жетекшісі деп  өзгертілді.  

Cынып    жетекшісі  туралы    Ережені  1934    жылы  28  маусым  күні      РСФСР    Халық 

ағарту комиссиариаты бекіттіШет елдерде Белгияда сынып жетекшісін тәрбиеші, Англияда 

тьютор деп атайды. 

Қазақстандық  белгілі  ғалым  К.Ж.  Қожахметова  және  Л.  Сырымбетова,  Н.И.  Хван 

еңбектерінде «сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, 

келістіріп  өткізетін  педагог»  деп  анықтама  берген.Н.И.Хван  гимназиядағы  тәрбие  жүйесін 

басқарудың  педагогикалық  шарттарын  анықтаса,  Л.  Сырымбетова  өзінің  тәжірибесінде 

сынып жетекшісін қыз балаларды тәрбиелеудегі  «сынып айымдары» деген мәртебелі  атпен 

атайды. 


Сынып  мұғалімдерінің педагогикалық әрекетінің құрылымы және оны ұйымдастыру 

қызметі  туралы  Ф.  Н.  Гоноболин,  В.А.Кан  –  Калик,  С.В.  Кондратьев,  В.М.Коротов, 

Н.В.Кузьмина, В.С. Кукушин еңбектерінде қарастырылған. 

В.С.Кукушин  педагог  –  тәрбиеші,  сынып  жетекшісі  ұйымдастырушылық  (барлық 

педагогикалық  аспектілер  бойынша  жұмыстар  өткізу),  тәрбиелік  (жеке  тұлғаны  және 

ұжымды қалыптастыру), коммуникативтік (қарым  – қатынасты ұйымдастыру),  реттеушілік 

(барлық  ықпалдардымен  келісу,  тәрбие  үдерісіне  қатысушылардың  арасында  келісім,  өзара 

әрекеті),  жөндеу  (жеке  тұлғаны  өзгерту),  экологиялық  (баланы  жағымсыз  әсерден  сақтау), 

әкімшілік  (оқушылардың  жеке  ісіне  құжат  арнау).  Соның  ішінде  И.П.Подласый  пікірінше, 



31 

 

ұйымдастырушылық  қызмет  көптеген  зерттеулерде  балаларды  белгілі  жұмыстарға  тарту, 



таңдалған мақсатқа балалармен ынтымақтастыққа жету. 

Н.В.Кузьмина 

сынып 

жетекшісінің 



гностикалық, 

жобалау, 

құрастыру, 

ұйымдастырушылық, 

коммуникативтік 

функционалдық 

компонентін 

жүйелеген. 

Ұйымдастырушылық  компоненті  педагогтың  өзінің  әрекетін  және  оқушылардың 

белсенділігін  ұйымдастырудағы  біліктілігінің  жүйесі  деп  анықтама  берді.Барлық 

компоненттер бір –бірімен тығыз байланысты және бір–бірімен қиылыста болады. Мәселен, 

гностикалық  компонент,  яғни,  мұғалімнің  білімі,  өзінің  пәні  бойынша  білімі  ғана  емес, 

педагогикалық  коммуникация,  оқушылардың  психологиялық  ерекшелігі,  өзін  –  өзі  тану 

туралы білім жатады. Осы компонент пен ұйымдастырушылық компонент тығыз байланыста 

жүзеге асады. 

В.А.Кан -  Калик  педагогтың басты сапасы оқушыға тиімді ықпал етуді ұйымдастыра 

білу біліктілігі болуы керектігін көрсетеді. 

В.А.  Сластенин,  А.И.  Щербаков  мұғалімнің  педагогикалық  әрекетінің  құрылымын 

диагностикалық, бағдарлану  – прогностикалық, құрастыру – жобалау, ұйымдастырушылық, 

ақпараттық – түсіндірмелі, коммуникативтік – ұмтылдыру, талдау – бағалау, зерттеушілік – 

шығармашылық  әрекеттерінің  жүйесін  құрды.Ұйымдастырушылық  әрекеті  оқушыларды 

белгіленген  оқу    -  тәрбие  жұмыстарына  тарту,  қызықтыратын  форма  беріп,  оқушылар 

арасында міндеттерін бөлу және белсенділігін ояту делінген.  

И.Ф.Харламовтың 

жүйелеуі 

бойынша, 

когнитивтік 

– 

диагностикалық, 



ұйымдастырушылық – ынталандырушы, біріктіруші – ұйымдастырушы, координирлік, жеке 

тұлғалық  дамытушылық  қызметтерін  жіктеген.  Ұйымдастырушылық  –  ұмтылдырушы 

қызметі оқушыларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының түрлері мен формаларына тарту. 

Бұл жұмыстарға олардың қызығуын және белсенділігін туғызу.  

С.Ш.  Әбенбаев  өзінің    еңбегінде    «Тәрбие  теориясы  мен  әдістемесі»  оқу  құралында 

сынып жетекшісінің негізгі мақсаты, міндеттері, қызметі жайлы айқын көрсетеді: 

Сынып  жетекшісі  жұмысының  негізгі  мақсаты  -  мектеп  оқушыларың  қоғамның 

белсенді  және  саналы  азаматы  етіп  тәрбиелеуге  барынша  ықпал  жасау.  Сыныптағы  әрбір 

жеке  тұлғаның  ғылыми  дүниетанымының  қалыптасуын,  адамгершілік  қасиеттерін,  еңбекке 

деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. 

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері: 

1.  Сыныптағы  оқушылардың  талап-тілектері  мен  мүдделерін  және  олардың  жеке 

басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу. 

2.  Сыныптағы  оқушылардың  не  нәрсеге  бейімділігін  анықтап,  оларды  ынтымағы 

жарасқан, белсенді саналы ұжымға ұйымдастыру. 

3.  Сыныптағы  пән  мұғалімдері  мен  мектеп  әкімшілігінің  және  оқушылардың  ата- 

аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың 

бірлігін қамтамасыз ету. 

4. Тәрбие үдерісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын 

қамтамасыз ету. 

Мұғалім,  белгілі  бір  сыныпқа  балалар  ұжымының  жетекшісі  ретінде  тағайындалып, 

жұмысқа  кіріскен  жағдайда,  өзінің  қызметін  сынып  ұжымына  әрі  жекелеген  оқушыға 

қатысты жүзеге асырады. 

Сынып жетекшісінің қызметі: 

1.  Педагогикалық  және  әлеуметтік-гуманитарлық.  Оның  бұл  қызметі  балаға  барлық 

бағытта  көмектесу:  оның  әлеуметтік  қалыптасуы  мен  дамуына  жағдай  тудыруға,  баланың 

тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір 

сүре  білуіне  көмектесуге  бағытталған.  Баланың  отбасымен,  тәрбиенің  басқа  да 

мекемелерімен  тығыз  байланыс  орнату.  Рухани-адамгершілік  және  рухани  эстетикалық 

мәдениетін қалыптастыру. 

2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды 

талап-тілектерін  қолдай  отыра,  ынтымағы  жарасқан,  саналы  да  белсенді  әрі  іскер  сынып 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау