Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет95/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   363

196 

 

Жинақтың  «Даналық  әліппесі»  деп  аталуында  терең  тұжырым  және  ұлағатты  ұғым 



жатқандығын  бірден-ақ  аңғаруға  болады.  «Даналық  әліппесіне»  баланың  туғаннан  бастап, 

жеке  дамуы  мен  қалыптасуына  мүмкіндік  туғызатын,  даналықтың  қайнаркөзі  болып 

табылатын рухани құндылықтарымыз - қобыз, сыбызғы, домбыра күйлері, бесік жыры, халық 

әні,  халық  дүниетанымы,  билер  сөзі,  халық  ертегісі,  халық  даналығы,  жыраулар  дастаны, 

бабалар  батасы  зерделеніп,  таңдалып  жинақталған.  Бұл  халықтық  туындылар  электрондық 

дыбыстау құралы - «Сөйлейтін» қалам арқылы тыңдалады. 

Мәтіндік  жазба нұсқасына  үн  дарыту  «Сөйлейтін»  қалам  және  кітап  бетіндегі  арнайы 

қойылған  белгілер  арқылы  жүзеге  асады.  «Сөйлейтін»  қалам  дегеніміз  –  кәдімгі  автоқалам 

түрінде  және  көлемінде  жасалған  құрал.  «Сөйлейтін»  қаламның  ұшын  кітаптағы  мәтінге 

қойылған  белгілерге  тигізгенде,  сол  белгінің  белгілеп  тұрған  жеріндегі  мәтін  немесе  оның 

үзіндісіне үн бітіп, кәдімгі жанды сөз естіледі. Ол – компанияда алдын ала жазылып, қалам 

ішіне  орнатылған  бағдарламаға  енгізілген  диктордың  оқуындағы  мәтін.  Тыңдау  ұғынықты 

болу  үшін  диктордың  дикциясының  анық,  қуатты  және  мәнерлі  әрі  техникалық  тазалығы 

қамтамасыз етілген.  

Бұл жинақтың тағы бір атап айтар ерекшелігі – ұлттық тәрбиеге қатысты әрбір кітапша 

мазмұнының жүйелі түрде «Бесік жырынан» бастап, «Бабалар батасымен» рет-ретімен берілуі 

де жинақты құрастырушылардың көп ізденгендіктерін және ұлтымыздың рухани бай ұлттық 

қазыналарын жүйелі түрде сараптай білгендіктерін аңғартады. Халқымыздың даналық рухани 

ұғымдарын  пайдаланудың  әрі  танымдық,  әрі  тәрбиелік  мәні  зор  екендігін  ешуақытта  естен 

шығармауға тиіспіз.   «Даналық әліппесін» білім мен тәрбие беру саласында ұлттық рухани 

қазына ретінде пайдалану – ұрпағымыздың өз ұлтын, өз Отанын, шын мәнінде, сүйе білетін 

нағыз патриоттар болып өсетіндігіне зор ықпал жасайды.           

Қазақ – баласына бесікте жатқанында-ақ өз тілінде білім берудің маңызын терең түсінген 

жүрт. Бесік жырын айту – үлкен тәрбие мектебі. Қазақта ұрпақ тәрбиесі, ұлт тәрбиесі бесіктен 

басталады. Сол баланы ата-анасын, бауыр-туғанын, ел-жұртын, Отанын сүюге бесіктен бастап 

тәрбиелеу – баршаға ортақ міндет. 

Осы  құндылықтарды  бала  бойына  сіңіру  жолдарының  бірі  –  ұлттық  салт-дәстүрлерді 

ойын арқылы балаға жеткізу.  «Бесікке салу»,  «Тұсау кесу»,  «Атқа мінгізу»,  «Тілашар той», 

«Қазақи қонақжайлық», «Киіз үймен танысу», «Тұрмыстық заттарды суреттеу» сияқты «салт-

дәстүрлі ойындар» қазақтың ұлттық мәдениетін тануға, отбасы құндылықтарын сезіне білуге 

үйретеді.  Жалпы  бұл  ойынның  мақсаты  халық  педагогикасы  арқылы  жас  ұрпақ  бойына 

рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру. Ойын барысында көркем сөз де, өлең де, тақпақ 

та,  мақал-мәтелдерде  және  басқа  да  ауызекі  сөйлеу  тілі  де  қолданылады.  Ал  бұл  мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  қазақ  халқы  мәдениеті  мен  салт-дәстүрін  таныстыруда  және 

мемлекеттік тілді үйретуде нәтижелі жұмыстардың бірі болмақ. Атап айтсақ, «бесікке салу» 

дәстүрінде «Сөйлейтін» қаламмен  бірге балалардың «бесік жырын» айтуы.  

Әлди, күнім, жылама, 

Көздің жасын бұлама. 

Ұят болар жылаған, 

Сендей ерке балаға. 

Әлди, әлди, ақ бөпем, 

Ақ бесікке жат бөпем. 

Жылағаны қатты екен, 

Ұйқысы да тәтті екен [4, 9-б.]. 




197 

 

 



Педагог  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  немесе  күннің  екінші  жартысында 

шағын шығармаларды жатқа, көлемі үлкен шығармаларды кітаптан оқиды. Педагог кітаптан 

үнемі өзі оқи бермей, «Сөйлейтін» қалам құралы негізінде дайындалған ертегілер топтамасын, 

яғни  қазақ  ертегілерінің  тәрбиелік  табиғатын  зерделей  отырып  әңгімелейтін,  жаңа  заманға 

бейімдеуден  туған  ертегішіні  тыңдатса,  әсерлі  болмақ.  Айтылу  ырғағы  баланың  жанын 

баурайтын бұл құрал, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Кім неден күшті?», «Екі лақ», 

«Суыр сұңқар, су қайда?», «Алтын асық», «Алтын құс», т.б. ертегілеріндегі қазақ халқының 

арман-тілегін сәби санасына сіңіреді, ұлт мүддесіне қызмет етеді .  

Сонымен қатар «Сөйлейтін» қалам қасиетті домбыраның күмбірлеген күйлерін, адамның 

рухани  дүниесіне  терең  бойлап,  ойын  сейілтіп,  көңілін  жадыратар  қасиетке  ие  қобыз  бен 

сыбызғы  күйлерін,  болашаққа  деген  толғанысын,  арманы  мен  бақытын  келер  ұрпаққа 

жеткізетін  құрал.  «Даналық  әліппесі»  жинағындағы  жеке  тақырыптарға  арналған  әрбір 

кітапшадағы  мәтіндердің  ұлттық  аспаптар  –  домбыра,  қобыз,  сыбызғы,  т.б.  үнімен  қосыла 

берілуі жас ұрпақтың сана-сезіміне жағымды әсер етіп, ұлттық дүниетанымының дұрыс қа-

лыптасуына  септігін  тигізеді  [6,  5-б.].  Халықтық  музыка  аспаптарының  шығаратын 

дыбыстарын  айыру,  халықтық,  жеке  орындаушылардың  классикалық  және  қазіргі,  хормен, 

аспаптық ансамбльдердің, оркестрдің орындауындағы музыканы тыңдауға қызығушылықты 

қалыптастыруда педагог «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешенінің «Домбыра күйі», «Қобыз 

үні»  кітапшаларынан  «Сөйлейтін»  қалам  арқылы  аспаптардың  дыбысталуына  балалардың 

назарын аударады, көңілдерін көтереді.  

«Даналық  әліппесін»  жаңа  инновациялық  жоба  ретінде  құрастырған  ұлтжанды,  әрі 

қазіргі заман талабына сәйкес ақпараттық технологияларды пайдаланудың хас шебері Нұралы 

Құдайбергенұлының көп жылдық ерен еңбегінің нәтижесі екендігін ерекше атап өтуге тұрады. 

Өйткені, қазіргі жаһандану дәуірінде өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтарымызға ең алдымен 

ұлттық рухани тәрбие беруге басты назар аударуымыз қажет  екендігін өмірдің өзі көрсетіп 

келеді. Сондықтан да «Даналық әліппесі» жинағы өз ұлтын құрметтей білетін әрбір отбасының 

шаңырағында  Тәңірдің  тұмарындай  орын  алып,  ұрпақ  тәрбиесінде  басты  бағдаршамға 

айналуы  қажет  деген  ойымызды  айрықша  атап  айтқымыз  келеді.  «Даналық  әліппесіндегі» 

әрбір кітапшадағы мәтіндердің орынды таңдап алынуы және ондағы дыбыс үнінің тазалығы, 

әрі  құлаққа  жағымды  естіліп,  мәтінді  оқыған  дикторлардың  шеберлігімен  үндесіп  жатуы 

ерекше қуантады.  

Жас  баланың  ой-сезім  табиғаты  –  әлі  тың,  қуатты,  мөлдір,  таза  әрі  қабылдағыш.  Сол 

себептен ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сайын құндылығы артып, рухани қазынамызға айналған 

бабалар даналығымен баланы ерте кезден бастап нәрлендіріп отыру біртұтас жүйеге айналса, 

бала бойында адамзатқа жат ықпалдарға берілмейтін және қарсы тұратын рухани иммунитет 

қалыптасатын болады. 

Бұлар психология заңдылығы бойынша сәби  түйсігінде өшпес із  қалдырып отырады. 

Жас  балаларда  қабылдау  саналықтан  гөрі  түйсік  деңгейде  басым  жүретіні  белгілі.  Үнемі 

қайталау,  үнемі  әсерлеу  арқылы  оның  бойында  рухани  ұлтттық  құндылықтарға  жақындық, 

туыстық  дәні  өніп,  бала  өзін  ұлттық  менталитет  иесі  ретінде  сезіне  бастайды.  Кейін  сәби 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау