Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет317/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   363

648 

 

туады. 



Ұлы педагог А. С. Макаренко:  «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата  – ана 

жоқ.  Бірақ  қалай, қай бағытта  өнеге  беріп,  өсіріп  келе  жатқанын  ойламастан,  бала  санасын 

рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? 

Мұндай  жолмен  келген  адал  баланың  санасы  жетілгенде  өздігінен  жойылады»деген. 

Отбасы  –  барлығының  басы,  жан  –  жақты  дамуының  негізі  болатын  тәрбие  институты. 

Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым – қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, 

дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. 

Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. 

Ата–аналар бала бақытының шынай бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім 

–  бір  құрал.  Білімі  көп  адам  құралы  сай  ұста  сықылды,  не  жасаса  да  келістіріп  жасайды»,- 

дегенА.Байтұрсынов.  

Бүгінгі  таңда  болып  жатқан  өміріміздегі  өзгерістерге  байланысты  ұстаздар  мен  ата  – 

аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде 

отбасының  басым  рөлін  мойындай  отырып,  бірлесе  жұмыс  жасау  керек.  Әрбір  педагог 

тәрбиеші    ата  –  аналармен  қарым  –  қатынас  жасауда  түрлі  тәсілдерді,  қазіргі  жаңа 

технологияларды  пайдалана  отырып,  ата  –  ананың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында 

жұмыс  жасаса,  ата  –  ананың  балабақшаға,  тәрбиешіге  деген  көзқарасы  өзгерер  еді.  Баланы 

тәрбиелеуде    отбасымен  балабақша  ынтымақтастықта    атқарған    қызмет  түрлері    баланың 

атқаратын  жұмысын  ұқыпты  да  тындырымды  орындауына  бағыт  беретін  орта  деп  айтуға 

болады.     

Отбасы тәрбиесі  кешенді педагоикалық мақсатпен ұштасу арқылы  іске асады.  Оның 

қуат  алатын  қайнар  бастауы  отбасы  мен  мектепке  дейінгі  білім  ұйымы. 

Отбасында  басталған  тәрбиенің  жалғасы    мектепке  дейінгі    мекеме  тәрбиешілерінің  еңбегі 

арқылы  ұштасып  жатады    яғни  балабақшадағы  тәрбие  мен  отбасындағы  тәрбие  бір  –  бірін  

толықтырады. Мұндағы тәрбиешіге жүктелген ең басты міндет- бала бойына сіңіретін тәлімді 

тәрбие  түрлерін  оқу  іс-әрекеті  бойынша  мазмұнды  өткізу  болып  табылады.  Тәрбиені 

ұйымдастырудың  ең  қолайлысы  мақсаты  мен  мазмұны  бай  әдіс  екендігі  іс-тәжіребиеде 

ақталған.  Баланың  сәби  кезіндегі  аса  жауапты  тіршілік  әрекеттері,  отырып-тұрудан  бастап,  

тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып білу 

балабақшадағы тәрбиеден.  Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл 

– қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі – ең жоғарғы тілек, ең 

биік мақсат.     

Балабақшада  ата–аналармен  жұмысты  ынтымақтастықта  ұйымдастырудың  негізгі 

мақсаты: 

• 

ата– 


ананың 

өмірге 


деген 

көзқарасын 

өзгерту; 

• баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту; 

• ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу.  

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты 

өзгерістердің  ізімен  асығу  қажеттігі  пайда  болып  отыр.  Педагогикалық  іркіліс,  кешеуілдеу 

адамдардың  даму  дағдарысына  алып  келеді,  ғылыми  -  техникалық  прогрестің  табандауына 

соқтырады.  Сондықтан  да  педагогика  қалаған  дерек  көздерінен  жаңа  білімдерді  теріп, 

жинақтап отыруы қажет. 

Осы  уақытқа  дейін  тәрбиелік  қызмет  мұншама  қиын,  күрделі  және  жауапкерлі  болып 

көрген  емес.  Бұрын  дүние  басқаша  кейіпте  болды.  Онда  бүгінгі  балалар  тәрбиесіндегі 

қиындықтардың  кейбір  түрлері  тіпті  болмаған.  Отбасында,  мектепке  дейінгі  балалар 

мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, 

бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді. Бұл ретте балабақшаларының атқаратын ролі жоғары. 

Балабақша  —  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелейтін  мекеме.  Мектепке  дейінгі 

балалық  шақ  -  жеке  тұлғаның  дамып,  қалыптасуындағы  ерекше  кезең.  Бұл  кезеңде  бала 

айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша тәрбиешісіне, т.б. 




649 

 

Осы  жаста  дұрыс  көрсетілмеген  күтім,  берілмеген  тәрбие  келешекте  үлкен  проблемаларға 



соқтырады. 

Әрбір  ата-ана  өз  баласы  үшін-басты  тұлға.  Сондықтанда  да  кез-келген  бала  алдымен 

үлгіні  ата-анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір  алады.  Ата-ана  баласымен 

пікірлесуде  бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен  жеке  басын  қорламай,  мейірімді, 

табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы 

сөз жан семіртеді. 

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі: 

отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша 

мен  мектеп  алмастыра  алмайды  деген  пікірлер  жиі  айтылып  жүр.  Қосылуға  болады. 

Бақшамызда  баланы  еңбексүйгіштікке  баулуда  ата-аналармен  бірлестікте  біраз  шаруалар 

атқарылдуда.  Баланы  өзіне  өзі  қызмет  етуге  үйрету,  үй  шаруашылығында  еңбекке  баулу 

сияқты шаралар екі жақты ынтымақтастықта жүргізіледі.  

Педагогика  саласында  ойын  арқылы  балаларды  еңбекке  дағдыландыруды  алғаш  рет 

мәселе етіп көтерген Н.К. Крупская. Сондай-ақ ол өзінің педагогикалық шығармаларында ата-

ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі 

жайлы  да  атап  көрсеткен.  Себебі  баланы  қалай  тәрбиелеу  керектігін  білмейтін  ата-аналар 

кездеседі ғой. 

Біздің  балабақшада  ата  –  аналармен  бірлесе  отырып,  баланың  тұлғасын    дамытуға 

біріңғай  білім    білім  мен  тәрие  беру  кеңістігі  қалыптастырылған.  Отбасымен  бірігіп  

балалардың  өмірін  қорғау,  денсаулығын  сақтау  үшін  қолайлы  жағдай  жасалған.  Баланың 

тұлғалық    қасиетінің  дамуы  үшін    отбасында  эмоционалды  жағдай  туғызу,  психологиялық 

жағынан  кедергісіз  жетілуін  қамтамассыз  ету  үшін  ата  –  анаға  көмектесу.  Отбасының 

тәрбиесін, әдептерін, дәстүрін сақтауын ескере отырып, балалардың әлеуметтік ортаға қарым 

– қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал ету және т.б. 

 Атқарылатын істер жүйелі жүру үшін алдымен ата-аналар арасында сауалнама тағыда 

басқа көптеген жұмыстар  жүргізіліп, мекемеміздің даму деңгейі, отбасымен жұмыс мазмұны 

анықталады.  Әрі  қарай  білімдік  қызмет  көрсетуде  ата-аналардың  қажеттілігін  зерттеу,  ата-

ананың  педагогикалық  және  құқықтық  мәдениетін  көтеру  мақсатында  ағарту  шаралары 

жалғасын табуда. 

 

 1.Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының жұмыс жүйесі. 

Ата – аналармен жұмыс принципі  

Отбасын зерттеу әдісі   

Мақсат 


қою, 

жүйелілік, 

жоспарлық,әрбір 

отбасының 

көп 

аспектілі  ерекшелігін  ескере  отырып, 



ата-аналармен жұмыстың түрін жасау. 

Ата-аналардың 

жас 

ерекшелігіне 



байланысты  жұмыс  жүргізу.  Ата-

аналарды балабақша жұмысына тарту.  

«Бірге өсеміз!» жас  ата – ана мектебін 

құру  


Сауалнама  жүргізу.  Баланыңіс-

әрекетін 

бақылау. 

Баланың 


отбасымен  қарым-қатынасы.  Баламен 

әңгімелесу. 

Ата-аналармен 

әңгімелесу, 

іскерлік 

ойындар, 

бақылау, 

ашық 


есік 

күндерін 

ұйымдастыру. 

Сондай – ақ  бүгінгі күні  ата –аналарды ынталандыру мақсатында  балабақшаның  оқу 

тәрбие  үрдісіне  белсене  қатысқандары  үшін    марапаттау  әдісі  қолданылады.  Әрбір 

ұйымдастырылған    дәстүрлі  мерекелердің  қарсаңында  белсенді  ата  –  аналарымыз 

марапатталып, оларға алғыс жарияланады.  

Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп 

тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал 

осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін,  алдындағы  қандай  болмасын  қиындықтарын  жеңу,  соған 

сәби  кезінен  төмендегі  мынадай  көзқарастарды  негізгі  ұстаныным  ретінде  қабылдауды 

ұсынады.  

Көзқарастар мыналар: 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау