Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет140/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   363

287 

 

технологияларды  қолдану  ауқымы,  түрлері  сай    өзгеріп  отырады.  Бірақ,  ең  басты 



технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек екенін ұстаз ешқашан ұмытпауы тиіс. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991. 

2.   В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы,1976. 

3.  К. Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1983 

4.  Балабақша меңгерушісі және әдіскері №1, 2013 ж. 

5.  Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы №2, 2014 ж. 

 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ 

 

 



Қарағанды қаласы №42 «Тілек» бала-бақшасы 

Тәрбиеші: Иманкулова Бекзат Хасеновна 

 

 

                                                             «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның  



                                                           шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз  

                                                                         ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». 

В.А. Сухомлинский 

Халық  ауыз  әдебиеті  халқымыздың  ауызекі  тарап  отыратын  мол  мұрасы.Халық  ауыз 

әдебиеті  талай-талай  ғасырлардың  жемісі.  Халық  даналығымен  туған  мақал-мәтелдер  , 

ертегілер  ,өлеңдер,жұмбақ-жаңылтпаштар,тұрмыс-салт  жырлары  адамның  қандай  болу 

керектігі,жалпы кейбір ертегілері кісіге қамқор болу көмектесуге даяр тұру,үлкенді сыйлауға, 

шыншылдық,әділдік,еңбекті сүю,табандылық,кішіпейіл болуға тәрбиелейді. 

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын 

молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, 

одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру 

ісіне ерекше мән берілген.  

Балалардың белсенді сөздерінің алғашқысы «ана», «әке», (сәлем), (сау бол), «әй-әй-әй» 

болып  келеді.  Көптеген  балалар  бұл  сөздерді  14  айлығына  қарай  айта  бастайды.  Сөзді 

түсінудің дамуы мен оны айта білуі бір мезгілде жүреді., бірақ кейде түсінудің дамуы белсенді 

сөйлеуден біршама алда дамиды. Мысалы, анасы 14 айлық балаға: «Ас үйден барып, нан  алып 

кел» десе, сәби нанды алып келеді, бірақ өзі мұндай ұзақ сөйлемді де, «нан алып кел» деген 

сөз  тіркесін  де  айта  алмайды.  Адамның  бүкіл  өмір  жолында  оның  пассивтік  сөздік  қоры 

белсендіге қарағанда көлемі жағынан үлкен болып келеді, себебі біз өз қолданысымыздағыдан 

да  көп  сөз  білеміз.Тек  өкінішке  орай  өзіміз  білетін  сөздік  қорымыздағы  сөздерді  сөйлеу 

барысында қолдана бермейміз. Сондықтан оны естіп өспеген баланың да сөздік қоры ның аясы 

тарыла береді. 

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың 

негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. 

  Біз  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы  заттармен 

таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, 

өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, 

белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. 

  Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 

-балалардың сөздік қорларын дамыту; 

-жаңа сөздерді меңгерту; 



288 

 

-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. 



Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып 

отыруы тиіс. 

Тіл  дамытуда  бала  ауызекі  сөйлеуді  пайдалана  бастайды,  сөздің  мағынасын  түсініп, 

грамматика ережелерін, көптеген мәдениеттерді меңгереді, уақыт өте келе оқуға және жазуға 

үйренеді.  

Пассивті  сөйлеу  –  бұл  айтылған  немесе  жазылған  сөздер  мен  сөйлемдерді  түсіну.  Ал 

белсенді  сөйлеу  термині  тұлғаның  жазған  сөзі  мен  сөйлемін  айту,  яғни  ауызша  немесе 

жазбаша сөйлеуді білдіреді.  

Балалардың  сөздік  қорын  молайтуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны  ерекше. 

Соның  ішінде  ойын-  баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  дегеніміз  не?  Ойын  —  қоғамдық 

тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды 

жетілдіреді.  Адам  тәжірибесіндегі  кең  тараған  дамыту  ойынының  қызметі:  ойынға  тарту, 

рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. 

Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап 

алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына 

ықпалын  тигізіп,  таным,  ойлау    белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Қай  бала  болмасын 

ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш 

нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, 

бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі 

ойын үстінде қалыптасады. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. 

Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана 

олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. 

Халық  даналығында  «Ойнай  білмеген,  ойлай  да  білмейді»,  «Ойында  озган,  өмірде  де 

озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген 

құлқы,  қарым-  қатынасы,  мінез-  құлық  көріністері  олар  өсіп-  есейгенде  де  жалғасы  береді. 

Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен  

кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.  

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға 

бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- 

қатынастағы  пайымдаулары  өзіндік  таным-  түсінік,  мінез-  құлық  әдептерін  бекітуіне  әсер 

етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар 

алады, дүние сырын ашады. 

  Мектепке  дейінгі  тәрбиеленушілерде  педагогикалық  процестер  барысында  баланың 

көңіл-күйін  анықтап,  психологиялық  мотивтерді  туындатып,  жағымды  мінез-  құлық 

дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және 

достарымен  қарым-  қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеп,  өз  пікірлерін  айтып  жеткізе  білуге 

көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте 

қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. 

  Психологиялық  ойын-  жаттығулар  баланың  жан  дүниесінің,  рухани  жай-күйінің 

үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін 

қолданылады.  

Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің  жеке 

құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, 

қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, 

мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн 

бастар  қайнар  көзі  болатыны  белгілі.  Сондықтан  да  ойын  бала  бойындағы  қандай  да  бір 

өнердің бастауы деп білеміз. 

Халық  ауыз  әдебиетінің  бір  саласы-  ойын  өлеңдері.Тілі  шығып,сөйлей 

бастағаннан,кәмелетке  толып,  есейген  шағына  дейін  баланың  жасына  лайықты  сан-  түрлі 

ойын ойналған жане олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен бірге жасап,толықтырылып 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау