Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет97/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   363

200 

 

 



 

БАЛАБАҚШАДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ 

АТА-АНАЛАРДЫҢ ӘЛЕҮМЕТТІК РӨЛІ 

 

 

А.С.Жакулова 

№102 «Айсұлу» б/б КМҚК, Қарағанды к. 

 

 



Қазіргі  педагогика,  қоғамтану,  саясаттану,  психология,  философия,  әлеуметтану, 

демография  секілді  ғылым  салалары  адамның  дамып  қалыптасуындағы  отбасының  өзіндік 

орнын баса көрсетуде. 

Отбасында  ата-ана  өзінің  баласын  қандай  адам  етіп  тәрбиелеуді  өздері  алдын-ала 

белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың 

аз  да  болса  өзіндік  өмір  тәжірибесі,  әдет,  дағдылары,  құмарлығы  мен  қызығулары 

қалыптасады  және  ескертіні  бар.  Көптеген  ғылыми-педагогикалық,  психологиялық 

әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың 

дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен.  

Қазіргі  заманымыздың  мақсаттарының  бірі-жас  ұрпаққа  саналы  тәрбие  беру.  Жас 

ұрпақтың  тәртіпті,  саналы  жан-жақты  дамыған,  шығармашылықпен  жұмыс  істей  білетін 

азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор. [2] 

Отбасы адамзат  бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана.Отбасындағы 

тәлім-тәрбиенің  мақсаты-баланың  жасын,  жеке  ерекшелігін  психологиялық  процестерін 

ескере отырып  жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.  Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. 

«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті 

ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды 

аман қалдыр!» деп құдайға жалбарып тілеуін тілейтін де ата-ана. Бала тәрбиесі – қызығы мен 

қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз  — ата - ана. 

«Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап  қыз  өсер»  дейді  халық  даналығы.    Баланың  дара 

қасиеттерін  қалыптастыруда  отбасы  үлкен  мүмкіндіктерге  ие.  Олар  күнделікті  отбасылық 

өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы 

мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді 

мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. 

“Қазақстан - 2050“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан 

халқына  Жолдауында  “Дағдарыстар  өтеді  де  кетеді.  Ал  мемлекет  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты, 

ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген. 

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру 

- қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі. 

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымы 

ең маңызды міндеттердің біріне айналады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі 

білімді  дамыту  тұжырымдамасындағы  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  үздіксіз  білім  берудің 

алғашқы сапасы. [4] Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» 

делінген.  Баланы  тәрбиелеу,  дамыту  мен  білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен  балабақша 

ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала 

тәрбиелеуде  іске  асырушылар  –  балабақша  мен  отбасы.  Отбасылық  тәрбиелеудің 

басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-

қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің 

максат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-

аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық 

жеке  қабілетінің  қалыптасатынын  көріп,  біліп  отырғаны  абзал.  Ата-ана  мен  балабақша 

атқаратын  істер  әрқилы  болады  да,  бірінің  жұмысын  екіншісі  атқара  алмайды,  сондықтан 




201 

 

олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында 



құрылуы тиіс.  

Мектеп  жасына  дейінгі  мекеменің  дәстүрлерімен,  ережелерімен,  тәрбиелеу  -  оқыту 

жұмыстарының  ерекшеліктерімен  таныстыруға,  оларды  қызықтыра  білуге  және  қатысуға 

мүмкіндік  бере  отыра,  ата-аналарға  «Ашық  есік»  күн  өткізіп,  топтарға  саяхат  жасап, 

балабақша  жұмысынан  көрініс  көрсетіп,  ата-аналармен  әңгімелесіп,  олардың  алған 

әсерлерімен  бөлісе  отырып,  туындаған  сұрақтарға  жауап  бердік.  Мектеп  жасына  дейінгі 

мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті  түрі. Мұндай 

жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене 

тәрбиесін  ұйымдастыруға,  балабақша  өміріне  бейімделуіне  нұсқау  беріледі.  Балабақшаның 

ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы 

көзделуі  қажет.  Олар  үшін  сұрақ-жауап  кештері,  «дөңгелек  үстелдер»,  іскерлік  ойындарды 

өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. 

Әрбір  ата-ана  өз  баласы  үшін-басты  тұлға.  Сондықтанда  да  кез-келген  бала  алдымен 

үлгіні  ата-анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір  алады.  Ата-ана  баласымен 

пікірлесуде  бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен  жеке  басын  қорламай,  мейірімді, 

табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы 

сөз  жан  семіртеді.Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  ұйымның  педагогикалық  ұжымы  ата-

аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш 

қалау»  екенін  ескере  отырып,  ал  осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін,  алдындағы  қандай 

болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі 

ұстаныным ретінде қабылдау. [3] 

 Көзқарастар  мыналар:Баланы  сәби  ол  әлі  ештеңе  білмейді,  ұқпайды  деп  жай  көзбен 

қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.  Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. 

Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай 

туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың әр бір ісін қадағалап, 

оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын 

мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен 

бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы 

таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде 

отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, 

денсаулығын  түзету,  бала  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  білу  жөніндегі  дағдыларын 

қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін 

шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – 

балабақша. [5] Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, 

адамгершілікке  тәрбиелейміз.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға  міндетті 

мемлекеттік  стандартының  бес  саласының  әр  бөлімдеріндерінің  ұйымдастырылған  оқу  іс-

әрекеттерінде  салт-дәстүрдің  барлық  түрлерін  баланың  бойына  сіңірудеміз.  Мысалы:  тұсау 

кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық 

ауыз  әдебиетінінің  ішінен  жиі  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  санамақтар, 

ертегілерді  оқу  іс-әрекеттерінде  пайдаланады.  Бүгінгі  күнде  жас  ұрпақтың  сана  сезіміне  өз 

елінің,  жерінің  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  алғашқы  ұғымдарды  кішкентай  кезінен 

қалыптастырамыз. 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні 

ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола 

ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі 

баланың  жеке  басының  дамуына  ықпал  ететін  тәрбие  құралы.  Ойын  баланың  барлық 

қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, 

құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, 

батылдыққа,  мейірімділікке,  еңбек  етуге  тәрбиелеудің  құралы  ойын.  Осыған  орай  бүгінгі 

күндері  тәрбиешілер  алдында  балаға  білім.,  білім  дағдыларын  игеріп  қана  қоймай, 

қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау