Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет33/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   363

67 

 

2-ші  блок  -  жіктеме,  жинақтау  -  оқу  іс-әрекетінің  ұйымдастыру-орындау  қызметімен 



байланысты және оқып-үйренілетін материалдың логикалық қайта өнделуін қамтамасыз ететін 

біліктер; 

3-ші блок - өзін-өзі бақылау - оку іс-әрекетінің бақылау-түзету қызметін атқаратын және 

жүргізілетін  оқу-таным  әрекеттерінің  барысы  мен  нәтижесін  бақылауды  қамтамасыз  ететін 

біліктер. 

Ойын – бұл қарым-қатынас, оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау құралы, оқытудың 

қиын социомәдени феномені, элементі болып табылады. Ойын процесінде: 

- «үлкен өмірге» ауысатын әлеуметтік топта кластың ролі мен тәртіп ережесі игеріледі. 

- топтың, ұжымның мүмкіндіктері қарастырылады. 

- бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады, қойылған ойын мақсатына  жету 

үшін қажетті оқушылардың жеке мінездемелері өңделеді. 

- қосымша құралдардың – (көрнекі құралдар, әдебиеттер, компьютерлік теххнологиялар) 

көмегімен қатысушылардың, мұғалімдердің ойынға енгізген мәдени дәстүрлері жинақталады. 

Ойын мәселесіне арналған көзқарастар. Д.Б.Эльконин өзінің «Психология ойыны» атты 

кітабында  «ойын»  сөзі  көңіл  көтеру  мағынасында,  сонымен  қатар,  ауыспалы  мағынада 

қолдана береді. Мысалы: «тағдыр ойыны», «отпен ойнау», т.б. 

Балалар  ойындарын  жүйелі  суреттеуде  Е.А.Покровский  өзінің  кітабына  былай  деп 

жазған: «ойын» ұғымы кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар.  

«Ойын»  сөзінің  негізгі  түп  мағынасы  не  болып  келеді?  Философиялық  энциклопедия 

сөздігінде келесі ұғым берілген: «ойын – термині жануарлар мен адамдардың мол әрекеттерін 

білдіреді. Бұдан ойын ұғымы адам әрекетінің негізін ұғыну, егер ойын табиғатқа қолданылса, 

ол – метафора, ойлау ақпараты, астарлы сөз.  

Адам 

әрекет 


мәселесіне 

философтардың, 

психологтардың, 

педагогтардың, 

әлеуметтанушылардың көптеген жұмыстары арналған әрекет жалпы теориясын құрастыруда 

келесі философтардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың көп еңбегі сіңді, олар: МА.С. 

Каган,  П.В.Копнин,  А.Н.Леонтьев,  Л.С.Выгодский,  С.Л.Рубинштейн,  Б.Г.  Ананьев, 

М.В.Демин, Э.Г.Юдин. 

Жоғарыда келтірілген авторлардың ойынша әр әрекеттің өзінде мақсат, құрал, нәтиже 

және  әрекет  процесінің  өзі.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  әрекет  заттылықпен  (әрекеттің  өзін 

қоршаған  объективті  шындықпен  қарым-қатынас),  саналықпен  (адам  әрекетінің  жануарлар 

әрекетінен  айрмасы)  және  бағыттылықпен  (материалдық  әлемнің  және  субъектінің  өзгеруі) 

сипаттары. 

Сондықтан  адамның  әрекет  субъектісі  болып  қалыптасуы  осы  әрекеттің  ішінен 

қалыптасатын    адамның  қарым-қатынасы  әрекет  процесіне,  оның  нәтижесінің  әсерінен 

болады. 


Әрекеттің субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынастың көпқырлылығы – бұл 

бір-бірімен тығыз өрбітілген компоненттерден тұратын күрделі жүйе. Бірақ та әрекет жүйенің 

құрамына қандай функциялық структуралардың енетіні туралы пікірлер бірлігі жоқ. 

Профессор  Л.И.Анцыферованың  айтуынша,  «тұлға  -  өз  дамуындағы  субъект,  нақты 

индивидтің  бірегей  потенцияларының  қалыптасуы  мен  дамуына  тікелей  қатысты  әрекет 

түрлерін құрастырумен іздеуде болады. 

Ойын  әрекетінің  мәселелеріндегі  үлкен  теориялық  қызығушылық  ойын  мен  өнердің 

өзара қарым-қатынасына байланысты  қойылатын сұрақ. Осы сұрақты талқылауда үлкен мәнге 

ие болған голландиялық тарихшы және мәдениет философы Иохан Хайзингтің монографиясы 

«Homo  ludens»  («ойнап  жатқан  адам»),  ойынды  өнермен  байланыстырумен  қатар  оған  әділ 

сотты, ғылымды, тұрмысты, тілді, поэзияны, әскерге, өнерді және т.б. қосады. 

Ойынның әр түрлі белгілерін қоса отырып, ол:»ойын бір мақсатқа бағытталған, уақытты 

және жерді өз еркімен нақтылайтын әрекет не жұмыс болып саналады». 

И.Хейзингтің  ойынша,  ойын  әр  түрлі  мәдени  және  тұрмыстық  құбылыстарды  бағалау 

критериесі болып табылады, әсіресе бұл өнерге байланысты, өйткені өнер табиғаты ойынға 

жақын. 



68 

 

Автордың басты пікіріне сәйкес, адам тархының дамуында ойынға негізделген мәдениет 



дамуы жатыр.  

Хейзингтің ойынша, әрбір ойын – бұл парасаттылық/пасықтық, қызығушылық/қызықсыз 

тараулар шекарасында жүретін «бостандық әрекеті». Жалпы алғанда, оның сөздері бойынша, 

«мәдениет ойын ретінде емес және ойыннан басталмайды, ол ойынның өзінде бастау алады».  

Кітапта поэзия мен ойын арасындағы өзара байланысына арналған беттер ерекше орын 

алады. Нақты мағынада орталық тақырыбы болып саналатын ойын мен мәдениет арасындағы 

өзара байланыс мәселесі қойылады, өйткені қоғамның жоғары ұйымдастырылған түрлері дін, 

құқық, соғыс, саясат, экономика және т.б. ойынмен тікелей қатынасын жоғалтады. Ал поэзия 

ойында негізделген оның үстінде, бұл жарыс элементтерінен құралған қоғамдық ойын. 

Мысалы, көп ғасырлар бойы келе жатқан қазақ ақындарының жарысы «айтыс». Бұндай 

жарыстар жердің екі шетінде орналасқан және даму сатылары әр түрлі басқа да халықтарда 

байқалды.  Хейзинг  «poesis»  -  бұл  ойындық  функция  деп  саналады.  Ол  өз  әлемінде  жүзеге 

асады.  

Голландиялық философ ойын мен ән және бимен тығыз байланыстырды. Араб, неміс, 

француз, орыс және кейбір славяндық тілдерде музыкалық аспаптарда орындалуы ойын деп 

атайды. Қазіргі тілдерде де ұқсастық бар. Оның пікірінше, «би ойынның ерекше және жетілген 

түрі болып табылады». 

Ойын  бастауы,  көркем  шығармаға  тән,  пайда  болуының  бірінші  күндерінде  адам 

әрекетінің көптеген белгілерін  бейнелейді және оның мінез-құлқын анықтайды. Ол аз уақыт 

мерзімінде  әр  түрлі  пәндер  бойынша  оқушылардың  білімді,  іскерлікті,  дағдыны  игеруін 

қамтамасыз етеді.  

В.В.Петрусинскийдің  пікірі  бойынша  педагогтың  басты  міндеті  –  оқуға  үйрету.  Ал 

педагогтың  белсенді  көмекшісі  –  ойын.  Педагог  негізгі  күшті  алғашқы  әрекетке  (ведущая 

деятельность)  салу  керек.  Л.В.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  Д.Б.Эльконин  өңдген  кезеңдік 

схемасына назар салсақ, берлігне кезеңнің негізінде адамның кез-келген жасына сәйкес және 

арнайы әрекет типі – алғашқы әрекет болып табылады.  

Кез-келген  алғашқы  әрекетке  сәйкес  психологиялық  жаңалықтар  жастық  кезеңнің 

ауысуын сипаттайтын өзгерістер пайда болады. 

Берілген  схемаға  сәйкес  әрекеттің  алғашқы  түрлерінің  типтерінің  бірізділігін 

төмендегідей бөлуге болады: 

-  тікелей эмоционалды қарым-қатынас; 

-  заттық-манипуляциялық әрекет; 

-  ойын әрекеті; 

-  оқу әрекеті; 

-  қоғамдық-пайдалы әрекет; 

-  оқу-кәсіптік әрекет. 

Ойын  «формуласын» көптеген ғалымдар былай көрсетеді.  «ермек (увлечение) + көңіл 

көтеру».  Біріккен  оқу  әрекетіне  жету  мотивациясын  түсіну  –  интенсивті  (өнімді)  оқыту 

жүйесінде  сабақты  өткізуде  ойын  формаларын  қолдану  негізгі  мақсат  болып  табылады. 

Ойынды  қолдану  психологиялық  және  физиологиялық  демалысты  ұйымдастырумен, 

ақпараттық  артық  салмақ  компенсация  мүмкіндіктерімен  байланысты  міндеттерді  шешуге 

көмектеседі. 

Ойынның  артықшылығы,  кез-келегн  ойын  бірнеше  функцияларды  (қызметтерді) 

атқарады: 

1.  Оқыту  функциясы  –  жалпы  оқу  іскерліктері  мен  дағдысындамыту;  есте  сақтау, 

назары, жан-жақты ақпаратты қабылдау, шет тілін игеру дағдысын дамыту. 

2.  Көңіл көтеру функция – сабақтажағымды атмосфера құру. 

3.  Қарым-қатынастық  функция  –  оқушыларды  ұжымға  біріктіру,  эмоционалды 

байланыстар орнату. 

4.  Реласоциялық  функция  –  интенсивті  оқыту  кезінде  нерв  жүйесіне  түскен 

ауыртпашылықты жою. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау