Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет96/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   363

198 

 

түйсіктерінде жазылып қалған бұл даналық – оның мінез-құлық, ойлау, сөйлеу әрекеттерінен 



көрініс табады. 

Ұлтын  сүйе  білетін  әрбір  азамат  өз  ұлтының  сан  ғасырлар  бойы  бабалар  даналығы 

арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  келе  жатқан  ұлттық  рухани  аса  құнды  асыл  мұраларын 

көзінің  қарашығындай  сақтай  отырып,  күнделікті  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалана  білсек  ғана 

ұрпағымыз  ұлтжанды  болып  өсетіндігі  шынайы  шындық,  әрі  айбынды  ақиқат!  Қорыта 

айтқанда, «Даналық әліппесі» атты аса құнды жинақ ұрпақтарымыздың жанын жақсылыққа 

жақындатып,  санасын  ұлылыққа  ұмтылдыратын  қалам  арқылы  сөйлейтін  өте  қажетті  оқу 

құралы екендігін ерекше атап дәріптей білуіміз қажет. Білім беру жүйесіндегі ұлттық тәрбие 

беру мәселесіне қосылған сүбелі еңбек арқылы баланың балалығын даналыққа ұштастырайық. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.   «Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  инновациялық  технологиялар».  Әдістемелік  ұсыным  – 

Астана 2013. 

2.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  жұмыстарына  заманауи  білім  беру 

бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. – Астана, 2013. 

3.  Даналық  әліппесі  оқу-тәрбие  кешені  /  Жоба  авторы:  Н.Құдайбергенұлы.  –  Астана: 

«Interactiv Kazakstan», 2014.  

4.  Бесік жыры:  «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені / Жоба авторы: Н.Құдайбергенұлы.  – 

Астана: «Interactiv Kazakstan», 2014.  

5.  Домбыра күйі: «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені / Жоба авторы: Н.Құдайбергенұлы. – 

Астана: «Interactiv Kazakstan», 2014.  

6.  Халық ертегісі: «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені / Жоба авторы: Н.Құдайбергенұлы. 

– Астана: «Interactiv Kazakstan», 2014.  

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМ 

ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

 

Жайлаубаева А.С. 

ЖББ №77 мектеп-балабақша кешені 

Қарағанды қаласы. 



 

 

Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  –  ҚР  Конституциясында,  ҚР  «Білім  беру» 

Заңында, ҚР Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің 

«Жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстан»  атты  2009  жылғы  жолдауында  басты  міндет  болып 

саналады.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2005-2009 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасының 

міндеттерінде 

«Қазақстандық 

патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» 

жайлы да айтылған. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан 

Республикасыныңазаматтарына  париоттық  тәрбие  берудің  2006-2008  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – осы тұлғаның бойындағы патриоттық сананы, 

өз елі үшін қызмет ету және мақтаныш сезімдерін ояту арқылы Отанның мүдделерін қорғау 

жөніндегі  азаматтық  борыш  пен  конституциялық  міндеттерді  орындауға  дайындығын 

көздейді деп түсінемін. 

Патриоттық  тәрбиенің  бастауы  болып  табылатын  Күлтегін,  Тоныкөк,  Білге  қаған  – 

Отансүйгіштік, тәлім – тәрбие беру идеяларының жиынтығы деп айтамыз. XVII-XIX  ғ. елі 



199 

 

мен  жері  үшін  күрескен  батырларымыз,  ұлт-азаттық  көтерілісі  жетекшілері,  ұлт  санасын 



оятушы  ақын-жазушыларымызды,  ұлттық    дәстүрді  насихаттаушы  қолөнер  шеберлері  мен 

әнші-жыршыларымыздың  өмірі  ұрпақбойына  ерлік  сезімін  оятып,  туған  жерге  деген 

сүйіспеншілігін қалыптастыруда негізгі орын алады. 

Ұлы тұлғалардың қаһармандық өрлеу жолдары бүгінгі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге 

баулудың темір қазығы деп айтуға болады. 

Егеменді елдің елдік белгілерін құрметтеу және оқып-үйренуге баса назар аудару қажет. 

Әр кішкентай бөбек Әнұранның, Тудың, Елтаңбаның қашан қабылданғанын, авторларының 

кім екенін білуі керек. Балаларға патриоттық тақырыптағы өлең жолдарын жаттатқызу, мақал-

мәтелдер, санамақтар айтқызу, әндер үйрету үлкен маңызға ие.  

Жалпы патриоттық сезімінің қай-қайсысының болсын қалыптасуы отбасы тәрбиесінен 

бастау алатыны белгілі. Отбасында патриотизмге тәрбиелеу ана тілін үйрету, ұлттық мінез – 

құлық  қалыптастыру,  ұлттық  салт-дәстүрді  сақтау,  шыққан  тегін  білу  және  сезінуден 

басталып,  Отанына  деген  сүйіспеншілік  болып,  өсе  келе  мектепте  ары  қарай  дамып 

қалыптасуына шарт түзілуі тиіс. Білімнің іргетасының беріктігі – болашақтың мықты болуына 

негіз болып табылады. 

Қасиетті  Отанның  қадірін  ұғындыру  үшін  «борыш»,  «ар-намыс»,  «ождан»  сөздерінің 

мәнін меңгертіп, ұлт, халық, ел, атамекен сияқты киелі түсініктермен байланыстыра отырып 

тәрбиелеуге  көңіл аударалық. 

Халық  ұрпағын  өзіне  дейінгі  қоғамда  қолы  жеткен  тәрбиелік  жақсы  дәстүр  атаулыны 

жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуді мақсат 

еткен.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» 

деген сөздері терең ой салады. Бала бойына ұлттық намыс пен елжандылықты қалыптастыру 

оңай емес. Бұл қасиеттер жоқтан пайда болмайды, күшпен де қалыптастыру мүмкін емес. Ол 

ана сүті мен тілі және ұлттық, азаматтық тәрбие арқылы дариды. Кішкентай бөбектерімізге 

батыр, батырлық туралы, аңыз ертегілерді айтып, оқып, суреттерді көрсету арқылы есту, көру 

қабілеттерін дамытсақ, мәнерлеп жаттату арқылы есте сақтау деңнейлерін қалыптастырамыз. 

Ұлттық құндылықтарымызды бөбектер көкейіне сіңіру жолында ерінбей еңбек ету керек. 

Балалар  арасында  рухани  тәрбиені  қалыптастыруда  тарихи  тұлғалардың  олар  орны 

ерекше.  Қазақ  даласы  қай  заманда  да  дарынды,  ақылды  адамдардан  кенде  қалған  емес. 

Адамзат тарихының әр дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін ғана 

емес  халқы  үшін  де  өмір  кешкендіктен  тарихтан  еш  уақытта  өшпес  орнын  иемденген. 

Ұлылардың  жүріп  өткен  жолдары,  оған  қоса  солардың  айтқан  өсиеттері  мен  істеген  істері 

рухани  тәрбиеге  толы.  Қала  ішіне  орналасқан  ескерткіштерге,  үйлерге  орнатылған 

мемориалды  –  тақтайшалармен  балаларды  таныстыруда  тағылымды  істердің  бірі.  Сонымен 

қатар демалыстарында балаларын өздерімен бірге алып жүретін ата – аналармен де сөйлесіп 

сол  жрдің  тарихи  ескерткіштерін  балаларына  көрсетуді  өтіну  дұрыс.  «Жақсыны  көрген 

жақсы» деген халқымыз. Жас бала көргенін есте сақтайды. Мектеп ішінде өтіп жатқан ұлы 

тұлғалардың,  батырлардың,  ғалымдардың  өмірінен  т.б.мағлұмат  беретін  мәдени  шараларға 

кішкене балаларды апарып қатыстырып отыру қажет. Олар көпшілік орында өз-өздерін қалай 

ұстауды, жүріп-тұруды, көргенін ойға сақтауға үйренеді. «жаста берген тәрбие жас қайыңды 

игендей»  деп  аталарымыз  тегін  айтпаған.  Қаланың  көрікті  жерлеріне,  мұражайларға, 

кітапханаларға, хайуанаттар бағына да саяхат жасап отыру қажет. Өлкетану Отансүйгіштікке, 

елжандылыққа тәрбиелеудің баспалдағы.  

Өлкеміздің  тарихи  тұлғалары  өмірімен  таныстырып,  өлең  әндерін  үйретіп,  жаттатып 

отырған жөн. Балабақша өрендеріне патриоттық әндерді үйретуде музыка пәнінің ұстазының 

орны ерекше. 

Ұлы Жеңіс адамдардың өмірімен, қанымен, маңдай терімен келді. Жеңісті жасаушы мен 

шыңдаушы майдангерлердің, тыл тың еңбеккерлерінің ерліктері елге-мұра, ұрпаққа ұран. Ұлы 

Жеңіс – ұнжырғасы түсіп көрмеген    

 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау