Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет36/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   363

73 

 

продиктована не только требованиями гигиены, но и нормами человеческих отношений. Дети 



должны понимать, что если они регулярно будут соблюдать эти правила, то у них проявляется 

уважение  к  окружающим  и  возникнет  представление  о  том,  что  неряшливый  человек,  не 

умеющий следить за собой, своей внешностью, поступками, как правило, не будет одобрен 

окружающими людьми. 

 

 

Используемая литература: 



1.  Белостоцкая Е.М., Виноградова Т. Ф. и др. Гигиенические основы воспитания детей от 3 до 

7. - М.:Просвещение,1991. 

2.  Урунтаева Г.А., Афонькина Ю.А. Как приобщить малыша к гигиене и самообслуживанию. 

/– М.: Просвещение, 1997. 

3.  Петерина  С.В.  Воспитание  культуры  поведения  у  детей  дошкольного  возраста.-  М.: 

Просвещение 1986-141с. 

4.    Яковенко  Т.  Ходонецких  З.  О  воспитании  культурно-гигиенических  навыков.// 

Дошкольное воспитание.-1979-№ 8-15 

5.   Теплюк С. Об опрятности и аккуратности.// Дошкольное воспитание.-1988-№9-13-17с 

6.  Программа  воспитания  и  обучения  в  детском  саду  «Зерек  бала»,  «Бiз  мектепке 



барамыз».//Астана 2009. 

 

 



 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ 



ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

 

Г.И.Альмурзаева 

тәрбиеші 

«Балбөбек» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 



 

 

«Болашақта баланың қандай болатыны  



баланың балалық шағы қалай өткеніне, 

бала кезінде оны кім жетелегеніне, 

 қоршаған ортадан оның санасы мен жүрегіне 

 не енгеніне байланысты болады». 

В.А.Сухомлинский 

«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың 

ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына зор көңіл бөлу керек. Саналы 

да,  білімді  болашағын  қалыптастыру  әрбір  ата-ананың  мерейлі  міндеті,  парасатты  парызы. 

Еліміздің  болашағының  тізгінін  ұстар  тұлғаның  бойына  білімнің  нәрін,  тәрбиенің  иісін 

сіңіруіміз  қажет.  Ата-бабамыздан  қалған  ұлттық  тәрбиемізге  дақ  түсірмеу  үшін  барлық 

қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы.  

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет 

дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән 

беру – біздің негізгі мақсатымыз. 

Отбасы мен балабақша бала тәрбиесіне зор үлесін қосатын екі үлкен қоғам. Отбасы мен 

балабақша  кей  кезде  бір-бірін  түсінбей,  шыдамдылық,  өзара  түсіністік  жетпей  жатады. 

Осындай түсініспеушіліктер мектеп жасына дейінгі баланың жанына батады. Кейбір ата-ана 

тәрбиешінің сөзіне құлақ аспаса, кейбіреуі бала тәрбиесіне қатыспайды. Осы жағдайды қалай 

түзетуге болады? Ата-аналарды балабақша жұмысына қалай қызықтыру керек? Отбасы мен 



74 

 

балабақшаның біртұтас талаптарының маңызын қалай сезіндіруіміз керек? Олай болса, ата-



аналармен жақындасып, өзара қарым-қатынасты құруымыз керек. Ата-аналарды балалармен 

жүргізілетін педагогикалық жұмыспен таныстырып қана қоймай, ең бастысы балабақшаның, 

топтың дәстүрін, тәрбиелеудің мақсатын көрсетуіміз керек.  

Ата-аналармен  жұмыста  отбасыны  балабақшаға  жақындататын,  педагог  пен  ата-

аналарды  жақындастыратын,  балаға  тәрбиелік  ықпал  етудің  тиімді  жолдарын  анықтауға 

көмектесетін  алуан  түрлі  жұмыс  формаларын  қолдану  керек.  Ата-аналарға  педагогикалық 

білім беріп қана қоймай, бала тәрбиесі мәселесіне байланысты практикалық дайындықты іске 

асыру керек.  

Қазіргі таңда жас ата-аналар балабақша мен тәрбиешілердің көмегіне мұқтаж, өйткені 

сүйе білуді үйрену керек, сүйе білуді игеру керек. Көп жағдайда баласын сүйетін ата-ана өз 

баласын жақсы көре алмайды. Сондықтан өзара іс-әрекеттің формалары мен әдіс-тәсілдерін 

таңдау – отбасының тәрбие міндетін орындауына көмек қолын ұсыну.  

Осыған  орай  ата-аналарды  мектепке  дейінгі  мекемеде  бірлесе  қызмет  атқаруға  тарта 

отырып, ата-анамен жұмысты төрт бағытта жүргізуге болады.  

1.  Ақпараттық-аналитикалық 

Отбасын  зерделеу,  ата-аналардың  білімдік  қажеттіліктерін  анықтау,  отбасы 

мүшелерімен  қарым-қатынас  орнату  үшін  ата-аналармен  сауалнамалар  жүргізіледі. 

Жинақталған деректер бойынша әр баланың туыстық байланыс құрылымының ерекшелігін, 

мектеп  жасына  дейінгі  баланың  отбасылық  тәрбиесін  талдап,  әр  ата-анамен  жеке  қарым-

қатынас  жасау  әдісін  қолданамын.  Бұл  маған  әр  отбасының  педагогикалық  қажеттілігін 

бағдарлап, олардың жеке ерекшеліктерін есепке алуға көмектеседі.  

Ата-аналардың  топтық  іс-шараларға  қатысуының  сандық  көрсеткішін  олардың  ата-

аналар  жиналысына,  ақыл-кеңестерге  қатысуынан,  ертеңгіліктерге  келуінен,  тақырыптық 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  дайындығына  және  оны  өткізуге  қатысу,  көрмелерге 

қатысуынан, педагогикалық процесті насихаттауда ата-аналардың көмегінен көруге болады. 

Ал  сапалық  көрсеткіштер  бастамашылдық,  жауапкершілік,  үлкенмен  мен  балалардың 

бірлескен іс-әрекетінің жемісіне ата-аналардың көзқарасы болып табылады.  Мұндай талдау 

ата-аналардың үш тобын анықтауға мүмкіндік берді. 

 

Көшбасшы ата-аналар, олар оқу-тәрбие процесіне белсене араласады, балабақшаның 



кез келген жұмысының құндылығын көреді. 

 



Орындаушы ата-аналар, олар қызығушылығы болған жағдайда ғана қатысады. 

 



Сынаушы-бақылаушы ата-аналар. 

2.  Танымдық бағыт. 

Танымдық  бағыт  –  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мәселесінде  ата-

аналарды біліммен байыту. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектепке дейінгі 

мекеменің  мамандарымен  бірлескен  жұмыс  ата-аналарға    білім  беру  процесінің  бірдей 

жауапкершілігін  береді,  мектепке  дейінгі  балалық  шақтың  барлық  кезеңдерінде  отбасыны 

педагогикалық сүйемелдеумен қамтамасыз етеді.   Олай болса, ата-анамен жұмыста алдыма 

қойған  мақсатым:  ата-аналармен  өзара  әрекет  жасаудың  қолайлы  жағдайын  құру,  ата-

аналармен серіктестік және сенімділік қатынас жасау, отбасыны біртұтас білім беру аумағына 

тарту.  


Осыған  орай,  балабақша  мен  ата-аналар  жұмысын  үйлестіру  үшін  төмендегідей 

міндеттерді  шешу  керек:  ата-аналардың  тәрбиелік  іскерлігін  белсендіру  мен  байыту, 

тәрбиеленушілердің  отбасымен  тығыз  қарым-қатынаста  жұмыс  істеу.  Осы  мақсатпен  ата-

аналармен 

жұмыс 

істеудің 



белсенді 

формалары 

мен 

әдістерін 



қолданамын: 

тәрбиеленушілердің отбасына бару, топтық және жалпы ата-аналар жиналысы, ақыл-кеңестер, 

ата-аналармен  бірлескен  оқу  іс-әрекеттері,  ата-аналарымен  бірлесе  дайындаған  балалар 

жұмысының көрмесі, бірлескен саяхаттар, ашық есік күндері, мерекелерге, ермек ойындарына 

ата-аналардың  қатысуы  мен  дайындығы,  фотомонтаж  жасау,  заттық-дамыту  ортасын  бірге 

құру,  ертеңгілік  сәлемдесу,  топтағы  ата-аналар  комитетімен  жұмыс,  ата-аналармен  және 

балалармен әңгіме, тренингтер, отбасылық вернисаж. Осының нәтижесінде шығармашылық 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау