Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет315/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   363

644 

 

бірлескен  әрекетті  орындауды  қамтамасыз  ететін  адамгершілік  сапалардың  қалыптасуынан  



тұрады. Баланың мектепке даярлығы оқып-үйренуді құрайтын біртұтас сапалар жиынтығынан 

тұрады  деген  тұжырымды  қуаттайтын  психологтар  А.В.Запорожец,  А.Н.Леоньтев, 

В.С.Мухина,  Л.А.Венгер  мектепке  даярлық  ұғымына  баланың  оқу  тапсырмасын  түсінуін; 

орындау  тәсілдерін  меңгеруін;  өзін-өзі  бағалай  және  бақылай  алуын;  мұғалімді  тыңдап, 

материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады. 

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы 

бірлескен  өзара  тығыз  байланыста  болуы  қажет.  Білім  беру  жүйесінің  негізгі  мақсаты  – 

тұлғаны  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту.  Бұл  мақсаттар  өзара  тығыз  байланыста  болғанда  ғана 

нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Мектеп жасына 

дейінгі кезеңде баланы дамыту барысы: 

1. Зейінін дамыту 

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту 

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту 

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту 

5. Танымдық үрдісін дамыту  

6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту 

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.  

Балаларды  мектепалды  даярлау  олардың  психологиялық,  педагогикалық    және  

физиологиялық    талаптарын    ескере    отырып,  бастауыш    мектепке    оқытудың    даярлық  

сапасының   жағдайын  жүзеге  асыруы қажет. Алты  жасар  бала  мектеп  жағдайында  оқуға  

дайын.  Себебі  ол  қимыл-тірек    қозғалысы    жағынан    саналы    әрекет    етеді.  Ол    үлкендер  

ұсынған тілек-талаптарды  өздігінше орындай  алады.  Ойын  барысында  да ойлы  әрекет  ету  

арқылы  өзінің  не істегісі  келетінін  біліп,  соны  дұрыс  атқаруға  тырысады,  өз әрекетінен  

белгілі  дәрежеде  қорытынды  шығарады. Психологиялық дайындықтың құрамынан мынадай 

компоненттерді ажыратуға болады. 

- интеллектуалдық 

- жеке тұлғалық 

- әлеуметтік-психологиялық дайындықпен ерекшеленеді. 

Баланың  мектепке  интеллектуалды  дайындық  компоненті  баланың  ой-өрісінің,  нақты 

білім  қорын  қарастырады.  Балалардың  қоршаған  ортамен  тұрмыстық  білім  қорындағы 

мынадай  мәліметтерді  түсіндіруге  болады:  баланың  өзі  туралы,  туысқандары  туралы, 

қоршаған табиғи ортада тұратындығы туралы, үй тұрмысындағы мүліктер,кеңістіктер туралы 

тағы  да  көптеген  мағлұматтары  болуы.  Бала  өскен  сайын  қоршаған  ортаны  танып,  әлемге 

деген көзқарасы қалыптаса бастайды,оңды-солды айыра алуы бірте- бірте кеңейе түседі.  

 Мектепке  келген  сәтінде  баланың  ықыласы  ерікті  болуы  қажет,  яғни  берілген  білімді 

игеруі. Алғашқы күннен бастап оқытудың бірінші сатысында балалардың есте сақтауына көп 

талап  қойылады.  Өйкені  бала  оқу  бағдарламасын  жақсы  меңгеруі  үшін  оның  есте  сақтауы 

ырықты жақсы болуы керек, соның нәтижесінде алған білім өнімдірек болады. Еспен қатар 

ойлау  оқуды  игерудегі  өте  қажетті,  әрі  басты  маңызды  процесс.  Оқуға  түскенде  ойлаудың 

міндетті  түрде  3  негізгі  түрі қамтылуы  қажет;  көрнекі-бейнелік,  сөздік-логикалық, көрнекі-

әрекеттік ойлау.  

Балалардың  оқуға  жеке-тұлғалық  дайындығы  да  маңызды,  ол  яғни  танымдық  және 

интеллектуалдық баланың оқуға немесе жетістіктерге жету ықыласына байланысты болады. 

Бұл дайындық компоненті баланың жаңа әлеуметтік позициясына қабылдауына дайындығы, 

әрі  оқушының  атқаратын  міндеттері  мен  құқықтарын  иемдену  жағдайлары  басты  болып 

табылады.  Жеке  тұлғалық  дайындық  баланың  мектепке,  оқу  әрекетіне,  ұстаздарға,  өзіне 

қатынасын көрсетеді. 

  Әлеуметтік психологиялық дайындықтың ерекшелілігі, балалардың басқа балалармен, 

мұғалімдермен  қарым-қатынасын,  соның  ішінде  баланың  коммуникативтік  ерекше  мінезін 

көрсетеді. Мысалы, ықыластылығы, қайырымдылығы, мінезінің жұмсақтылығы, көпшілділігі, 

осылармен  қатар  жеке  баланың  жігерінің  ерекшелігі:  бір  беткейлілігі,  табандылылығы, 



645 

 

қайраттылығы,  және  т.б.  қасиеттері  оқудағы  жетістікке  жетуінде  едәуір  белгілі  бір  орын 



алады. Мысалы, бала мектепке, өз сыныбына келгенде барлығы бір жұмыспен айналысады, 

осы кезде ол басқа балалармен тіл табыса алуы, басқаларға жол беруі және қорғауы өте қажет. 

Сондықтан  бұл  дайындық  ерекшелегі  баланың  қарым-қатынасының  дамуына,  оның 

бастауында ерекше рөл атқарады.  

Аталған  мәселені  қарастыру  барысында  зерттеу  жүргізілді.  Эксперименттік  зерттеуде 

«Фонематикалық есту» тесті, «Мен мектепке барамын» әдістемесі, «Сөздік қорды анықтау» 

тесті қолданылды. 

5-6  жастағы  баланың  мектепке  даярлық  деңгейі  бір  немесе  бірнеше  күрделі  тестер 

жиынтығынан  тұратын  кешен  көмегі  арқылы  анықталады.  Қарапайым  тестерге 

фонематикалық  есту  тесті,  мағынасыз  буындарды  көшіру  және  сөздік  тестерді  жатқызуға 

болады.  Күрделі  тестерге  қысқа  мерзімді  есте  сақтауды  анықтау  және  ойлау  қабілетін 

бағалауға  арналған  тестерді  жатқызамыз.  Сынақ  жұмысы  15-20  минут  аралығында 

жүргізіледі. 

Сыналушыларға  «Фонематикалық  есту»  тестін  жүргізілді.  Балаға  келесі  ұсыныс 

жасалды:  «Екеуіміз  бір  сөз  ойланайық,  мысалы,  «терезе».  Мен  ол  сөзді  бірнеше  рет 

қайталаймын, содан кейін оны басқа сөзбен алмастырамын, мысалы, «орындық». Басқа сөзді 

ести  салысымен,  мынадай  белгі  жаса  (көрсетеді).  Осылайша  маған  менің  қателігімді 

көрсетесің. Содан кейін, менің қате айтқан сөзімді атайсың. Егер тек екеуіміз таңдаған сөзді 

ғана қайталасам, соңында сен  «Барлығы дұрыс» дейсің. Түсінікті ме?» Қанағаттанарлықтай 

жауаптан  кейін  тікелей  сынаққа  көшуге  болады.  Сынақ  төрт  тапсырмадан  тұрады.  Бірінші 

тапсырма  танысу-жаттығу  түрінде  беріледі  (оның  нәтижелері  тест  орындалуын  бағалау 

барысында ескерілмейді). Қалған үш тапсырма нәтижелері есепке алынады.  

 

 

Алынған ұпайлар саны 



Фонематикалық естудің даму деңгейі 

 

0-4 



Төмен 

 

5-8 



Орташа 

 

9-12 



Жоғары 

 

Кесте 1. Фонематикалық естудің даму деңгейінің өлшемі 



Баланың  мектепке  психологиялық  даярлығы  құрамындағы  интеллектуалдық  бағытты 

сөздік қорын анықтау  арқылы («Сөздік қорды анықтау тесті») тексеруге болады. Тексеруге 

бағытталған басқа да тестер сияқты, берілген тест таңдау принципі бойынша құрылған: белгілі 

бір  сөздер  жиынтығы  таңдалып  алынады  және  олардың  қайсысы  балаға  белгілі  екені 

анықталады. Алынған нәтижелер негінде баланың жалпы сөздік қоры туралы айтуға болады. 

Тексерушілер құзырына  қалыпты өзара байланысқан бес сөздік қатар берілген. Сондықтан да 

болашақ  бірінші  сынып  оқушыларын  зерттеу  үшін  тексерушілер  бұл  қатарларды  кезекпен 

колданылуларына болады: бір балаға бір қатар, екіншісіне келесі қатар беріледі және т.с.с. 

 

Сөздік қордың даму деңгейін анықтау өлшемі 



                     (алынған ұпайлар санына сәйкес) 

 

Төмен 



Орташа 

Жоғары 


 

11 


12-14 

15 


 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау